Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаев:«Біз барша қазақстандықтарды біріктірудің басты факторы болып табылатын қазақ тілінің одан әрі дамуы үшін барлық күш-жігерімізді салуымыз керек. Сонымен бірге, елімізде тұратын барлық халықтардың өкілдері ана тілдерінде еркін сөйлей, оқи алуына, оны дамытуға қолайлы жағдай тудыру қажет» - деп атап көрсеткен болатын.
2016 жылдың 25-27 қаңтар аралығында Шығыс Қазақстан облысы бойынша «КАЗТЕСТ» бағдарламасынан диагностикалық тес-тілеу өткізілді. Ұйымдастырушы Шығыс Қазақ-стан лингвистикалық орталығы (директоры Б.Ағажаева). Бекітілген жоспар бойынша Көкпекті ауылындағы Көкпекті орта мектебіне 25 қаңтар күні Көкпекті, Жарма, Тарбағатай, Зайсан аудандарынан 65 ұстаз қатысқан үлкен жиында Білім және ғылым министрлігінің Ұлттық тестілеу орталығының өкілі Балғожина Шынар Хасенқызы тест сынағын алды.
Аталмыш іс-шараның үйлестірушісі Көкпекті ауданының «Мәдениет және тілдерді дамыту бөліміне» қарасты «Мемлекеттік және басқа тілдерді оқыту орталығы». Орталықтардың рейтингін жасауға орталық тыңдаушыларының «ҚАЗТЕСТ» бағдарламасы бойынша емтихан тапсыру нәтижелері туралы шынайы мәліметтер негіз болады. Рейтинг мәліметтері бұқаралық ақпарат құралдарында кеңінен жарияланатын болады. Сонымен қоса, «ҚАЗТЕСТ» бағдарламасының негізінде білім деңгейін жыл сайын бақылау көзделген.
А.Саржанов,
мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы

Рождество мерекесі – адамзаттың жақсылық, мейірім-ділік, есіркеу және сүйіс-пеншілік сияқты айнымас асыл құндылықтарының белгісі ре-тінде аталады. Қаңтардың 6-7 күндері Самар ауылындағы Святопокров храмында осы мерекеге арналған діни рәсімдер өтті. Алтыншы қаңтар күні түнімен Сочельник, яғни мереке алдындағы күн аталды. Онда шіркеуге келушілер діни уағыз тыңдап, екінші күні де таңертеңнен Иса пайғамбарға мадақ жырлар айтылып, уағыз тыңдалд. Шіркеуге келушілер өздерінің, туған-туыстарының денсаулығын тілеп, шырақ қойды. Шіркеуге мерекеге орай құлшылыққа жиналған қауымды Самар ауылдық округінің әкімі С.Дүсіпов құттықтады.
«Христиан православие шір-кеуі мемлекет пен діни бірлестіктердің арасында, оның ішінде біздің ауданымызда оң қарым-қатынастардың дамуына, қоғамымызда бейбітшілік пен келісімнің нығаюына үлкен үлес қосып келеді. Бұл терең құрметке және қадірлеушілікке лайық», - деді Салауат Қалымжанұлы. «Қазақстанда православие ең көп тараған конфессияның бірі болып табылады. Бізде Рождествоның Құрбан айтпен бірге демалыс күні болып жарияланғаны

Толығырақ...

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні— тарихы тереңде жатқан елдің жаңа заманда өз алдына қайта егеменді ел болған күні. Біздің халқымыздың ерлік дастаны найзаның ұшы, білектің күшімен жер қорғауынан бастау алып, одан бергі небір нәубет зардаптарын бастан кешті.16-желтоқсан күні Қазақстанның барлық жерлерінде мерекелік мәдени іс-шаралары ұйымдастырылады. Сондай-ақ, Тәуелсіздік мерекесі Көкжайық селолық округінде де аталып өтті. Іс-шаралар легі Көкжайық селолық округінің кітапханасында «Қазақстан - менің мақтанышым» атты тақырыптық сағаттан бой алып, ауылдық мәденеиет үйі ұжымының ұйымдастыруымен «Тәуелсіздік – тұғырым» атты мерекелік концертпен жалғасты. Сонымен қатар, Көкжайық орта мектебінің спорт залында волейболдан аудандық турнир ұйымдастырылды. Жарысқа ауданымыздың жеті ауылынан командалар келіп қатысты. Бірінші орынды Көкжайық селолық округінің жас спортшылары, екінші орынды Мамай ауылының волейбол командасы, үшінші орынды Көкжайық селолық округінің ардагер спортшылар командасы иемденді.
Сондай-ақ, волейболмен қатар Көкжайық ауылдық спорт залында қазақша күрестен мектеп оқушылары арасында аудандық жарыс өткізілді. Жарысқа ауданымыздан Көкжайық, Тассай, Үлкенбөкен ауылдарының спортшылары қатысты. Қазақша күрес 26-46 кг салмақ дәрежесіндегі оқушылар арасында өтті. 26 кг салмақ дәрежесінде 1-орынды Көкжайық орта мектебінің оқушысы Мәди Айтмұхамбетов, 2-орынды Көкжайық орта мектебінің оқушысы Әлібек Сейтқалым, 3-орынды Үлкенбөкен орта мектебінің оқушылары Мирас Бегалиев, Сырым Құмаров иеленді. 29 кг салмақ дәрежесінде 1-орынды Көкжайық орта мектебінің оқушысы Олжас Байсейітов, 2-орынды Үлкенбөкен орта мектебінің оқушысы Әмір Сеитов, 3-орынды Көкжайық орта мектебінің оқушысы Аян Шұбаров, Тассай орта мектебінің оқушысы Елдар Мейрамов иеленді. 32 кг салмақта 1-орынды Тассай орта мектебінің оқушысы Тәлімжан Кеңесов, 2-орынды - Үлкенбөкен орта мектебінің оқушылары Абылайхан Заманбеков, 3-орынды Үлкенбөкен орта мектебінің оқушысы Ерболат Замаданов, Олжас Айтқалиев, Тассай орта мектебінің оқушысы Еламан Мәуітбеков иеленді. 35 кг салмақ бойынша 1-орынды Үлкенбөкен орта мектебінің оқушысы Алмас Алтынбеков, 2-орынды Көкжайық орта мектебінің оқушысы Ерасыл Бейсен, 3-орынды Үлкенбөкен орта мектебінің

Толығырақ...

Желтоқсанның 24 жұлдызы күні Жаңа жыл шыршасы Мәдениет үйіне келген қонақтарды ашық жүзді қарсы алды.
Бұл мерекені мүмкіншілігі шектеулі балаларға «Көкпекті ауданы арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығының» қызметкерлері ұйымдастырды. Бір тәулік бойынша қарлы боранды болған күндерге қарамастан, Самар ауылында тұратын 20-дан астам балалар мерекеге келді. Әлеуметтік қызметкерлердің қарауында болатын балалар әр түрлі жаңа жылдың киімдерін киіп, ән шырқады, ойын ойнады.
Шырша одан әрі қызықты болды. Карнавалдың жүргізушілері Л.Гебель және А.Ыхаймен бірге сиқырлы саяхатқа – ыстық Африкаға аттанды. Олар бір-бірімен африкандықтардай сәлем берісіп, Африкада тіршілік ететін неше түрлі аңдарды бейнеледі. Жаңажылдық ертегі ешқашан сиқырсыз болмаған. Осы жерде барлық жиналған балаларды сырлы фокустармен Сиқыршы мырза (А.Райхан) таңдандырды.
Келе жатқан 2016 жыл - Мешін жылын барлығы қызығушылықпен және қуанышпен қарсы алды. Жыл иесі кішкентай сайқымазақ маймылдарын өзімен бірге ала келді. Сонымен қатар, олар жалынды және әдемі би сыйлады.

Толығырақ...

Қазіргі таңда қосымша білім беру ісіне ерекше мән беріледі. Осыған байланысты игі істер Көкпекті ауданындағы қосымша білім беретін балалар өнер мектебінде жүзеге асырылуда. Оның айғағы 2015 жылдың 17-20 қараша аралығында Шүлбі кентінде өткен облыстық «Алтын дауыс» вокалистер сайысы. Өткен сайысқа «Балалар өнер мектебінің» оқушылары Жансая Маметекова, Нұрали Алдажұман қатысты. Балалар ортаға бойындағы бар өнер-лерін салып, шығармашылықтарын көрсетті. Облыстық сайыс қорытындысында Жансая Маметекова сертификатпен, Нұрали Алдажұман III орынға ие болып, мадақтамамен және облыс дамуына үлес қосқан Шығыстың дарынды жұлдызы кубогымен, сертификатпен марапатталды. Облыстық «Алтын дауыс» сайысындағы өнерлі өрендердің бұл жетістігін Балалар өнер мектебінің вокал үйірмесінің жетекшісі Н.Шапатовтың төккен терінің жемісі деуге әбден болады. «Өнерсіз бала болмайды, тек олардың ішкі талантын сыртқа шығаруға көмектесіп, жетілдіре білу керек. Біздің атқарар жұмысымыз осы», - дейді Нұрлан Махабекұлы Шапатов.
А.Байғалиева,
оқу ісінің меңгерушісі, Балалар өнер мектебі

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Наурыз 2024 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз