Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Наурыз мейрамы облыс орталығы Өскеменде кеңінен аталып өтілді. Мерекелік шара барысында, орталық алаңда мерекелік концерт және театрландырылған қойылым жұртшылыққа ұсынылды. Сондай-ақ, киіз үйлерде наурыз көже дайындалып, алаңда қазақтың салт-дәстүрін көрсететін ұлттық рәсімдер жасалды.

 

Наурыз мейрамы кімнің болмасын көңіліне жақсы тілектер мен адал ниеттің орнап, елжіреген күн көзіндей жан біткеннің бала кейіпке түсетін кезі. Алаңға жиналып, бір-біріне құттықтау айтып, төс түйістіріп жатқан жұртшылық алты ай қыстың суығына тоңған арқа жондарын жібітер тілек айтты.
Еліміздің жүрегі Астана қаласының биылғы мерейтойына орайластырып 20 күйім үй тігілді. Оның бірі Көкпекті ауданының арнайы тіккен ордасы. Мәдениет үйінің қызметкерлері орнатқан киіз үйден бұл күні дәм татпаған адам аз шығар. Құрметті қонақтардан бас-тап қарапайым думаншыл халықтың өзі дастарханнан дәм ауыз тиіп жатты. Қонақжайылық дәстүрін молынан ашып көрсеткен көкпектілктерге жұртшылық алғысы шексіз болды.
Мерекенің мерейін «Толағай» вокал-дық триосы мен Қалихан Алтынбаев атындағы мәдениет үйінің басқа да өнерпаздары асырды. Тойға келген халайық аудан өнерпаздарының өнерін тұшына тамашалады.
– Ұлыстың ұлы күнімен қатар келген жәрмеңкеге ерекше дайындықпен келдік. Жәрмеңкеге төрт тонна сиыр еті мен бір тонна жылқы етін, сондай-ақ 1,5 тонна балық, 4,5 тонна көкөніс, сегіз мың дана жұмыртқа әкелінді. Сонымен қатар, қала тұрғындары мен қонақтарын өзіміздің өнерімізбен де қуантып, концерттік бағдарлама әзірледік. Алаңның ортасына киіз үй тігіп, қала тұрғындары мен қонақтарына дастарқан жайып, астан дәм татырып жатырмыз, - деді аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Ерлан Қалдыбаев.
Жәрмеңкеге әкелінген мол өнімнің артында қажырлы еңбек тұр. Әрбір ауылдық округ шатырының қасында екі аяғынан тік тұрып, өнімнің өтуіне, алушының ризашылығына аса көңіл аударып тұрған ауыл әкімдерінің еңбекқорлығына еріксіз сүйсінесің. Мейрам күні облыс орталығын мол өніммен қуантқан көкпектіліктердің бұл күнгі абыройы осы азаматтардың арқасы. Береке-бірлікпен аудан намысы үшін барын салып жүрген ауыл әкімдерінің еңбегін ерекше бағалаған аудан әкімі Рамиль Сағындықов әрбірінің еңбегін жеке атап өтті.

Дархан БЕРДІБЕК

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Сәуір 2018 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
            1
3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30            

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз