Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Қазақстандағы гендерлік саясаттың міндеттеріне әйелдер мен ерлердің билік құрылымдарында теңдестірілген қатысуына қол жеткізу, экономикалық тәуелсіздіктің барлық тең мүмкіндіктерін қамтамасыз ету, өз бизнесін дамыту және қызмет бабында ілгерілеу, отбасында құқықтар мен міндеттерді тең жүзеге асыру үшін жағдайлар жасау, жыныстық белгісі бойын-ша зорлықтан еркін болу жатқызылады. Сонымен, гендер дегенміз - ерлер мен әйелдердің мінез-құлқын, сондай-ақ, олардың арасындағы әлеуметтік өзара қарым-қатынасты айқындайтын, олардың әлеуметтік және мәдени нормалары мен рөлдерінің жиынтығы. «Gender» сөзі ағылшын тілінен аударғанда жыныс (еркек, әйел) дегенді білдіреді. Еліміздегі аса маңызды демократиялық процесс - ұлттық гендерлік саясат.


2009 жылдың желтоқсан айында алғаш рет гендерлікке бағытталған заңнама - «Тұрмыс қажеттілігіне күштеуді жою», «Ерлер мен әйелдердің тең құқықтары мен мүмкіндіктеріне байланысты мемлекеттік кепілдеме» заңдары қабылданды Басқару саласында әйелдер айтарлықтай көп. Мысалы, барлық әкімшілік мемлекеттік қызметшілер арасында әйелдердің саны 55,2 пайыз. Ал жетекші қызметтегі әйелдердің жөні бөлек. Олардың саны әлемдік талаптармен (30 пайыз) салыстырғанда біршама төмен екені рас. Парламент депутаттарының саны 27,1 пайызға дейін ұлғайды. Барлық деңгейдегі мәслихаттарда орта есеппен 22,2 пайыз депутат әйел бар. Бірақ 2006 жылы Президенттің жарлығымен қабылданған Қазақстандағы гендерлік саясат туралы құжат бойынша он жыл ішінде басшылықтағы әйелдер үлесін 30 пайызға жеткізу керек. Бүгін де арулар араласпаған сала кемде-кем. Кезінде нәзік жандыларға «қолемес» саналған ішкі істер органдарында жыл сайын қыз-келіншектердің қатары артып келеді. Мәселен, бүгінде ІІМ-нің орталық аппаратында әйелдердің үлес салмағы 30 пайызға жетсе, ал жалпы министрлік бойынша қызметкерлердің 10,4 пайызын әйелдер құрайды екен. Қазір адамды жынысына қарап емес, қабілетіне қарай бағалайтын заман. Сондықтан, қазақ әйелдеріне деген құрмет тек отбасы, ошаққасы төңірегінде ұйысқан десек қателік болар еді. Қазірдің өзінде әйелдер саясатқа, билікке ұмтылып жатыр. Бірақ, олардың талпыныстарын жоғарыдағылар оң бағалап отырған жоқ. Қайта, денсаулық сақтау және білім беру саласында, шағын және орта бизнесте әйелдер жүр. Гендерлік тең құқық болуы үшін билік басында қоғамға үн қататын, өжет, қайсар ханымдардың болғаны маңызды. Әйелдер ақыл-парасаты жағынан да, білімі, кәсіби шеберлігі мен қабілеті жағынан да ер адамдардан еш қалыспайды. Бұл - дәлелдеуді қажет етпейтін аксиома. Қыз-келіншектердің еңбектегі және интеллектуалдық потенциалын билікте де пайдалану керек. Ал, гендерлік саясат - қоғамдық өмірдің барлық салаларында ерлер мен әйелдердің теңдігіне қол жеткізуге бағытталған мемлекеттік және қоғамдық қызмет.

М.Мәуітқанова,
Көкпекті ауданының № 2 аудандық сотының жетекші маманы

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Сәуір 2018 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
            1
3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30            

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз