Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

 

 

 

Толағай төріне татами төселіп, таэквон-до шеберлері облыс чемпионатының жүлделерін сарапқа салды. Дәстүрге айналып үлгерген жарысқа аймақтың 9 құрамасы қатысты. Семей, Өскемен, Курчатов қалалары мен Абай, Бесқарағай аудандарынан келген спортшылар Шығыс Қазақстан облысының чемпионы атану үшін 40 медаль кешенін сарапқа салды.

Таэквон-до ITF бойынша өткен жарыстың бас төрешісі – Шығыс Қазақстан облыстық таэквон-до ITF федерациясының президенті Махаббат Советхан. Қызықты да тартысты өткен доданың қорытындысы бойынша Бақыт Рахимов жаттықтыратын көкпектілік таэквон-дошылар командалық есепте суырылып алға шықты. Үздік құраманың сапындағы әрбір спортшыға оңай тимегені анық. Туған топырағында татамиге шығып, ата-анасы мен достарының алдында шеберлігін көрсету жауапкершілігі басым екені анық. Ол туралы білікті жаттықтырушы да өз пікірін білдірді.

- Бүгін менің шәкірттеріме оңай болған жоқ. Өз ауданында жарысқа қатысу жауапкершілік жүгін арттырады. Алайда, үмітіміз ақталды. Сенім артқан шәкірттерім жеңістің биік тұғырынан көрінді. Осындай спорттық шаралар арқылы өскелең ұрпақты патриоттық рухта тәрбиелеу мақсаты орындалды деп есептеймін. Алдымызда келе жатқан Ұлы Жеңіс мерекесіне орай, шәкірттерімізбен қол жеткізген барлық жетістіктерімізді қадірменді ардагерлерге арнаймыз! – дейді Бақыт Ғазизұлы.

Дархан БЕРДІБЕК

 

 

 

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Мамыр 2015 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
        1 2 3
4 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз