Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 24 сәуірдегі №555 Жарлығымен бекітілген «Қазақстан Республикасының аудандық маңызы бар қалалары, ауылдық округтері, ауылдық округтің құрамына кірмейтін кенттері мен ауылдары әкімдерін қызметке сайлау, өкілеттігін тоқтату және қызметтен босату» қағидаларының 45-тармағына сай аудандық мәдениет үйінде Теректі және Қ.Аухадиев ауылдық округтері әкімдерінің сайлауы өтті. Сайлауға округ әкімдеріне сенім білдірген кандидаттардың адамдары және БАҚ өкілдері қатысты.


Бекітілген тәртіпке сәйкес, таңғы 10.00-де сайлау учаскесінің ашылуы және аудандық Мәслихат депутаттарымен мәслихат хатшысы Т.Сармановтың, аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрайымы Б.Оразғалиеваның басшылығымен депутаттарға дауыс берудің тәртібі туралы түсіндірілді.
Айта кетейік, ауылдық округтері әкімдерінің сайлауына 4 кандидат өз кандидатурасын ұсынған болатын, Теректі ауылдық округі әкімі лауазымына – Қайрат Ахметқлиевқа және Қайрат Жылқышов, Қ.Аухадиев атындағы ауылдық округке Меруерт Малғаждарова және Қуаныш Әңкебаев.
Дауыс беру бюллетеньдерін алғаннан кейін, әрбір халық қалаулысы дауыс беру кабинасына өтіп өз таңдауын жасап, нәтижесінде Теректі ауылдық округі бойынша сайлауға қатысқан 11 таңдаушының 10 Қ.Ахметқалиевқа, 1 дауыс Қ.Жылқышевқа, Қ.Аухадиев атындағы округі бойынша 11 таңдаушының 10 М.Малжағдароваға, 1 Қ.Әңкебаевқа дауысын беріп, тиісінше кандидаттар ауылдық округ әкімі болып сайланды.

КЛАРА ҚАЙЫПЖАНҚЫЗЫ

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Сәуір 2018 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
            1
3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30            

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз