Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Жылма-жыл ақпан айының ортасында біз Ауған соғысында қаза тапқан жауынгерлерді еске алып, олардың рухтарының алдында бас иеміз. Өйткені, бұл соғыста 18-19 жасар өрімдей жас жігіттер жазықсыздан -жазықсыз құрбан болды. Бейбіт өмірде Отан алдындағы борышын өтеп жүрген жігіттер Ауған соғысына аттанды. Олар соғыстың мән-жайын ұғар-ұқпастан кете барды. Биыл талайдың тағдырын тәлкекке салған Ауған соғысының аяқталғанына 26 жыл толып отыр. Мұнда қаншама жас қыршынан қиылып, қаншасы мүгедек болып оралды. Олардың бір ғана міндеті - бала жастан санамызға сіңірілген патриоттық тәрбие, Отан алдындағы борышын өтеу, қабылдаған антына берік болу еді.

Осыған орай Самар қарттар мен мүгедектерге арналған медициналық әлеуметтік мекемесінде «Ауғанстан- жүректегі жара» атты патриоттық кеш өтті. Бұл кеште ауған соғысына қатысқан жауынгерлерді еске алып минуттық үнсіздік жарияланып,ескерткіштеріне гүл шоқтары қойылды. Мереке барысы ауған соғысы туралы слайдтармен көркемделіп бейне клиптармен ұштасты. «Атамекен» тобының және Д.Самаринаның орындауында  «Будь ты проклята война»,«Победа», «Заман-ай», «Брат мой десантник», «Любовь –это жизнь» әндері тыңдалды. Мерекенің соңында Самар қарттар үйінің тұрғындары ауған соғысының ескерткішіне тағзым етіп гүл шоқтарын қойып көздеріне жас алды .

Ауған соғысы - жүректе жазылмайтын, тарихта ерекше орын алатын беттер.

Әр халықтың, әр адамның қасиетті борышы. Отаны үшін жанын пида қылған азаматтарын мәңгі есте сақтап, құрметтеу, жас ұрпаққа отансүйгіштіктің үлгісі ретінде насихаттау екенін ешқашан ұмытпайық.

 Ә.Құдагелдинова, әлеуметтік жұмыс бойынша маман

Халықтың тәуелсіздігінің ең басты белгісі – оның ана тілі, ұлттық мәдениеті жоқ ел ешқашан да егеменді ел бола алмайды, болуы мүмкін емес.

Қазақ тілінің тағдыры үшін күрес соңғы жүз жылда бірде-бір толас тапқан жоқ. Ұлы Абайдың заманын айтпағанда, Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсыновтар бастаған алып топ тіл мәселесіне ерекше мән беріп, оның шексіз байлығын, суреткерлік қуатын, бейнелігі мен саздылығын көркемдік сапаға жеткізді.

Бүгінгі таңда мемлекеттік тілді білу – мемлекеттік қызметкерлердің ең басты біліктілік талабына айнала бастады. Қазір мұндай талап қойылатын лауазымдар саны күн өткен сайын артып келеді.

Біз өзі намысшыл халықпыз. Біреу итің жаман десе де намыс-танып қаламыз. Тіл білетін қазақ – намысшыл. Тіл білмейтін қазақ одан да намысшыл. Оларды тіл білмедің деп шетке итермеу керек. Қайта бауырға тарту керек. Бізге көп тіл білгеннің артықтығы жоқ. Домбыраны шерткендей, біздің мықты мамандарымызды да мемлекет ісіне шертіп-шертіп таңдап аларда олардың бірнеше тілді еркін меңгергеніне артықшылық беріліп тұрылуы тиіс. Қазақстан – көп ұлтты мемлекет болғандықтан тіл мәселесі аса күрделі мәселе болып отыр. Тіл мәселесінің өте нәзік екендігі, оның зорлықпен емес тек қана шынайы ынталылықпен ғана ыңғайланатын шаруа екендігі белгілі.

«Тіл туралы» Заңның 4-бабында: «Қазақстан халқын топтастырудың аса маңызды факторы болып табылатын мемлекеттік тілді меңгеру – Қазақстан Республикасының әрбір азаматының парызы» деп жазылған. Үкімет, өзге де мемлекеттік, жергілікті, өкілді және атқарушы органдар Қазақстан Республикасының барша азаматтарының мемлекеттік тілді еркін және тегін меңгеруіне қажетті барлық ұйымдастырушылық, материалдық-техникалық жағдайларды жасауға міндетті», - делінген.

Яғни, қазақ халқы болашақта өз ана тілін сақтап, дамыта алмаса, күндердің күнінде өз алдына жеке мемлекет болып өмір сүруін тоқтатады.

Қазақстан тәуелсіз ел болып қалсын десек, онда ең алдымен қазақ халқының ұлттық мәдениетін, ұлттық салт – дәстүрін, ана тілін дамытуға күш салғанымыз жөн.

Аудандық сотта мемлекеттік тілде кіріс құжаттар саны орыс тіліне қарағанда анағұрлым артып келеді. Сондай-ақ, соттан шығатын мекемелерге қатынас хаттар, жолдама хаттар барлығы 100 пайыз мемлекеттік тілде жолданады. Жыл сайын мемлекеттік тілді дамыту іс шаралар жоспары құрылып, ол бойынша жұмыстар атқарылады.

Жоспардың бір бөлігіне байланысты сотымызда сот жүйесі мамандары арасында мемлекеттік тілге байланысты түрлі байқаулар ұйымдастырылып тұрады. Байқау нәтижесі бойынша анықталған жеңімпаз, арнайы алғыс хатпен марапатталады.

Қорыта келгенде, мемлекеттік тілді ғылым мен техниканың түрлі саласына енгізіп, сапасын арттыру - уақыт талабы. Ал, уақыт талабын орындау – баршамыздың абыройлы парызымыз.

Л.Құнанбаева, Көкпекті ауданының № 2 аудандық сотының кеңсе меңгерушісі

Біз, қазіргі ұрпақ, Ұлы Отан соғысы жеңісіне үлес қосқан ардагерлерді ұлықтап, мақтан етуге міндеттіміз. Мен де ел азаттығы жолында Менің атам Аусарбаев Қабдікәрім 1922 жылы Тарбағатай ауданы, Жетіарал ауылында дүниеге келген. 1942 жылы Көкшетауда жасақталған 609-шы атқыштар полкінде екі-үш ай жаттығудан өткен атамыз, 1943 жылы Воронеж, Дон майданына қатысып, жау шебін бұзуға аттанды. Курск ішінде соғысып, Днепрге келіп жеткен. 1943 жылы Днепрден өтіп, Киев қаласын жау қолынан азат етуге белсенді қатысқан. Осы жолғы Отанының бостандығы үшін жан алып, жан беріскен алапат қырғында көрсеткен батылдығы үшін «Ерлігі үшін» медалін кеудесіне таққан. 1944 жылы наурыз айында ІІ-Беларусь майданындағы 139-дивизияның құрамында Польша астанасы Варшаваны азат етуге қатысып, екінші рет «Ерлігі үшін» медалімен, Шығыс Германияның портты қаласы Восток үшін шайқаста тағы үшінші рет«Ерлігі үшін» медалімен, Киевті азат етуге қатысқан ерлігі үшін ІІІ-дәрежелі Богдан Хмельницкий орденімен марапатталған.

1942 жылы соғысқа аттанған Қабдыкәрім ата 1945 жылдың қазанында аман-есен, жеңіспен туған елге оралып, 1982 жылға дейін бейбіт өмірдегі еңбек майданына қосқан өлшеусіз еңбегі үшін «Еңбек Қызыл ту», «Құрмет белгісі» ордендерін төсіне таққан.

Айта берсек, ата-бабалардың соғыстағы, еңбектегі ерен істері бүгінгі ұрпаққа үлгі. Оларды шағын мақаланың аясына сыйғызу мүмкін емес. Мен де басқалар сияқты, өз туған атаммен мақтана аламын. Өйткені,  бүгінгі бейбіт, бақытты өміріміз - аға ұрпақтың бізге ұсынған баға жетпес тартуы. Жеңісті жақындатуға үлестерін қосып, тарихқа естен кетпес есімдерін қалдырғандар болса, солардың қатарында менің атам Аусарбаев Кабдікәрім есімінің бар екені мен үшін үлкен мақтаныш!

Сондықтан, бүгінгі әр ұрпақ ата-баба рухына адал болып, аманатын ақтаса болғаны.

Клара Қайыпжанқызы

 

Поэзия әлемініңкөгіндеқалықтаған, қазақхалқыныңмұңынмұңдап, оныңішіндеқазаққыздарыныңсырласыболған поэзия падишасыФаризаеді... Қазақәдебиетінеөлшеусізүлесқосыпкелгенақын, қазақЕлініңмаңдайынабіткенжұлдыздыңсөнгеніне де біржылтолды.

Шынөнержайшылықтаемес, жандүниеніңқайшылығындатуады. Ал дарын - Алланыңайрықшамейір-шапағатытүскенпендесінесыйлағанқиял-ғажайыпнұры. Атакүші, Анасүті, киелітопырақтыңжебеуі, өмірсүргенортасыныңдемеуі, тірліктіңтоқсантарауиірімі, жаныңажайлыадамдардыңмейірімісолнұриесінқайталанбастұлғақыпқалыптастырады. Біздіңқазақелікиелі, ұлытұлғаларғакендеемес. Солардыңбірі - жүректердіжанжылуыменерітіп, поэзия әлемініңбиікшыңдарынөзеркінебағындырып, қиялғақанатсермегенАтыраудың ару ақыны, Қазақ ССР ЖоғарғыКеңесініңҚұрметграмоталары мен «Құрметбелгісі», «Парасат» ордендерініңиегеріатанған, Мәдениағартуісінееңбегінсіңіребілген, ҚазақстанПарламентіМәжілісінің депутаты болғанхалықжазушысыФаризаОңғарсынованыңрухынатағзыметубаршамызғапарыз.

Фаризаөлеңдеріоқырмандардыңжаназығынаайналғанқымбатдүние. Ол - мұғалімүшінтәрбиеқұралы. Көркемсөзмайданындаақынға, жазушығатәнерлік, батылдық, адалдық, ұлтжандылық, намысқойлықсияқтыадамгершілік, азаматтыққасиеттердіңасқарбиігіненкөрінгенақын. Фаризажырларыкейінгіұрпақты ар-намысқа, ерлікке, нәзіктікке, ананы, әкені, туғанжер, адамзаттысүюгебастапапаратынақжоліспетті.

Ақынныңберіліп, шабытпенкеңжырлағантақырыбы – махаббат, сүйіспеншілік. Ақынжырларыалғашқысезімді, құмартуды, адамныңбасындағыкейбірсәтсізсезімдер, біреуісүйіп, екіншісісүймеген, біреуіадалекіншісіопасызсияқтықұлап - жығылусәттерінбейнелейді. Алғашқымахаббаттыңалауынаөртенгенжастардыңсезіміне, әсіресеқызбаланыңалғашқысезімінеақынныңмахаббатлирикасы шипа, жанынадауаболарыанық. Ақынсезімжайлымынаөлеңінде:

Табынғанбоп, сүйгенбопкөндігер ем,

Көнеремесжүрегімсорлы денем.

Сыйлағаннанмахаббаттумайдыекен,

Сиреккелерсезімғойолбіререн,- депжырласа,

Қыздарданерлікқалғанба,

Құлайсүйсе де шектелген:

Сен алғашсүйіпалғанда

Ашуланғанбопкеткем мен.

Тыңдаушыныңсезімінбаурап, аққуарманныңүніндей, сағыныштыңсазындайестілетінмахаббатжайлыәсем де әсерліөлеңдер, сезімайдынындағығашықтардыңназдысырынаайналды. ФаризаОңғарсыноваәйелтақырыбыншығармаларынанегізеткенақындардыңбірі. Оның «Дыбыстарәлемі» дастанықазақтың композитор қызыҒазизаЖұбановаға, күйші Дина Нүрпейісоваға, «Бибігүл - ән» жырыБибігүлТөлегеноваға, «Назқоңыр» РозаБағлановаға, «Жыранасы» Мариям Хакімжановаға, «Тыңдаңдар, тіріадамдар!» топтамаөлеңдеріӘлия мен Мәншүккеарналған.

Фариза - биіксезімніңақыны. Оныңкөңіл-күйырқына тез берілетіні, жаны тез жараланатыны да осыданболсакерек.

Фаризаапамыздыңөлеңдеріәртыңдаушыныңжүрегінетерең ой салыпшабыттандырады. Қаншамажандықараөлеңменжұбатып, халықтыңсүйіспеншілігінебөленіпжүргенсондайқайталанбастұлға, поэзия падишасыақынФаризаОңғарсыноваадалдық, намысқойлық, жаны да, ары да таза, ерлергелайықбиіктердеғанакөрінгенақын.

Қазақтаақынкөпдепжатамыз. Алайда, олардыңбарлығының да өзорны бар. Әрақынныңбағыты да, шабыты да бөлек. Солақындардыңарасында да басқаларданозашауыпкелетінжүйріктерболады. Сондайқазақәдебиетініңмайталманы, елгесыйлытұлға, қазақтыңаяулыақыныФаризаапамыздыңөлеңдеріжылағандыжұбатып, қайраттығажігерберетіндейөткір.

КішкентайымнанФаризаОңғарсынованыңөлеңдерінтебіренеоқып, кітаптарынжинапжүретінменің де әдетімболатын. Осындайкөпкеүлгітұлғаныңмынадүниеден кете барғаныжүрегімізгесызаттүсіргеніанық. Фаризаақынныңадамжанынбірденбаурапалатыннәзіксырлы, жүрекелжіретерөлеңдерікеудеңдікүйсандықсазындайкүйгетолтырып, ой-санаңдыдауылдайсапыратынсипатыменерекшеленеді. Оныңоттыөлеңдерібаршақазақтыңжырынжырлап, мұңынмұңдауғаарналғандесем, әрине, қателеспеймін. Осы орайдаНұрсұлтанӘбішұлыныңмынасөзіойымаоралады: «Фаризаапамызпоэзияғақанатқағыпалғашқосылғанкезденбастап, бүгінгіқазақпоэзиясыныңпадишасынаайналып, бүкілөміріншығармашылыққаарнады», - дейдіЕлбасы.

Кітаппендостығыалыстау, бірақ, әлеуметтікжелілермендостығыжарасып, ғаламторбеттерінақтаруданқолдарыбосамайтәй - тәйбасыпкележатқанжаңабуынөкілдеріФаризаныңпоэзиясыментаныс бола жүрсенұрүстіненұрболареді.

Мұқағалимұңыншаққанұлытұлғаныңқазасыжүрегі поэзия депсоққанәрқазақтыңжанынабатқанысөзсіз.

Жауһаржырларынартынақалдырып кете барғансаңлақақынныңрухынамыңтағзым!

Жанерке АБЫЛХАН

Аса қамқор, ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын!

Құрметті бауырлар, ардақты ағайын!

Күллі мұсылман қауымы адамзаттың абзалы болған, екі дүниенің сардары пайғамбарымыз Мұхаммедтің (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) туған айы – Мәуліт мерекесін мешіт-медреселерімізде, рухани басқосуларда атап өтуде.

Мәуліт арабша «туылу», «туылған уақыты» деген мағыналарды білдіреді. Пайғамбарымыздың ардақтысы Мұхаммедтің (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) туған уақытына байланысты тойланатын мейрам – Мәуліт мерекесі деп аталады. Қазіргі таңда Мәуліт көптеген мұсылман елдерінде атап өтіледі. Бұл – дінімізді насихаттаудың, жас ұрпақты имандылыққа, жақсы мінез-құлыққа шақырудың, пайғамбардың теңдесіз тұлғасын паш етудің орайлы бір сәті.

Әлемдердің Раббысы қасиетті Құранда Пайғамбарымызды (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын): «Шын мәнінде сен әлбетте ұлы мінезге иесің» (Қалам сүресі, 4-аят), - деп сипаттаса, тағы бір аятта барша адамзатты Алла Елшісінен (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) өнеге алуға шақырады:

«Расында сендер үшін, Алланың да ақырет күнін де үміт еткендер және Алланы көп еске алған кісілер үшін Алланың Елшісінде көркем өнерлер бар» (Ахзаб сүресі, 21-аят)

Бүкіл ғаламға мейірім ретінде жіберілген Елшінің есімін ардақтау, сүннетіне амал ету һәм оған салауат айту – сауапты іс. «Салауат» сөзі – истиғфар, кешірім сұрау, дұға, береке, намаз секілді мағыналарды қамтиды.

Пайғамбарымыз (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) өз үмбетіне: «Кімде-кім таңғы және кешкі уақыттарда маған арнап он рет салауат айтып, сәлем жолдаса, қиямет күні менің шапағатыма бөленеді», - деп өсиет қалдырған.

Шарапаты мол Мәуліт мерекесі біздің халқымызға да құтты болсын. осынау айтулы мейрамда пайғамбар өсиеттерін тереңірек түсінуді нәсіп етсін. Бұл мерекеде Алла Тағаладан адамдар арасындағы рақым-мейірімнің, имандылықтың бауырмалдықтың, қайырымдылықтың арта түсуін тілейміз. Мәуліт мерекесінде айтылған салауатымыз бен құлшылық, дұға-тілектеріміз қабыл болғай!

Мәуліт мүбәрак болсын, мұсылман бауырлар!

Жаратушы Иеміз елімізге, жерімізге берекетін жаудырып, халқымыздың ауызбіршілігі мен ынтымағын арттырып, жақсылығын нәсіп еткей! Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік, еліміздің егемендігі баянды болғай! Әмин!

Ержан Малғажыұлы, Қазақстан мұсылмандары

діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Сәуір 2024 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 25 26 27 28
29 30          

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз