04 Сәуір 2018

Үлкенбөкен өнерпаздары

Ауданымызда байрақты ордамыз Астана қаласының 20 жылдық мерей тойына арналған селолық округтердегі көркемөнерпаздар ұжымдарының байқауы одан әрі жалғастырылуда. Бүгін Қалихан Алтынбаев атындағы мәдениет үйінде Үлкенбөкен ауылдық округінің өнерпаздары концерті болып өтті.

Read more

БАРМАҚ БАТЫР ТУРНИРІНІҢ ЖЕҢІМПАЗЫ АНЫҚТАЛДЫ

Көкпектіде Уақ Бармақ батырды еске алуға арналған футбол жарысы мәресіне жетті. Қараша айында басталған футбол чемпионатының ақтық ойындары 24 наурызда ойналды. Батыр ұрпағы болып келетін павлодардық жомарт азамат Сұңғат Тапалчинов демеушілік еткен жарыстың жүлдесін ауданның маңдайалды 8 құрамасы сарапқа салды. Әр ойыны тартысқа толы өткен жарыс барысында 56 ойын өткізіліп, оған 96 ойыншы қатысты. Елжанды азамат Аслан Таныспаевтың бастамасымен Көкпекті орта мектебінде өткен ойындарда барлығы 337 гол соғылды.

Read more

Директор-редактордың блогы

Көкпекті аудандық

 «Жұлдыз - Новая жизнь» 

газетінің сайтына қош келдіңіздер!

Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр.

Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Сәуір 2018 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
            1
2 3 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30            

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз