Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Жақында Мамай ауылында соғыс ардагері Садабай Отаровты еске алуға арналған волейболдан аудандық жарыс өткізілді.

Ардагердің ұрпақтары демеушілік жасаған тартысты ойынға аудан аумағынан сегіз команда қатысып, шиеленісті кездесулерден кейін командалар жүлделі орындарды былайша бөлісті.

Бірінші орынды Қарағандыкөл волейбол командасы жеңіп алып, 100 мың теңгеге ие болды. Екінші орынды 50 мың теңге ақшалай сыйлықпен үлгілімалшылықтар, үшінші орынды 20 мың теңге ақшалай сыйлықпен Мамайдың екі командасы иеленді. Көкпекті командасы 10 мың ақшалай сыйлықпен төртінші орынды қанағат тұтты. Ал, Көкжайықтың жасөспірім балалар мен ересектерден құралған екі командасы 15 мың теңге ақшалай сыйлықпен бесінші орынға ие болды.

Жүлдегер командаларға, үздік ойыншыларға мақтау қағаздары мен сертификаттар тапсырылды.Жарыстың өтуіне жеке кәсіпкер, Мамай ауылының тумасы Бақтияр Отаров демеушілік көрсетіп, ойын аяқталғаннан кейін, соғыс ардагері Садабай Отаровқа арнап ас берді. Оған елдің ақсақалдарын, жарысқа қатысқан командалардың мүшелерін және ауыл тұрғындарын шақырды. Мамай ауылының қарттарына құрмет көрсетіп, ақсақалдардың иығына шапан жапса, шаңырақтың ұйтқысына айналған әжелерге комзол кигізді.

 

Сағат Мұсаев,

клуб меңгерушісі, Мамай ауылы

 

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Мамыр 2015 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 23 24
25 26 27 28 29 30 31

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз