Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Аудан экономикасының дамуында ерекше орын алатын сала - ауыл шаруашылығы. Көкпекті ауданындағы көктемгі егістік жұмыстары туралы кәсіпкерлік және ауылшаруашылығы бөлімінің агрономы Жанат Көпесов шаруашылықтардың алдағы көктемгі дала жұмыстары жайлы әңгімелеп берді.
Жанат Қанағатұлының айтуынша, жалпы аудан бойынша 162 мың 835 гектар егістік жер, оның ішінде дәнді дақылдар, мал азығы, майлы дақылдар алынатын танаптар бар. Биылғы көктемгі дала жұмыстарын жүргізуге 3 315 тонна жанар-жағар май бөлініп, жеткізуші операторлар белгіленді. Олар «Қаз Мұнай газ», «Жанғызтөбе Мұнай өнімдері» кәсіпорындары.
- Шаруашылықтарға дизель отыны субсидия түрінде беріле ме?
- Жоқ, шаруа қожалықтары үшін мемлекет тарапынан арзан-датылған бағамамен, мысалы: сатылымда 160-165 болса, олар 150-145 теңгеден ала алады.
- Биылғы жылы егілетін қандай дақылдар түріне баса назар аударылып отыр?


- Жер қойнауындағы азот, калий, фосфор сияқты қоректік заттарды алу арқылы зиян келтіретіндіктен майлы дақылдардың орынына, дәнді дақылдар егіледі.
- Күздік егін егілген танаптардың аумағы қанша?
- Өткен 2017 жылы 1330 гектар аумаққа күздік арпа, күздік бидай егілді.
- Бүгінгі күні егіс егуге дайындық жұмыстарын жүргізу үшін диханшыларға қандай қиындықтар туындауда?
- Жердің тоңы әлі толық жібіген жоқ, сондықтанда ауданда көктемгі дала жұмыстарын сәуірдің екінші жартысында бастау жоспарланған. Бүгінде 1 420 тонна тұқым дайындалды, ал қажеттілік 1390 тоннаны құрайды. Ал қажеттілік 1390 тоннаны құрайды. Яғни 107 % тұқым қорымен қамтамасыз етілген. Көктемгі дала жұмыстарына арналған техникалар 96 % -ға дайын, атап айтсақ, 362 трактор техника жеткілікті. Шаруашылық құрылымдары жыл сайын машина трактор паркін жаңалап отырады. Ауданның ауыл шаруашылығы құрылымдарының ірі шаруа қожалықтары атап айтсақ, «Қалисаттар ұлы», «Жотабаев», «Мәмбет», «Талды Екпін», «Агро кешен Бек», «Құсайынұлы БК», «Талап», «Елім-ай», ЖШС «Елім-ай Көкпекті» және тағы басқалары егіс жұмыстарына толық әзірленген. Тыңайтқыштар мен шикізаттан да шаруалар таршылық көрмейді. Өткен жылы 2 мың 700 тонна алынса, биыл 3 500 тонна минералды тыңайтқыш сатып алынды. Ол 70 мың гектар жерді өндеуге есептелінген. Тыңайтқышты сатып алу мемлекет тарапынан субсидияланады.
- Ауыл шаруашылық дақылдарының элиталы тұқымымен айналысатын шаруа қожалықтары бар ма?
- Ауданның жетекші шаруа қожалығы «Қалисаттар ұлы» элиталық сұрыпты бидайды өсіретін бірден бір шаруашылық болып табылады. Көп жыл көлемінде аудан түгілі, облыс аумағына элиталық сұрыпты бидай тұқымын сатумен айналысады.
- Дайындық жұмыстары барысында қандай мемлекеттік бағдарламалар қолданылады?
- Ондай бағдарлама суармалы жерлер бойынша ауданның «Ворошилов», «Ақтоған», «Кіші бөкен» каналдарына өткен жылдың қыркүйек айынан бастап жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Техника құралдары қажетті материалдар әкелініп, арық қазу, гидравликалық құрылымдар, шлюздер орнату жұмыстары биыл аяқталуы қажет. «2014-2020 жылдарға арналған Қазақстанның су ресурстарын басқару туралы» мемлекеттік бағдарламасы аясында суармалы жер алқабы ұлғаятын болады. Аталмыш бағдарма бойынша салынып жатқан үш каналға бюджеттен 1 млд.906 млн. теңге қаражат бөлінген. Қазіргі уақытта қаржыны игеріп жатырмыз. Семей қаласы мен Зайсан ауданынан келген арнайы мамандар жөндеу жұмыстарын ағымдағы жылы аяқтап, пайдануға беру жоспарланған.
- Әңгімеңізге рахмет!

ШОЛПАН АСЫЛБЕКҚЫЗЫ

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Сәуір 2018 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
            1
3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30            

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз