Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Облыс орталығындағы Халифа Алтай мешіті жақсы бастамалар мен игі істерге мұрындық болатын, елге үлгілі, жағымды дәстүр тарататын берекелі ұжым. Қазіргі заманда мешіттерде ақша ұрлапты, бейәдеп ән салып, туған күн тойын жасапты дегенді естіген де кезіміз болған. Ал енді мүфтиліктің бәйгесіне айтыс өткізу – ұлттық өнерге деген қамқорлықтың артқаны емес пе. Наурыз мейрамын мадақтап, жаңа жылды қарсы алуға арналған айтысқа ауданымыздан Қалихан Алтынбаев атындағы мәдениет үйінің әртісі, айтыскер ақын Фархат Маратұлы қатысты.


Айтыскер ақынымызды таныстыра кететін болсақ: Таянкенов Фархат Маратұлы 1987 жылы 29 қыркүйекте Шығыс Қазақстан облысы, Жарма ауданы, Сұлусары ауылында туған. Жетінші сыныпта алғаш аудандық айтысқа қатысып, ақындық жолға түседі. Одан әрі Семей қаласындағы «Наркескен» ақындар мектебінде тәлім алды. Танымал ұстаз Сиязбек Сүлейменов жетекшілік ететін бұл мектеп Ринат Заитов, Әсем Ереже, Сара Тоқтамысова, Қарлығаш Әубәкірова сияқты елімізге әйгілі ақындарды даярлаған өнер ордасы. Шәкәрім атындағы Семей Мемлекеттік Университетінде оқып, қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі мамандығын меңгерген. 2010 жылдан Алматы қаласында «Арда» жас ақындар үйірмесін ашып, соған 2015 жылға дейін жетекшілік атқарды. Қызметінен қол үзбей жүріп Республикалық «Арда» жас ақындар арналған газетін шығарды. Бірнеше республикалық және xалықаралық айтыстардың жүлдегері.
24 наурыз күні болған айтыс «Наурыз айы келгенде» деп аталып, Өскемен қаласындағы Металлургтер сарайында өтті. Айтыс-ты ұйымдастырған Халифа Алтай мешітінің бас имамы Ермек қажы Мұқатай Бас жүлдеге Қажылық сапар жолдамасы, 1-орынға 200 мың теңге, 2-орынға 150 000 теңге, 3-орынға 100 000 теңге тігілгенін хабарлап, ақындарға ақ тілегін айтты. Айтыстың мәресінде қазылар алқасының төрағасы, Қазақстан жазушылар одағының мүшесі, жазушы Әлібек Қаңтарбаев кілең жүйріктерді бағалау қазылар алқасына да оңайға түспегенін айта келе, сайыстың әділ бағаланғандығын жеткізді. Айтыста Бас бәйге, «Бас мүфти Серікбай қажы Ораздың жүлдесі» Үлкен Қажылықтың сертификаты елімізге танымал жас айтыскер Қуаныш Еркінұлына, бірінші орын жүлдесі семейлік ақын Серік Қуанғанға, екінші орын жүлдесі Көкпектіден келген Фархат Маратұлына бұйырса, үшінші орынды өскемендік ақын Гүлжан Ықылас еншіледі.
- Зал толы көрерменнің ыстық ықыласынан, тіпті дін қызметкерлерінің де өнерге бұрыла баста-уынан, шырайлы да шұрайлы өлке шығысымызда сөз өнерінің падишасы - айтыстың ерекше дамып келе жатқанын білуге болады – деді, бізбен бөліскен сұхбатында жүлделі ақынымыз Фархат Маратұлы.

Қайрат БЕСБАЙЫС

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Сәуір 2018 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
            1
3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30            

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз