Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Көк желекті көктеммен бірге көңілге қуаныш сыйлай келетін аяулы аналарымыздың, әпкелеріміздің, қарындастарымыздың төл мерекесі – 8 наурыз мейрамын бәріміз асыға күтеміз.
5 Наурыз күні Самар мәдениет үйінде мерекелік жиын өтті. Бұл күні самарлық ер-азаматтар гүл, сыйлық дайындап, анасының, қарындасының, сүйіктісінің жүрегіне қуаныш сыйлауға асықты. Барша әйелдер қауымын 8 наурыз - Халықаралық төл мерекесімен Көкпекті ауданы әкімінің орынбасары М.Теміржанов құттықтады. «Көктемнің шуақты күндеріндей нәзік жандардың жүздерінде қуаныш пен мейірім шапағаты төгіліп, әр адамның жанына шипа бола беріңдер», - деп тілегін білдірді. «Күннің шуағы – жылы, Ананың құшағы – жылы», – дегендей, дүниеде ананың балаға және барша азамзатқа деген мейірімі мен махаббатынан асқан құдірет жоқ. Ананың аялы алақаны мен жылы құшағын сезініп өскен сәбидің арманы не?!
Ақ жаулықты әжелер, ардақты аналар, қаракөз қарындастарға құттықтау сөздерін Самар ауылдық округінің әкімінің м.а К.Терин, мәслихат депутаты С.Жотабаев арнады - «Сіздер қашанда өздеріңіздің сыйлы, сүйікті, қадірлі екендеріңізді, өздеріңізсіз мына дүние бос екенін ұмытпаңыздар! Сіздердің үйлеріңізде әрдайым татулық, ынтымақ және молшылық орнасын!» Бұл күні дәстүр бойынша бірқатар еңбекшіл және ардақты қызметкерлер ауылдық округ әкімшілігің мадақтамасымен марапатталды, бағалы сыйлықтарға ие болды. Залда жиналған ханымдарға ауылдық округтің шаруа қожалықтары пен жауапкершілігі шектеулі серіктестігі басшылары барлық ер-азаматтардың атынан раушан гүлдерін табыстады, мерекелік жиналыс тамаша концертке ұласты.
Мереке қарсаңында ауылдық округінің қызметкерлері 85 жастан асқан еңбек және тыл ардагерлердің үйіне барып, көктем мерекесімен құттықтап, раушан гүлдерін, сыйлықтар табыстады. Қариялар ризашылықтарын білдіріп, ағынан жарылған тілектерін аямады.
Қанат АПСАДЫҚОВА

Мариногорка ауылдық округінде 27 ақпан күні «Тәуелсіздіктің 25 жылдығына» арналған «Мәмбет» ШҚ жүлдесі үшін волейболдан турнир өткізілді. Турнирге 7 команда: Мариногорка, Самар1, Самар 2, Бастаушы, Миролюбовка, Құлынжон және Белое ауылдық округтерінен келген командалар қатысты. Спорттық сайыс Мемлекеттік Әнұранмен және «Мәмбет» ШҚ басшысы Ж.Мәмбетов, округ әкімі Қ.Сұрашев құттықтау сөзімен ашылды. Келген командаларға «Мәмбет» ШҚ атынан дастархан жайылып, «Мариногорка командасына» Ж.Мәмбетов арнайы форма мен допты сыйлады. Волейбол өте тартысты да, қызықты өтті. Қатысушылар барынша белсенді ойын көрсетіп, финалға 4 команда шықты. Ойын қорытындысы бойынша 1- орынды Құлынжон, 2-орынды Белое және 3-орынды Миролюбовка командалары иеленіп, 1-орынға 50 000 теңге, 2-орынға 30000 теңге, 3-орынға 20000 теңге көлеміндегі ақшалай сыйлықтар және мадақтау қағаздарымен марапатталды. Сондай-ақ, жекелей: «Үздік шабуылшы», «Үздік байланыстырушы», «Үздік ойыншы» атақтары бойынша марапатталып, ақшалай сыйлықтар табысталды. Сайыстың жоғарғы деңгейде өтуіне, спорттың дамуы мен жастарға қолдау көрсеткені үшін «Мәмбет» ШҚ басшысы Ж.Мәмбетовке ауыл жас-тары шексіз алғыстарын білдіреді.
Б.Тегісхан, жастар саясатының маманы

Екібастұз қаласында ағымдағы жылдың 26-28 ақпан күндері таэквондо спортының Қазақстан кубогі болып өтті. Екі күнге созылған жарыста жүлдеcін иеленген жерлестеріміз Көкпектіге оралды.
Қазіргі жастар Шығыс жекпе-жектеріне қызығушылық танытуда. Егер бастапқыда жастар каратэ мен у-шуға ден қойса, соңғы жылдары Корея елінің ұлттық спорты – таэквон-доға мән беруде. Осыған дәлел ретінде, ауданымыздағы спорт саласына үлес қосып жүрген Бақыт Ғазизұлының таэквон-дошы шәкірттері тағы да ауданның атағын барша елге паш етті. 26 ақпаннан бастау алған бұл жарысқа 4 облыстың спортшылары қатысты. Осы таэквондо жарысының облыстық құрама командасына іліккен біздің жас таэквондашыларымыз Ә.Ақышев, А.Өмірбеков, М.Өмірбекова, З.Еркебұлан, Д.Ғазизова 1 орын алса, Р.Байсақалов, Ж.Смағұлов, А.Бойков, Серікбай Шыңғысхан 2 орынды қанжығаларына байлап қайтты. Сонымен қатар, олар спорт шеберлігіне үміткерлікке өтуге дайын деуге болады. Енді олар, 4-5 наурызда Семей қаласында өтетін жарысқа дайындық үстінде.
Әр тәлімгердің еңбегі шәкірттердің жеңісімен өлшенетіні рас. Яғни, олардың нәтижелері – бапкердің жұмысына берілген шынайы баға. Осы жолы да біздің келешегінен зор үміт күттіретін жас спортшыларымыздың бәсекелі жарыстарда топ жарып, жүлделі оралатынына сенімдіміз.
Клара ҚАЙЫПЖАНҚЫЗЫ

Гитарамен «Жас қалам» әнін шырқап отырған «Толағай» вокалдық-аспаптық ансамблінің ал-ғашқы құрамындағы жігіттер. Қатарынан жеті жыл бойы дәл осы 23 ақпан күні өткізіліп келе жатқан ретро әндер кешінің бастамашылары да солар еді. 1985 жылы құрылған бұл топтың атағы сол кезде шарықтап тұрды. Бірнеше жыл бойы сахнадан түспей өнер көрсетіп, кешкі би кештерінде талай жас олардың шырқаған махаббат туралы сырлы әндерінің әуенімен табысқан еді. Виктор Бауэр, Қайрат Әткешев, Асыл Мұқашев, Вячеслав Тупицын, Серік Рсымбетов бүгінгі кештің гүліне айналды.
Көрермендер бұл ән кешін асыға күткен еді. Өйткені олардың басым бөлігі жастық шағының әндерін тыңдауға жиналған орта жастан асып қалған адамдар болатын. Қазақтың халық әндері, көше әндері мен 70-80 жылдардағы эстрадалық әуендер, романстар олар-дың қай-қайсысының болсын көңіл қылын тербеткендей. Толағайлықтардың әрқайсысы жеке-жеке ән шырқады. Олардың соңы-нан ерген жас буын, қа-зіргі күні өнердің «жілігін шағып, майын ішті»-деуге келетін Шәміл Ибраев, Нұрлан Тоянкенов, Гүл-зира Әткешова, Клара Сәдуақасова, Кеней Зейнолла, Марат Әбілмәжінов, Нұрлан Қайратұлы, Жаңа-бай Хасенов, Толғанай Айдынқызы және басқалары тамылжыта шырқаған әндер жастық шаққа саяхат жасатып қана қоймай, осы күні көңілді кеш сыйлады. Кештің көркі «Інжу-маржан» әжелер ансамблі орындаған сыған романсы болды. Кешті жүргізушілер А.Сүлейменов пен А.Адамов та шеберліктерімен, жеңіл әзіл-дерімен көрерменді шаттандырып отырды. Осылайша биыл құрылғандарына 45 жылдығын атағалы отырған «Толағай» ВАА жігіттері осындай игілікті шараны өткізуге көмек берген аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөліміне, Демалыс орталығына, барлық әртістерге және бас демеуші кәсіпкер А.Бойковқа алғыс айтты. Келесі кездескенше, достар!
Клара НҰРПЕЙІСОВА

Соңғы жылдары облысымызда хоккей ойындарын барлық ауылдарда дамытуға на- зар аударылуда.
Көпшілік ауылдарда қорапшалар жасалынған, қыс мезгілінде мектеп оқушылары мен тұрғындар спорттың осы түрімен шұғылданып, салауаттылық өмір салтын ұстануда. Біздің ауылдағы хоккей командасының мүшелері демеушілер мен мектеп әкімшілігінің көмегі арқасында толықтай спорттық құрал, киіммен қамтылды. Аудан мектептерінің хоккей командаларының арасында жолдастық кездесулер жыл сайын тұрақты өткізіліп тұрады. Оған біздің команда да қатысып, бірнеше рет жүлдегер болды. Өткен жылы Үлкенбөкен мектебінің оқушыларынан жасақталған команда аудан намысын облыстық чемпионатта қорғап келді.
Ауылдағы хоккей қорапшасы алаңының кү-тімі, қарынан тазалануы, спортшылардың дайындығы дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Есет Нұрғазыұлы Тұқышевтің басшылығымен атқарылуда.
Ауыл тұрғындары мен кәсіпкерлер, мекте-біміздің бұрынғы жылдарғы түлектері ауыл спортын дамытуға қолдау білдіріп тұрады. Осының бір айғағы, биылғы жауған қалың қарды тазалауға мектеп ұстаздары бірнеше рет көмектесті. Олардан қалыспай өздерінің меншік техникаларымен жекелеген азаматтар да қолғабыс жасады.
Жуықта қалың жауған қарды өз техникаларымен Досан Алпысов пен Александр Курбатов ізгі көмектерін көрсетіп, 2 күн ішінде тазалап берді. Бұл көмекке балалар мен ата-аналар алғыстарын жаудыруда.
«Жоғарыдағы азаматтарға барлық мектеп ұжымы, оқушылар мен ата-аналар атынан алғысымды айтамын» – дейді Есет Нұрғазыұлы.Иә, осындай үлгілі, берекелі істеріміз көп болсын!

Қамқаш Шошайұлы,
Үлкенбөкен ауылы

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Сәуір 2024 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30          

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз