02 Сәуір 2018

БАРМАҚ БАТЫР ТУРНИРІНІҢ ЖЕҢІМПАЗЫ АНЫҚТАЛДЫ

Көкпектіде Уақ Бармақ батырды еске алуға арналған футбол жарысы мәресіне жетті. Қараша айында басталған футбол чемпионатының ақтық ойындары 24 наурызда ойналды. Батыр ұрпағы болып келетін павлодардық жомарт азамат Сұңғат Тапалчинов демеушілік еткен жарыстың жүлдесін ауданның маңдайалды 8 құрамасы сарапқа салды. Әр ойыны тартысқа толы өткен жарыс барысында 56 ойын өткізіліп, оған 96 ойыншы қатысты. Елжанды азамат Аслан Таныспаевтың бастамасымен Көкпекті орта мектебінде өткен ойындарда барлығы 337 гол соғылды.

Read more

ЕРЛЕР МЕН ӘЙЕЛДЕРДІҢ ТЕҢ ҚҰҚЫҚТЫҒЫ

Қазақстандағы гендерлік саясаттың міндеттеріне әйелдер мен ерлердің билік құрылымдарында теңдестірілген қатысуына қол жеткізу, экономикалық тәуелсіздіктің барлық тең мүмкіндіктерін қамтамасыз ету, өз бизнесін дамыту және қызмет бабында ілгерілеу, отбасында құқықтар мен міндеттерді тең жүзеге асыру үшін жағдайлар жасау, жыныстық белгісі бойын-ша зорлықтан еркін болу жатқызылады. Сонымен, гендер дегенміз - ерлер мен әйелдердің мінез-құлқын, сондай-ақ, олардың арасындағы әлеуметтік өзара қарым-қатынасты айқындайтын, олардың әлеуметтік және мәдени нормалары мен рөлдерінің жиынтығы. «Gender» сөзі ағылшын тілінен аударғанда жыныс (еркек, әйел) дегенді білдіреді. Еліміздегі аса маңызды демократиялық процесс - ұлттық гендерлік саясат.

Read more

БАЛА ТӘРБИЕСІНІҢ ҚАЙНАР КӨЗІ - ОТБАСЫ

Қазақстан Республикасының Конституция-сының 27 бабының талабына сәйкес неке және отбасы әрдайым мемлекеттің қамқорлығында болады.
Бүгінгі күні қоғамды аландататын мәселелердің бірі- мемлекеттік іргетасы саналатын отбасының беріктігімен байланысты десек, қателеспейміз. Алайда, ерлі-зайыптылардың некелерінің бұзылуы қалыпты жағдайға айналып, бала тағдыры мен тәрбиесіне өз деңгейінде көңіл бөлінбей жатқандағы да ешкімге құпия емес. Осы орайда, «бұрынғы ата-бабамыз ерекше қастерлеген отбасылық құндылықтарды сақтау қағидасы неге төмендеп кетті?» деген сұрақтарға жауап іздеп, мәселенің астарына үңілсек, шаңырақтардың шайқалуына септігін тигізіп жатқан жағдайлардың көптігіне куә боламыз. Әркімнің өз дәлелі, шындығы бар. Бірі - тұрмыстық жағдайды алға тартса, енді біреулері мінездерінің сәйкес келмейтінін айтып ақталады. Не десек те, ажырасудың аты- ажырасу. Одан қоғамға да, адамға да келіп жатқан еш пайда жоқ. Есесіне, зардабы шаш етектен, басқасын айтпағанда, екі ортада шырылдап, көздері жәудіреп бала қалады. Ажырасу баланың психикасына едәуір салмақ салады, көңіліне қаяу түсіреді. Әр бала мінезіне сай ата-анасының екі жаққа бөлінуі түрліше қабылдауы мүмкін. Кейбірі қасақана теріс жолға түсіп, қылмыс жасауға бейім тұрады. Күнделікті кикілжің мен ұрыс-керістен шаршаған балалардың өмірге деген қызығушылығы азаяды. Соттар некені бұзу туралы істерді қарағанда 2011 жылы 26 желтоқсанда қабылданған Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы кодексін басшылыққа алады. Неке бұзу туралы шешім шығару кезінде сот төмендегі мәселелерді шешуі тиіс.

Read more

Латын әліпбиіне көшу – заман талабы

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев өзінің кезекті Жолдауларының бірінде: «Біз алдағы уақытта да мемлекеттік тілді дамыту бағытындағы кешенді жобаларды жүзеге асыруды табандылықпен жалғастыра береміз. Қазақ алфавитін 2025 жылға қарай латын графикасына көшіруге дайындық жұмысын осы бастан қолға алу қажет. Бұл қазақ тілін жаңғыртып қана қоймай, оны осы заманға ақпараттың тіліне айналдырады», - деген болатын.
Біз латын әліпбиіне көшу барысында не ұтамыз, латын әліпбиі бізге не береді? Біріншіден,тіл тазалығы, тіліміздегі жат дыбыстарды таңбалайтын әріптерді қысқартып, сол арқылы қазақ тілінің таза қалпын сақтауға мүмкіндік аламыз.

Read more

МӘУЛІТ МҮБӘРӘК БОЛСЫН!

Бүгін де әлем мұсылмандарының халықтық мерекесіне айналған, қуаныш пен шаттық күні болған, «Мәуліт мерекесі» сан ғасырдан бері жыл сайын тойланып келеді. Аллаға шүкір, егеменді ел болып, тәуелсіздігіміздің арқасында салт- дәстүрімізді жаңғыртып, тіліміздің мәртебесі өсіп, имандылығымыз, оған деген көзқарасымыз артып келеді. Діни мерекелер біздің Үлкенбөкен ауылымызда атаусыз қалмайды, соның бірі – Мәуліт мерекесі . Мешітте әртүрлі діни іс-шаралар өтеді. Мерекеге ұйытқы болып жүрген ауыл имамы Досқали Тойбеков. Мәулітке басқа да ауыл имамдары келіп дәстүрлі мәуліт-шәріпті оқыды.

Read more

КӨКТЕМГІ ЕГІСКЕ ДАЙЫНДЫҚ БАСТЫ НАЗАРДА

Аудан экономикасының дамуында ерекше орын алатын сала - ауыл шаруашылығы. Көкпекті ауданындағы көктемгі егістік жұмыстары туралы кәсіпкерлік және ауылшаруашылығы бөлімінің агрономы Жанат Көпесов шаруашылықтардың алдағы көктемгі дала жұмыстары жайлы әңгімелеп берді.
Жанат Қанағатұлының айтуынша, жалпы аудан бойынша 162 мың 835 гектар егістік жер, оның ішінде дәнді дақылдар, мал азығы, майлы дақылдар алынатын танаптар бар. Биылғы көктемгі дала жұмыстарын жүргізуге 3 315 тонна жанар-жағар май бөлініп, жеткізуші операторлар белгіленді. Олар «Қаз Мұнай газ», «Жанғызтөбе Мұнай өнімдері» кәсіпорындары.
- Шаруашылықтарға дизель отыны субсидия түрінде беріле ме?
- Жоқ, шаруа қожалықтары үшін мемлекет тарапынан арзан-датылған бағамамен, мысалы: сатылымда 160-165 болса, олар 150-145 теңгеден ала алады.
- Биылғы жылы егілетін қандай дақылдар түріне баса назар аударылып отыр?

Read more

ПЕДАГОГТАР БІЛІКТІЛІКТЕРІН АРТТЫРУДА

Ж.Шайжүнісов атындағы орта мектебінде 26 наурыз - 20 сәуір аралығында білім мазмұнын жаңарту аясында ағылшын тілі пәні мұғалімдеріне арналған біліктілікті арттыру курстарын Шығыс Қазақстан облысы бойынша «Өрлеу» Біліктілікті Арттыру Ұлттық Орталығы Акционерлік Қоғамы филиалы және Көкпекті ауданы білім беру дене шынықтыру, спорт бөлімінің ұйымдастыруымен өткізіледі.

Read more

«НАУРЫЗ» АЙТЫСЫНЫҢ ЖҮЛДЕГЕРІ

Облыс орталығындағы Халифа Алтай мешіті жақсы бастамалар мен игі істерге мұрындық болатын, елге үлгілі, жағымды дәстүр тарататын берекелі ұжым. Қазіргі заманда мешіттерде ақша ұрлапты, бейәдеп ән салып, туған күн тойын жасапты дегенді естіген де кезіміз болған. Ал енді мүфтиліктің бәйгесіне айтыс өткізу – ұлттық өнерге деген қамқорлықтың артқаны емес пе. Наурыз мейрамын мадақтап, жаңа жылды қарсы алуға арналған айтысқа ауданымыздан Қалихан Алтынбаев атындағы мәдениет үйінің әртісі, айтыскер ақын Фархат Маратұлы қатысты.

Read more

АУЫЛ ӘКІМДЕРІНІҢ САЙЛАУЫ ӨТТІ

Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 24 сәуірдегі №555 Жарлығымен бекітілген «Қазақстан Республикасының аудандық маңызы бар қалалары, ауылдық округтері, ауылдық округтің құрамына кірмейтін кенттері мен ауылдары әкімдерін қызметке сайлау, өкілеттігін тоқтату және қызметтен босату» қағидаларының 45-тармағына сай аудандық мәдениет үйінде Теректі және Қ.Аухадиев ауылдық округтері әкімдерінің сайлауы өтті. Сайлауға округ әкімдеріне сенім білдірген кандидаттардың адамдары және БАҚ өкілдері қатысты.

Read more

ҰЛЫС КҮНІ ОБЛЫС ЖҰРТШЫЛЫҒЫН МОЛ ӨНІММЕН ҚУАНТТЫ

Наурыз мейрамы облыс орталығы Өскеменде кеңінен аталып өтілді. Мерекелік шара барысында, орталық алаңда мерекелік концерт және театрландырылған қойылым жұртшылыққа ұсынылды. Сондай-ақ, киіз үйлерде наурыз көже дайындалып, алаңда қазақтың салт-дәстүрін көрсететін ұлттық рәсімдер жасалды.

Read more

Директор-редактордың блогы

Көкпекті аудандық

 «Жұлдыз - Новая жизнь» 

газетінің сайтына қош келдіңіздер!

Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр.

Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Сәуір 2018 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
            1
3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30            

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз