Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Торықса да өмірде жасымаған,
Керегі де өзіңнен осы маған.
Басымды иіп өтермін мәңгілікке,
Жырларыңа тағдырдан жасымаған.
Қарсы жүзіп толқынға өмір кемең,
Арпалыспен түбі бір жеңем- деген.
Өміріме үлгі етіп келем сені,
Сен тірісің, өлмейсің, соған сенем.
М.Мақатаевтың туғанына 85 жыл толуына орай өткізілген «Поэзия кеші» жыр алыбы Мұқаңа деген өзінің жүрекжарды шумағымен шашу шашқан қарапайым ғана азамат Әмір Сіләмнің осындай өлең жолдарымен басталды.
Тағдырдың асқар шыңдарында талмай құ-лаш сермеген мұзбалақ қырандай қалықтаған Мұқаңның ғұмыры тым келте болса да, соңына қалдырған аманаты өлеңі исі қазақтың рухына мәңгілік арқау болатыны сөзсіз. Тассайдағы ақынның туған күніне арналған «Поэзия, менімен егіз бе едің» деген айдармен өткізілген музыкалы көркем-сазды бағдарлама соның айғағындай. Шағын ғана ауыл болса да өміріне өнерді тел ұстайтын тассайлықтар жыр дүлдүлін пір тұтатынын көрсете білді.
Поэзия кешінде Мұқағалидың өлеңдері оқы-лып, ақын өлеңдеріне әр кезеңдерде жазылған әндер орындалды. Әсем ән мен көсем жыр сайысында балалармен бірге үлкендер де сахна төріне шығып өз өнерлерін ортаға салып, қайран Мұқаңның қысқа ғұмырының қас-қағым сәттерінен үзінділер қойылды. М.Мақатаевтың «Сәби – Ана» өлеңін сюжетін арқау етіп қойылған сахналық қойылымда сөз атасының қадірін қатты қадірлейтін ұстаз, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Мақпал Қапасова «Ананың монологін» сезімді баурайтын әсерлі мақаммен оқығанда, ана бейнесін сомдаған Шынар Ғалиеваның кәсіби шеберліктерін көргенде, сондай-ақ, заңғар ақынның торығып, жан күйзелісіне түсіп, тірліктен түңілген кездегі жан толғанысын естігенде кірпіктері шыланып, жастықтың қуаты бойында тасқындай тасыған кездегі құдіретті жырларына көрермен құшырлана қол соғып қоштап отырысты. Әдебиетші ұстаз Гүлмира Мұхаметқалиеваның өнегелі шәкірттері Мұқағали жырларынан үзінділерді кейіпкер образына кіріп көркем орындай білсе, балғын әнші Жанболат Сақыпжанов пен мектеп өрендерінің орындаған әндері мен Жібек Мақсұтхан орындаған «Саржайлау» сахна сәнін ажарландыра түсті.
Кішкене ғана балдырған Ақерке Қасенова «Шеше, сен бақыттысың» атты өлеңді риясыз бала көңілмен әрі асқан сезімталдықпен оқығанда, көптің көңілі босап, аналар жаулығымен көздерін сүртісіп отырды. Беу, дүние-ай!
Сегіз де қырлы, бір сырлы, әрі ұстаз әрі өнерпаз Нығметжан Смағұловтың орындауындағы «Құмған алған» мен «Арулар» әні, әнші Шынар Бүкембаеваның сыңғырлата салған «Жапырақ жүрек жас қайыңы» мен көңілді сырға бөктіріп, өткен шақтарды ойыңа түсіретін ойлы да мұңлы әуен «Күрең күзді» нақышына келтіре орындаған Гүлнара Қамзина мен ән ажарын енгізген жас бишілер Айым мен Зура және Жанболат пен Еламан және аталмыш шараның режиссері, бес аспап өнер иесі Шынар Ғалиева шырқаған Мұқаңның жастықтың жетегінде жүрген кездерінде туындаған әні «Ұнатамын мен сені» мен көркемөнерпаз Гүлжан Шмашева орындаған «Махаббат монологі» сияқты ән-жырдан шашу шашылды.
Көрермен қауым «Есіңе мені алғайсың» әнін бір кісідей қосыла шырқап, ақын рухымен қол бұлғай қоштасты.


Екі сағатқа созылған жыр кешінің соңына қарай, қазылар алқасының төрағасы көкірегі ояу, зердесі кең ақынжанды Қасен ақсақал бүгінгі болып жатқан алқалы іске бәтуа айтып,береке тілей келе, округ әкімі Ержан Мазыбаевтың атынан ауыл ақыны Тассайдың төл тумасы Әмір Сіләмға сыйлық тарту етті. Бұдан соң да М.Қапасова, Ш.Букембаева, Н.Смағұлов, Г.Қамзина, Ж.Мақсұтханқызы мен барлық поэзия кешіне қатысушылар естелік сыйлықтармен және мадақтама қағаздарымен марапатталды. Округ әкімі Е.Құдайбердіұлының қолдауымен, ауқымды көлемде алғаш рет аталып өткен әдеби-көркем-сазды шараның демеушісі болып, құрмет жасаған азамат ауылдасымыз Ришат Мансұрұлына көптің атынан ризашылық білдіреміз.

Катрен Байжұманов,
Тассай ауылы

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Ақпан 2016 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29            

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз