Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Ауданда қысқы спорт түрінің дамуы кенжелеп тұр десек те, 7 ақпан күні Көкпекті ауылында жастар арасында «Қазақстан спорты:ұлт денсаулығына»  аясында қысқы спорт түрінен жарыс өтті. Жарысқа ауданның 18 мектебінен 145 оқушы қатысып, бақтарын сынады.  Аудандық білім беру және спорт бөлімінің басшысы Ш.Мұстафинова құттықтау сөз сөйлеп, сәттілік тілеген салтантты шеруден кейін тізгінді жарыстың бас төрешісі, спорт ардагері Б.Растрига алып, жарыстың шартымен таныстырып, спорт пен сергектік мерекесі басталды.

Айнала ақ қардағы шаңғының сырғанаған сырылы мен жанкүйерлердің демеу қиқуы ұласып, шайдай ашық күнге жарқылдаған күмістей далада нағыз мереке қанатын жайды.

Жарыстың қорытындысы әр жылдары туылғандар тобы арасында шығарылды. 1998-1999 жылғылар арасында 1-ші орынды Үлкенбөкен орта мектебінен О.Растрига, екінші орынды Аухадиев атындағы орта мектептің спортшысы Ануар Баян, үшінші орынды Әуезов атындағы орта мектептен Үлкенбекова алды. Ал 2000-2004 жылғы туылғандар арасында бірінші орынды Аухадиев орта мектебінен А.Арғынова, екінші орынды үлкенбөкендік Д.Нұрғожина, үшінші орынды да осы мектептен А.Қанапиянова иемденді.

Ұлдар  арасында 1998-1999 жылғы туылғандарданАмангелді орта мектебінен  Б.Нұрланбек, осы мектептен А.Қайрат бірінші-екінші орындарды бөлісті, ал үшінші орынды Аухадиев атындағы орта мектептен Р.Мұхамеджанов алды.

Жарысқа қатысқан барлық жеңімпаздарға  марапаттау қағаздары  тапсырылды.

 Сергек те, қимылдары ширақ спортшылар бұл күнді ұзақ уақыт естерінде сақтап қалады. Қыс қызығы таусылмас, аязды күнде ақша беттері албырап, бәсекелестіктің қызығына түскен балалар шаңғыларын арқалап, алдағы қыста бұдан да жоғары көрсеткішке жетеміз деген сеніммен тарады.

 

   Клара НҰРПЕЙІСОВА

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Ақпан 2016 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
1 2 3 4 5 6 7
8 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29            

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз