Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Қысқы спрот түрін дамыту, оның ішінде хоккейді насихаттау мақсатында аудан бойынша қаншама қаражат, күш жұмсалып, хоккей қораптары жасалды. Жыл өткен сайын бұл қораптардың мәнін кетіріп жүрген тағы да өзіміз. Аудан бойынша 20 қорап бар, ал енді солардың қаншасында балалар асыр салып жүр екен?

Хоккей қораптарының 12-сі білім беру ошақтарының аумағында орналасқан. Атап айтқанда, хоккей қорабы дәл аулаларында орналасқан мектептер мыналар:  Әуезов атындағы, Новотимофеевка, Көкжайық, Маяковский атындағы, Қ.Аухадиев атындағы, Абай атындағы (Бастаушы), Казнаковка, Миролюбовка, Жансүгіров атындағы, Мариногор, Амангелді атындағы (Мамай) орта мектептер.    Ал сегіз спорт алаңы ауылдық округ аумағында арнайы алаңқайларда орналасқан. Атап айтсақ: Көкпекті ауылдық округінде екі, Самар ауылдық округінде екі қорап бар, сонымен бірге Үлгілімалшы ауылдық округінде, Палатцы мен Үлкенбөкен, Белое ауылдарында да мектептен тыс жерде орналасқан.

 

 Қар жаууына қарай желтоқсан айында Биғаш, Тассай, Үлгілімалшы, Үлкенбөкен, Преображенка,Теректі, Мариногор, Бастаушы, Құлынжон, Миролюбовка, Палатцы ауылдарында және Көкпекті ауылындағы Заречное аумағындағы хоккей қорабы қысқы маусымға дайын болды. Көпекті ауылындағы тағы бір хоккей қорабын дайындау жұмысын Көкпекті орта мектебі жалғастырды, олардың қатарында Мамай, Көкжайық, Шұғылбай және Самар ауылындағы мектептер де бар.

    Дегенмен, желтоқсанның 16-сында тек қана 9 хоккей қорабы ашылып, маусымдық жұмысын бастады, балалар аяқтарына конькилерін тағып, сырғанақ тебудің қызығына емін-еркін кірісті.  Үлкенбөкен, Тассай, Теректі, Преображенка, Үлгілімалшы,   Заречный(Көкпекті), Биғаш, Бастаушы, Палатцы ауылдарының белсенділіктері осы жерде байқалды.    

      Ең алғашқы жарыстар да өте бастады. Мысалы, 23 қаңтар күні  Көкпекті ауылында (Заречный) ауданның мектеп оқушылары арасында шайбалы хоккейден алғашқы жарыс өтті. Бұл жарыста аудандағы ең мықты команда үлгілімалшылық Абай атындағы орта мектептің жас хоккейшілері бірінші орынды ешкімге бермеді. Тіпті олар екі бірдей команда қатыстырды. Аухадиев атындағы, Көпекті,  Үлкенбөкен орта мектептерінен де командалар қатысты. Екінші орынды үлкенбөкендіктер, үшінші орынды Абай атындағы орта мектептің екінші командасы алды. 

     Басқа мектептер неге қатыспады деген сұрақ туындауы орынды, басты себебі – хоккей ойынына қажетті киім мен қолдарында тіпті таяқтың да болмауы бөгет болды. Ауданда спорт тауарларын сататын дүкен жоқ деген сылтау емес, егер мәселеге басқа қырынан қараса, қала дүкеніне жету қиын болмас.    

       Ауа райының күрт өзгеріп, қар қалың жаууына байланысты хоккей қораптарының көбі жұмыс істемей, қар астында қалып қалды. Ақпанның басына қарай      Әуэзов атындағы, Новотимофеевка, Көкжайық,  Палатцы, Маяковский атындағы, Абай атындағы(Үлгілімалшы),Преображенка, Аухадиев атындағы,  Абай атындағы(Бастаушы), Казнаковка,  Миролюбовка, Жансүгіров атындағы, Көкпекті ( 2), Амангелді атындағы (Мамай) орта мектептері қораптарды тазалап, қайтадан мұз қатырса, Мариногор орта мектебі тазалауға жаңа кірісті, ал Самар ауылындағы екі тамаша хоккей қорабына мұз қатырылмақ түгіл, қардан да аршылған жоқ. Бұл ауылдың балалары биыл коньки тебуді күтіп жүргенде қыс та аяқталатын шығар. 

   А.Нұрмұхамбетов,

аудандық білім беру бөлімінің әдіскері 

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Ақпан 2016 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
1 2 3 4 5 6 7
8 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29            

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз