Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Шығыстың батыр, аты аңызға айналған ұлдары, барлаушы Қасым Қайсеновті білмейтін жан жоқ шығар. Оны тек қазақ жерінде ғана емес, Украйнада да құрмет тұтады. Қасым Қайсеновтың жазған шығармалары  көпшілік сүйіп оқитын бірегей туындылар қатарында.

Халық қаһарманының шығармалары бойынша әдебиеттік оқу  Самар орталық кітапханасында өтті. Жазушының «Отан үшін», Жау тылында», «Партизан анасы», «Карпатта», «Днепрдегі кездесу», «Зоя радистка», «Ажал аузынан», «Отряд ізімен» атты шығармаларынан үзінділерді Н.Нұржанқызы, Ажар Мұхамадиева, Дамир Кеңесов, Дильназ Алиназинова, Архат Нұрмұхамбет, Райхан Шәкерова, Бекзат Садықов, Тимур Шкибаев жатқа айтты. Бұл оқушыларды Ж.Болғанбаев атындағы орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Б.Хасенова дайындаған.

Кітапханашы Г.Бакиева балаларға алғыс айта отырып, барлығын марапаттап, сыйлықтар ұсынды. Аты аңызға айналған жазушы, партизан Қасым Қайсеновтің шығармасымен таныса отырып, оқушылар өздерінің Ұлы Отан соғысы туралы түсініктерін кеңейте түсті, патриоттық сезімдерін ұштап, кітап оқуға деген құмарлықтары артты.

Клара НҰРПЕЙІСОВА

Жақия Шайжүнісов атындағы орта  мектепте ұлттық салт – дәстүрді насихаттап, ұрпақ бойына қалыптастыруда жыл сайын сан-салалы тәрбие шаралары өткізіліп отырады. Осындай шара -  Ұлы Жеңістің 70 жылдығына орай бастауыш сынып ұлдары арасында өткен «Жігіт сұлтаны» байқауы.

Сайыстың осылайша аталуы  жас ұландардың арман-қиялына шабыт беріп, үлкен жігіт, немесе жігіттің сұлтаны боламын деген ой-қиялға жетектейді. Бұл сайыста әр ұл бала өзін таныстыру өнерлерін көрсету, қол шеберліктерін, аталар сөзін айту, күш сынасу бағытында жан-жақтылықтарын көрсетті. Қатысқан барлық бастауыш сынып ұлдары бірінен бірі өтіп, ұстаздары, ата аналары үйреткен тәлім-тәрбие түрлерін белсенді көрсете білді. Әділ қазылар шешімімен 1 «а» сынып оқушысы Абылай Алғабекұлы алға шығып, «Жігіт сұлтаны» мәртебесін жеңіп алды. Бұған  тәрбиелеген ұстазы Бақытгүл Қазыбекқызының тынымсыз еңбегі бар.

Міне, әр баланы жастайынан әр салаға баулыса, тал шыбықтай көктеп, өрісі кеңейіп, ел ертеңін алға апарар мықты азамат болары сөзсіз. Баланың қуанышы мен жетістігі ата-ана үшін мақтаныш, ұстаз еңбегінің жемісі.

Жанерке АБЫЛХАН

Болашақ ұрпақты патриот-тық үлгіде тәрбиелеуде мектеп мұражайы ерекше маңызды рөл атқарады. Мұражай ата-бабаларымыздың ұрпақтан-ұрпаққа жеткен мұрасын насихаттайтын мәдениет ошағы болып табылады. Ондағы сақталған тарихи жәдігерлер оқу-тәрбие үдерісінде кеңі-нен қолданылып, ата-баба-ларымыздың бүгінге дейінгі өмірі туралы, өткен күндердің құнды дүниелері туралы сыр шертетіні белгілі.

Толығырақ...

Ұлы Жеңістің 70 жылдық мерейтойына орай, Көкпекті ауылындағы «Балерке» балабақшасының бүлдіршіндері Жеңіс саябағындағы ескерткішке гүл шоқтарын қойып, ардагерлер рухына тағзым етті.

«Тәрбие - тал бесіктен» демекші, балдырғандарды адамгершілікке, Отанын сүюге, оны қорғауға баулып, патриоттық тәрбие беру және ардагерлерді сыйлай білуге, оларды құрмет тұтуға үйрету мақсатында «Жеңіс жалауы» атты іс-шара өтті.

Әскери киімдерін киіп, қолдарына гүл ұстаған бүлдіршіндер ата-аналар мен келген қонақтарға өз өнерлерін көрсетіп, зор қошеметке ие болды.

Концерт барысында Жұлдыз тобы «Мен солдат боламын», «Бауыржан Момышұлы» әндерін, ал, Күншуақ тобы «Катюша» әнін орындап, мерекелік іс-шараны мәресіне жеткізді.

Майдан даласында қан кешіп, Отан үшін от кешкен Батырларды ұлықтаған жас ұрпақтың санасында бұл сәт мәңгі сақталары анық.

Жанерке АБЫЛХАН

Еліміздегі басты мерей-тойлардың бірі - Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығын атап өтуге санаулы күндер ғана қалды. Бүгінде мемлекетімізде жүз отыздан астам ұлт пен ұлыс өкілдері бірлік пен ынтымақта тату – тәтті өмір сүруде. Осындай жандардың арасында бір-бірімен көңілі жарасқан интернационалды отбасылар да аз емес. Бір шаңырақ астында бейбітшілікте қазақтың әдет – ғұрпын берік ұстанған от-басының бірі – Көкпекті ауы-лында тұратын Гусейновтар әулеті.

Минижиан Гайфутдиновна татар қызы. Өмірлік жан жары - Гусейн Свооглының ұлты әзербайжан. Жастарды Көкпекті ауылы таныстырып, табыстырған.

Бүгінде әже болып отырған Минижиан 1953 жылы Көкпектіде дүниеге келген. Мектеп бітірген соң Семейдегі педагогикалық институттың физика-математика факультетін тәмәмдап, 42 жыл Көкпекті орта мектебінде ұстаздық қызметте болған. Ал, Гусейн ата 1951 жылы Азербайжан республикасының Ленкоран қаласында дүние есігін ашқан. 1972 жылы Көкпектіге көшіп келгеннен кейін құрылыспен айналысқан. Сол қызметте жүрген кезінде өмірлік жан жолдасы Минижианды кездестіріп, бірден ұнатқанын бізге майда қылжақпен баяндап берді. – Біз кемпіріміз екеуміз 1973 жылдың 5 желтоқсанында таныстық. Бір көргенннен ұнаттым. Осы қызбен шаңырақ көтеруге бел байлап, 1974 жылы наурыз айында отбасын құрадық. Содан бері, міне, қанша жыл өтсе де тату-тәтті ғұмыр кешудеміз. Үш қыздың әкесімін. Бейбітшілігі жарасқан елім, кең байтақ жерім бар. Сондықтан менен асқан бақытты жан жоқ! – дейді Гусейн ата.

Отасқан жылдарын ғана емес, тіпті танысқан күндеріне дейін естерінде сақтаған екі қарттың махаббатына таң қалмасқа амалың жоқ. Осындай ғашықтық сезімнің нәтижесі - раушандай жайқалған үш қызы. Бүгінгі күні қыздары бір-бір шаңырақтың түтінін түтетіп отырған үлгілі ана. Үлкен қызы Адия орыс жігіті Николаймен шаңырақ көтеріп отбасымен Павлодар қаласында. Ортаншы қыздары Мадина Серік есімді қазақ жігітіне тұрмысқа шығып, Семей қаласына қоныc тепкен, кенжелері Альфия әкесі қазақ анасы орыс, яғни ұлты қазақ Анатолий есімді жігітпен отбасын құрып, Көкпекті ауылында тұрады. Аталған қыздарынан асыл сүйекті қарттарымыз 8 немере сүйіп, солардың қызығын көріп отыр.

Біздің елдегі бірлік пен қоғамдық келісімнің баста-уы - Қазақстан халқының ор-тақ тарихы. Ғасырлар бойы тағдыр талайына ұшыраған халықтарды құшағына сыйдыра білген қасиетті Ұлы Дала көптеген ұлыс пен ұлттың құтты қонысына айналды. «Бақ та, тақ та таласқанға бұйырмайды, халықтық істе жарасқанға бұйырады» деген дана бабаларымыз. Көкпекті жерін мекендеп жатқан интернационалды отбасылар соның бірден бір айғағы десе де болады. Махаббат толқынында бірге жүзген қарттарға мықты денсаулық пен ұзақ ғұмыр тілейміз.

Жанерке АБЫЛХАН

Редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов. 

 

 

Күнтізбе

<< < Ақпан 2025 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28    

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз