Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Қазақстан Республикасының Мем-лекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі және Агенттіктің Шығыс Қазақстан облысы бойынша Де-партаменті бұқаралық ақпарат құралдары арасында ең үздік журналистік жұмыстарға байқау жариялайды
«9 желтоқсан – Халықаралық жем-қорлыққа қарсы күрес күніне» орай, Қазақстан Республикасының Мем-лекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (бұдан әрі – Агенттік) және Агенттіктің Шығыс Қазақстан облысы бойынша Департаменті (бұдан әрі – Департамент) бұқаралық ақпарат құралдары арасында ең үздік журналистік жұмыстарға байқау жариялайды.

Толығырақ...

Асқар Қапанұлы Қажығалиев, «Серік» шаруа қожалығының басшысы, аудандық мәслихаттың депутаты:
- Қазақстан Республикасының Прези-денті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев еліміздің ауылшаруашылығы саласына айрықша мән береді. Экономиканың бұл саласын барынша дамыту үшін қаншама жеңілдіктер жасалды, мемлекеттік бағдарламалар жүзеге асырылуда. «100 нақты қадам – ұлт жоспары» Стратегиясында да ауылшаруашылығын дамытуға қатысты бірнеше қадамдар арналған. Соның ішінде жерді тиімді пайдалану мәселесін қамтитын 35-36-шы қадамдар біздер үшін өте маңызды.
«Жер абаттанса, ел ауқаттанады. Ауылдың амандығы — елдің амандығы», - деген Елбасының сөзінде терең мағына бар. Ауыл шаруашылығы мен қайта өңдеуші сала еңбеккерлері мерекесі күні еліміздің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етіп отырған қарапайым еңбек адамдарының алдында басымызды иіп, жүрекжарды алғысымызды айтамыз. Әріптестерімді төл мерекелерімен құттықтап, зор денсаулық тілеймін. Ауыл берекесі ортаймасын.
Самарқан Қалисатарұлы Жотабаев, «Қалисатаұлы» шаруа қожалығының басшысы, аудандық мәслихаттың депутаты:
- Ауа райының қолайсыздығына қара-мастан биыл да, ауданымыздың диқандары тұрғындарды нанмен қам-тамасыз етуге жетерлік өнім жинады. Аудандағы уақытша тұрақтандыру қорына жеткілікті мөлшерде картоп пен көкөніс салынды. Мал шаруашылығында да айтарлықтай жетістіктер бар. Бүгінгі күні ауданымыздың агроөнеркәсіп кешені ауыл шаруашылығын индустриалды-инновациялық жаңғырту, жаңа техникалар мен құрал-жабдықтарды, заманауи ресурс сақтаушы технологияларды қолдану негізінде дамып келеді. Осының бәрі өңірдің ауыл шаруашылығы, агроөнеркәсіп кешенінің аса зор әлеуетке ие екендігінің айғағы және бұл әрі қарайғы қарқынды дамуымыздың кепілі болмақ.

Толығырақ...

Волейбол ойындарында көзге түскен, мектебіміздің мақтанышына айналған Дүкембекова Дильназ бен Ахатова Диана аудан волейболшылар құрамасына кіріп, волейболдан күзгі облыстық чемпионатқа барып, жүлделі орынға ие болып қайтты.

Ахатова Диана 2000-2001 жылы туылғандар құрамасында ойнады. Олар 14 команда ішінен 4-ші орын алды Ал 2002-2003 жылдар арасында ойнаған Дүкембекова Дильназдың командасы жүлделі 1-ші орын алып, облыс чемпионы атанды. Қыздардың жеңісіне көп үлес қосқан жаттықтырушысы Смағулов Нығмет Жағыпарұлы. Нығмет ағаның айтуынша «кыздардың болашағы жарқын, олар алдына мақсат қоя білетін, еңбекқор балалар. Спортшыға сай шыдамдылық пен табандылықты ұштастыра білді», - дейді.
Біз Диана мен Дильназға үлкен жеңістерге жетіп, биіктерден көрінуіне тілектеспіз, және олармен бірге ойнап жүрген команда мүшелеріне де сондай жетістіктерге жететіндіктеріне сенеміз.

Жадыра Қазезова,  9 «а» сынып оқушысы

 

 

 

Біздің ауданның волейболшыларының атағы облыстан әрі асып кеткенін біз мақтан ете аламыз. Бірнеше жылдан бері Болат Исаев жаттықтырып келе жатқан қыздар командасының бірнеше тобы жыл сайын түрлі чемпионаттарда жүлделі орын алып келеді.
Күз айында өтетін Шығыс Қазақстанның чемпионатында 1998-99, 2000-2001, 2002-2004 жылдары туылған қыздар командалары өз бақтарын сынады. Бұл жарыс қазан айының 21-24 күндері аралығында өтті.


Өскемен қаласында өткен жарысқа 2002-2004 жылы туылған қыздардың Күршім, Глубокое, Аягөз, Катонқарағай, Шемонайха аудандары мен Өскемен қаласынан барлығы 7 команда қатысты. Өздерін мықты санайтын бұл командалардың барлығын да жеңіп шыққан біздің қыздарымыз бірінші орынға ие болды. Сафура Сембинова, Камила Дүсіпова, Айнұр Жусанбаева, Арина Полякова, Малика Советбаева, Дильназ Дүкімбекова, Айдана Жамсапова, Ажар Ринатоллева, Наргиз Ахметова жаттықтырушылары Б.Исаев пен С.Жадықпаевтың үмітін ақтап, биік тұғырдан көріне білді.
Жаңадан жарқырап келе жатқан шамшырақтардың алда әлі талай биіктерді бағындырып, алдыңғы буын спортшылардың айбынды жеңістерін сақтап қалатынына сенім мол.
Жыл сайын өтетін дүбірлі додаға ұлдар командалары да қатысты. Құрамында А.Қожахметов, Д.Кеңесов, А.Сахариев, Е.Мұхтаржанов, А.Уалхан, К.Қалымбеков, Д.Исатаев бар 2000-2001 жылы туылған ұлдар командасы өздерін тағы да епті екендіктерін көрсетті. Тарбағатай, Катонқарағай, Күршім, Шемонайха аудандары мен Семей қаласының командаларын жеңіп, аз ғана ұпаймен өскемендіктерден жеңілген волейболшыларымыз екінші орынды қанағат тұтты.
Спорт ардагері Е.Нұхаев жаттықтыратын бұл команданың аталған ойыншылары облыс командасы құрамында Павлодар қаласында өтетін Республикалық Күзгі чемпионатқа қатысады. Талаптарыңа нұр жаусын, ешқашанда абырой биігінен құлдырамаңдар деп тілейміз.

Клара НҰРПЕЙІСОВА

 

 

 

Таэквон-до – қазақша қайырсаңыз, аяқпен төбелес. Боксшылардың шаршы алаңда қос қолы шоқпардай сілтенсе, таэк-вондошылардың қос аяғы кезек-кезек қар-сыласының төбесінде жасындай ойнайды.
Осы жекпе-жектің біздің өңірімізде де қарқынды дамуда. Оның жоғары дәрежеде болуына бапкер Бақыт Ғазизиұлының зор үлес қосып жүргенін айта кеткен жөн. Семей қаласында қыркүйек айының 19-20 күндері орын алған аталмыш жарыста да Бақыт Ғазизұлы Рахимовтың шәкірттері қатысып, өз шеберліктерінің басым екендігін байқатты. Өздерінің салмақтарына қарай жұп-жұпқа бөлініп, белдескен олардың барлығы да намысты қолдан бермеуге тырысып, аянбай айқасты. Турнир өз мәресіне жеткенде барлық қатысушылардың арасында жеңіске жетіп қуанғандары да болды. Дегенмен, бұл жарысқа Семей, Бесқарағай, Курчатов, Өскемен қалаларынан келген жас спортшылардың өз деңгейлерінің қандай дәрежеде екендігін анықтауға көп пайдасын тигізді деуге болады. Ал, біздің ауданның жас жеткіншектері өздеріне артылған үмітті ақтап, жеңіс тұғырынан көріне білді. Атап айтар болсақ, жарыста 1 орында Р.Байсақов, Ж.Смағұлов және А.Әсенов алса, 2 орын Э.Саненов, А.Бойковтың еншісіне тиіп қола медалін алды. Ал, 3 орынды Е.Зияш, Ж.Миғраш, Е.Бауыржановтар қанжығаларына байлады. Енді жас таэквондашылар Новосибирскіде қазан айында өтетін халықаралық жарысқа жолдама алды.
Ауданымыздың осындай бағына бабы сай келетін патриот, спортсүйер жастары бар кезінде, спорттық додаларда алар асуларымыз да биік болады деген сенімдеміз.

Клара ҚАЙЫПЖАНҚЫЗЫ

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Наурыз 2024 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз