Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Ауданымыздағы мәдениет саласының бүгінгі тыныс - тіршілігімен танысу мақсатында Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Әлібек Түсіппекұлы Саржановпен кездесіп, бірнеше сауалдар төңірегінде сұхбат жүргізген едік.

-Әңгімемізді, бастамас бұрын сізді жаңа жылыңызбен құттықтағым келеді. Енді былтырғы жылқы жылында жүргізген іс-шаралардың қорытындысына тоқталып өтсеңіз.

-Рахмет,сізге. Жалпы алғанда біздің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі аудан әкімшілігінің бізге қойған тапсырмаларын толығымен орындадық деп анық айта аламын, себебі ауданымызда ұзын саны 1900 іс-шаралар өтті. Сонымен қатар, ауданымыздың шығармашылық ұжымдары, жұмыскерлері  мерекелік іс-шараларға белсене қатысты. Атап айтсақ, 2014жылдың 7-10 сәуір аралығында Барнаул қаласында ұйымдастырылған, «ШҚО мәдениет күндері» төңірегіндегі іс-шараға ауданымыздың Қ.Алтынбаев атындағы мәдениет үйінің әртістері өнерлерін көрсетті. Ал, ақ  жаулықты әжелерімізден құрылған «Інжу-маржан» ансамблі, «Қайран ерлер, қаһарман ардагерлер» атты Ұлы Отан соғысындағы жеңістің 70 жылдығына арналған облыстық байқауға қатысты. «Абай атындағы музыка драма театрының 80 жылдық» мерейтойына арналған «Халық театрлары фестиваліне», ауданның мәдениет үйінің драмалық тобы қатысты. Сонымен бірге, мәдениет саласында материалдық-техникалық жағынан жағымды жаңалықтарда бар, көптеген мәдениет үйлеріне күрделі және жүйелі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Подгорное ауылындағы мәдениет үйінің жөндеу жұмысына жұмсалған қаражат -11664,0 мың теңге. Қазіргі таңда ауданымыздың мәдениет үйлерінің жанынан құрылған 17 шығармашылық ұжымдар бар, оның 3-інің халықтық ұжым деген атақтары бар. Олар «Толағай» тобы, «Асыл мұра» этнографиялық клубы, «Іңкәрім-ай» триосы. Осындай атақты алу үшін, «Інжу-маржан», «Асыл қазына»,         «Шолпан»бишілер ұжымы аянбай еңбек етуде.

-Өте жақсы, Әлібек Түсіппекұлы! Өткен жылда талай жетістіктерге жетіпсіздер, бұл әрине біздің ауданымыздың мәдениетінің дамуы, өсуі екені рас. Енді биылғы қой жылында аудан халқына, мәдениет саласының қандай жағымды жоспарлары бар екені жайлы айта кетсеңіз.

- Енді, өздеріңізге белгілі алда келе жатқан қасиетті мерекеміз жеңіс күні екені барлығымызға аян. Осы 2015-жыл мерейтой негізінде Жеңістің 70-жылдығы төңірегінде, әр түрлі мерекелік іс-шаралардың жоспарлары жасалуда. Шығармашылық топтар әндерін жаңартуда. Жыл сайын дәстүрге айналған ауылдық округтер, аудандық ұжымдар арасында жүргізетін көркемөнерпаздар байқауы, Қазақ хандығының 550 жылдығы, Қазақстан халқының ассамблеясына 20 жыл, Ата заңның 20 жылдығына арналған мерейтойлар төңірегінде болады. Сонымен қатар, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің материалдық және техникалық базасын толықтырып, жұмысына білікті мамандарды тартуды жоспарлап отырмыз.

- Бәрімізге белгілі, игі істерді атқаруда қолдың қысқалығынан көмек керек болып жатады. Осыған орай, әттеген-ай дейтін кездеріңіз болды ма?

-Ондай мәселелерге менің айтарым, шалғай жатқан, шағын  ауылдардағы мәдениет ошақтарының материалдық жағдайлары ойландырып, әттеген - айға әкеп соқтырады. Бірақ, «Қалауын тапса қар жанады» деген мақал бар ғой. Алда осы мәселені аудан әкімшілігі, мәдениет саласы бірігіп шешеміз деген ойдамын.

- Ойларыңыздың орындалуына тілектеспін. Алтын уақытыңызды бөліп, сұхбаттасқаныңызға көп рахмет. Сізге, сіздің мәдениет  саласындағы ұжымға жаңа жылдық табыс тілеймін.

Клара ҚАЙЫПЖАНҚЫЗЫ

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Қаңтар 2015 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 31  

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз