16 Сәуір 2018

ЕЛОРДАНЫҢ МЕРЕЙТОЙЫНА БИ АРНАДЫ

Ағымдағы жылдың, 10 сәуір күні Қалихан Алтынбаев атындағы аудандық мәдениет үйінде Жастар орталығы жəне білім беру, денешынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен Астана қаласының 20-жылдығына арналған «Ел жүрегі - Астана» атты аудандық жастар арасында флеш-моб би байқауы өтті.
Шара патриоттық әндермен бас-талды. Ақ және қызғылт сары түсті киініп, ашық аспан астында көк туымызды биікке желбірете шыққан жастардың жүздерінен Астанаға деген ерекше әсерлерін байқадық. Флешмобқа ауданымыздың түкпір-түкпірінен 17 топ қатысты. Байқаудың өту барысында өткен жылдан қарағанда аудан бишілерінің деңгейі бір шама жоғарылап өскеніне көз жеткіздік.

Read more

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЙҚАУДА ТОП ЖАРДЫ

2018 жылдың 3 - 5 сәуір аралығында Семей қаласында «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Ұлы дала дарыны» атты халықаралық байқауы өтті.
Халықаралық байқауға Асқар Сүлейменов бас-қарып отырған Балалар өнер мектебінің өнерпаз бүлдіршіндері бақ сынап, ауданымыздың үкілеген үмітін арқалап барып қайтты.

Read more

САУАТТЫ ТҰТЫНУШЫ БОЛЫҢЫЗ!

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті (ШҚО, Өскемен қаласы, Буров көшесі, 20, тел: 8 (7232)-26-37-40, факс: 8(7232)-57-79-91, e-mail: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.) Қазақстан Республикасының «Тұтынушылардың құ-қықтарын қорғау туралы» 2010 жылғы 4 мамырдағы № 274 - IV Заңының (ары қарай-Заң) ережелеріне түсініктеме жүргізеді.
1 сұрақ: Бөлме гүлін сатып алдық, бір жұмадан кейін солып қалды. Сатушыға жүгініп едік, ақшасын қайтарудан бас тартты. Осындай жағдайда не істеуге болады?
Жауап: Заңның 10-бабына сәйкес, тұты-нушының тауар (жұмыс, көрсетілетін қызмет) туралы, сондай-ақ сатушы (дайындаушы, орындаушы) туралы толық, дұрыс және уақтылы ақпарат алуға құқығы бар. Егер тауар (жұмыс, көрсетілетін қызмет) туралы, сондай-ақ сатушы (дайындаушы, орындаушы) туралы толық емес, дұрыс емес және уақтылы емес ақпарат беру тұтынушыға қажетті қасиеттері жоқ тауарды (жұмысты, көрсетілетін қызметті) сатып алуға әкеп соқса, ол шартты бұзуға және өзіне келтірілген залалды өтеуді талап етуге құқылы;

Read more

ОТБАСЫЛЫҚ ЖАРЫС ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ

Көкпекті ауылындағы «Шуақты шұғыла» балабақшасында «Көңілді старт» спорттық-отбасылық сайыс болды. Аталмыш спорттық шара Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында өтті.
Спорттық шараға мұрындық болып жүрген балабақшаның дене шынықтыру нұсқаушысы Ф.Әділханова. Сайысқа балабақшаның «Балапан» және «Айгөлек» топтары бүлдіршіндері өз аналарымен қатысты. Олар Сармановтар, Салықовтар, Рахметовтар, Ахметовтар, Мұкашевтар, Елеусізовтар, Килыбаевтар, Жұмашевтар. Қатысушылар өз отбасының төсбелгісімен біркелкі формасымен ерекшеленді. Спорттық сайыс барысында «Бәйге», «Теңге алу», «Арқан тарту» атты қазақтың ұлттық ойындары ойнатылды. Спорттық шара 9 кезең бойынша өтіп, ең мықтылар озып шықты.

Read more

МЕНТАЛЬДЫ АРИФМЕТИКАНЫҢ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЖҮЛДЕГЕРЛЕРІ

Ағымдағы жылдың 30 наурыз күні Алматы қаласында Халықаралық Ойша Санау Мектебінің lll Республикалық Олимпиадасынан (Train Your Brain) Көкпекті ауданы Прео-браженка орта мектебінің 4 сынып оқушылары Гүлім Айдын және Айым Айдын І орын алып қайтты.
Ментальды арифметика бұдан 5000 жыл бұрын оңтүстік-шығыс Азия елдерінде пайда болған және қазіргі таңда әлемде кеңінен қолданылуда. Бұл жүйе арқылы балалар ойша кез-келген арифметикалық есептерді калькулятордан бұрын есептей алады. Алайда, тез есептеу әдістеменің басты мақсаты емес.

Read more

ЕЛ ІШІ ӨНЕР КЕНІШІ

Көркемөнерлі Көкжайық
Сахна шымылдығы ашылғанда көзіміз үйренген жүргізушілер де емес, əншілер мен бишілер де емес, бас қаланың іргетасын қалап жүрген құрылысшылар, сылақшылар мен әктеушілер, құрылыс бригадирімен прораб ырғақты әуеннің тербелісіндегі бимен бастады. Еңбек күйі, құрылысшы биі сахна сәнін келтіре дөңгеленіп, аса мәртебелі, жасампаз құрылысты жүргізушілерді мадақтады.
Аппақ шытырадай жібек бұлмен кіреукеленген Бәйтерек макеті орналасқан сахна көрермендерді бір сəтке Елордамызға алып келгендей болды. Байқаудың мақсаты, Астананың 20 жылдығына арналғаны сахнаның төріне ілінген суреттерден байқалып, көрнекті безендірілулермен толығып тұрды. Суреттер мен картиналарды байқау тақырыбына сәйкестіріліп, арнайы жасаған Көкжайық орта мектебінің жас мұғалімі Олжас Бекмұханбетов екен.

Read more

ҚОҒАМДЫҚ ОРТАҒА БЕЙІМДЕУ – ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕ

Салауатты өмір салтын насихаттап, адам денсаулығына жіті көңіл бөлу, мүмкіндігі шек-теулі жандарға қолжетімді жағдай жасай отырып, қоғамдық ортаға бейімдеу – бүгінгі таңдағы өзекті мәселенің бірі. Осы орайда, мүмкіндігі шектеулі жандардың ем алуына және демалуына қолайлы жағдай туғызатын орындардың бірі Көкпекті ауданы арнаулы әлеуметтік көмек көрсету орталығы. Көкпекті ауданындағы арнаулы әлеуметтік көмек көрсету орталығы - мүмкіндігі шектеулі балалар мен жалғызлікті қарттарға мейірім нұрын дарытып, өмір сүруге деген үмітін жалғап келе жатқан ұжым. Осы орталықтың негізгі қызметінің  бірі - мүмкіндігі шектеулі  балаларға әлеуметтік көмек көрсету. Аталмыш мекеменің бүгінгі тыныс-тіршілігі туралы орталықтың директоры  Райхангүл Қапезқызы Баймолдинамен болған сұхбатты назарларыңызға ұсынамыз.

Read more

СЕНБІЛІККЕ ШЫҚТЫҚ, БЕЛСЕНІП!

Тазалық - аудан шырайын кіргізіп, қоршаған ортаға әдемілік сыйлайтын маңызды шаралардың бірі. «Тазалық - денсаулық кепілі», - деген ізгі ниетті басшылыққа алған аудан әкімдігі сенбіліктерді жиі ұйымдастырып тұрады.
Көктемнің шуақты күндерінен бастау алған ауданымызды қоқыстан тазарту мақсатында ұйымдастырылатын сенбілік жұмыстары бас-талды. Өткен жұма күні ұйымдастырылған жалпыаудандық сенбілік нәтижесінде аудан орталығы қыстан кейін кәдімгідей жаңарып қалды. Ауылдың түкпір-түкпірінде жүргізілген қызу тазалық жұмыстарынан соң аудан орталығы айнадай жарқырады. Сенбілікке қатысып, өз аумақтарынан қоқыс-қалдықты шығарып, ағаш түптерін әктеген көкпектіліктер ортақ үйіміздің әсемденуіне бір кісідей атсалысты.
Көкпекті ауылдық округі әкім-дігінің берген ақпаратына сүйен-сек, бұл жолы жалпыаудандық сенбілікке Ж.Шайжүнісов атындағы және Көкпекті орта мектептері, білім беру бөлімі, ТҮКШ, Көкпекті аудандық орталық ауруханасы, Көкпекті аудандық кірістер басқармасы, Қаржы, қорғаныс, статистика, аудандық мұрағат, ҚР ТҚКА ШҚО ТҚҚД Көкпекті аудандық ТҚҚ басқармасы, Вет.лабораториясы, Балалар өнер мектебі, Бос уақыт орталығы, аудандық кітапхана, Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар» бөлімі, «Нұр Отан» партиясы филиалы, «Көкпекті-Толағайы», «Шуақты Шұғыла», «Балерке» балабақшалары сынды мекемелер тазалық жұмыстарына белсене қатысқан. Ал, сенбілікке шықпаған мекемелер қарапайым тұрғындарға қай жағынан үлгі бола білді? Иә, қатысқан бір бөлек, қатыса отырып сенбіліктен нәтиже шығарған бір басқа.
Ауыл тазалығы, оның көркі мен сәні әрбір тұрғынның өз ауласы мен үйінің маңайынан басталады емес пе? Аудан орталығында тұра-тынымызды көпшілігіміз ұмытып кететін болуымыз керек. Жан-жағыңызға қарасаңыз үй иелерінің жекеменшік баспанасының ауласы мен маңайын абаттандыруға құлықсыздығының, ал көпқабатты пәтерлердің жан-жағына қоқыстарын қалай болса солай лақтыра беретіндігінің куәгері боласыз. Тіпті көршілес тұратындар бір-бірімен санас-пайды, ұялмай көршісінің тазалаған аумағына қоқыстарын лақтырумен болады. Міне, осындай тәртіпсіздікке аудан, ауыл басшылары қатаң шара қолданса деп ойлаймын. Тазалығымен ерекшеленген қандайда бір көрініс жанға жылу береді. Жанымызға рахат, көңілімізге шаттық сыйлайтын тазалақ шараларына алдағы уақытта да белсене қатыссақ нұр үстіне нұр болар еді.
Ауылымызды гүлдендіріп, көшелерімізді көр-кейтеміз десек санитарлық тазалықты өзімізден бастағанымыз жөн болар. Туған өлкенің тазалығын қадағалау әрбір тұрғынның азаматтық парызы екенін естен шығармайық!
Гүлдария Өскенбаева, «Көкпекті Толағайы» балабақшасының мейірбикесі:
- Сенбілік - халықты игілікті іске шақыру. Әр адам өз үйін әдемі, ауласын таза ұстаса ауылдың тазалығы мен көркіне көрік қосар еді.
Кез келген адам өз ауласының, тұрғылықты жерінің таза да әдемі болғанын қалайды. Сенбіліктің тазалыққа пайдасы зор. Сенбілікке шығып, талдарды әктеп, айналаны сыпырып, қоқыстарды өртеудеміз. «Тазалық айының» жа-рияланғанына қуаныштымын.
Гүлжанат Құрманғалиева, Балалар өнер мектебінің хатшысы:
- Сенбілік - тазалық кепілі. Әр адам сенбілікке кішкене де болса атсалысып, үлесін қосса тазалыққа деген жауапкершілігі де арта түседі. Олар сенбілікке шығу арқылы тазалыққа деген жауапкершілікті нығайтады. Себебі,өзің тазалаған жерді сен ешқашан шашпайсың, керісінше, ауыл-ды бүлдіріп жүргендерге көз жұмып қарай алмай оларға ақылыңды айтасың. Сенбілік осыған үйретеді.
В.Дюсупов, «Көкпекті Толағайы» бала-бақшасының жұмысшысы:
- Таза үй, таза ауыл кімге болса да ұнары анық. Десек те, тазаны ластап, шашып, бүлдіретін де өзіміз. Сол себепті «Тазалық айының» жарияланғанына қуа-ныштымын. Себебі тазалық айын-дағы сенбілік жұмысына қатысу арқылы аудан тұрғындары ауылды ластамауға үйренеді. Кім өзі жинаған жерді ластағысы келеді?! Әрине, ешкім ластамасы анық. Сондықтан «Тазалық айы» әр мезгілде тоқтамасын, сенбілік жұмысы жалғаса берсін.

КЛАРА ҚАЙЫПЖАНҚЫЗЫ

Read more

ЖАС ТҮЛЕКТЕРДІ АУЫЛҒА ШАҚЫРДЫ

Сәуір айының 10-11 күндері аудан әкімінің орынбасары Дәурен Қойгелдин бос орындар жәрмеңкесі аясында Семей жəне Өскемен қалаларының жоғары оқу орындарында студент жастармен кездесті. Биылғы жылы білім ордаларын аяқтайтын түлектермен кездесуге ішкі саясат бөлімінің басшысы Бек Нұғыбаев, жастар орталығының директоры Азамат Халық, маслихат депутаты, білім беру бөлімінің маманы және мектеп директорлары қатысты. Бүгінгі күні ауданда білім беру, денсаулық сақтау, мемлекеттік қызмет жəне ауылшаруашылық салалары бойынша 100-ден астам мамандар қажеттілігі туындап отыр. Екі күнге созылған бос орындар жәрмеңкесінің қорытындысы бойынша 56 жас түлекпен келісім-шарт жасалды.

Read more

ВЕРНУЛИСЬ С ПОБЕДОЙ И ПРИЗАМИ

3 – 5 апреля 2018 года в городе Семей в рамках реализации программы «Рухани жаңғыру» прошел Международный конкурс «Ұлы дала дарыны» - «Таланты великих степей». В нем среди сотни конкурсантов из разных стран приняли участие и наши кокпектинские ребята - учащиеся музыкальной школы Мурат Бакдаулет, Оразкен Арман, Талгатбекулы Бекзат, Юсупова Дильназ, Акылбаева Дина по вокалу, по танцевальному направлению хореография младшая, старшая группа «Балауса», «Жулдыз-ай», «Тумар», «Көркем».
По итогам конкурса, наши ребята из Детской школы искусств заняли призовые места, показав свое мастерство и артистизм. Мурат Бакдаулет (руководитель Д.Ахметжанова) выиграл «Гран-при» конкурса и был награжден кубком и грамотой. Оразкен Арман, Юсупова Дильназ (руководитель А.Есполова) завоевали третье место и были награждены бронзовыми медалями. Талгатбекулы Бекзат и Акылбаева Дина получили дипломы I степени и были награждены медалями.

Read more

Директор-редактордың блогы

Көкпекті аудандық

 «Жұлдыз - Новая жизнь» 

газетінің сайтына қош келдіңіздер!

Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр.

Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Сәуір 2018 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30            

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз