Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

 

 

 

Шұғылбай ауылының тумасы Әділхан Құдабаев әскер қатарына соғыс басталған 1941 жылы шақырылып еді. Жаяу әскер қатарында Орел, Брянск қалаларын азат етуге қатысты. «Әкем 1943 жылы ауыр жараланып, елге оралды. Біз ол кезде кішкентай баламыз. Әкемді бір медбике әкеліп тастады. Сөйтсек, ол кісі қатты контузия алып, екі көзден айырылыпты», - деп еске алады, өзі де тыл ардагері, қызы Ғалия.

 Кеудесі орден, медальға толы, айналасын тек дыбысынан ғана ажырататын, бірінші топтағы соғыс мүгедегі Әділхан атаны ауыл тұрғындары қатты сыйлайтын. Оқушылармен кездесуге шақырғанда ол кісі сол сұрапыл жылдар туралы айта отырып, балаларға Отанды сүйіңдер, жарық дүниені қадірлеңдер деп отырушы еді. «Әкеме Үлгілімалшы ауылында 1980 жылы үй салып берді. Шаруашылық шөп, отынды тегін түсіретін», - дейді Ғалия әже. Жасы сексеннен асқан Ғалия әже сол кезде көрген қиыншылықтарын еске ала отырып, бүгінгі күніне тәубе дейді.

 

«Әкем 1990 жылы өмірден өтті. Жау оғынан шеккен зардабынан екі жанардан айырылған ол бір–ақ нәрсені армандап кетті, ол немерелерінің бет-жүзін бір көру еді»,-дейді әже. Көзі көрмесе де көкірегі ояу, хабар-ошардың барлығын біліп отыратын. Қазіргі ұрпақтары аталарының атын ерекше қастерлеп еске алады. Жеңіс мерекесі қарсаңында Ғалия әже омырауына мерейтойлық медальды тағып, немере, шөберелерімен бірге Жеңіс шеруіне қатысты. Ол кісіні құттықтауға алыс-жақындағы туыстары келді, ал келе алмағандары телефонмен хабарласып құттықтап жатты. «Мен бақыттымын, тәубе, осы күнімізден айырмасын»,-деп тіледі жауынгер ұрпағы.

Клара НҰРПЕЙІСОВА

 

 

 

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Мамыр 2015 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз