Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

М.Әуезов атындағы орта мектептің 8 сынып жетекшісі Б.Смағұлованың ұйымдастыруымен ата-аналар кеңесінің кезекті отырысы «Қызым, саған айтам...» тақырыбында өтті. Отырыстың мақсаты, мектептегі қыз балалар мен аналар арасындағы қарым-қатынас, тәрбиенің маңызы болды.

Осал да болма, ойыңнан оңай адасқан,

Өжет те болма, орынсыз сөзге таласқан.

Алдымен қызға керегі пәктік, адалдық,

Одан соң, жаным, жаз мінез керек жарасқан... - деген «Сіңіліге сыр» атты өлең шумақтарымен ашылды. Жиналыстың ашылу кезеңінде Б.Смағұлова: «Әйел бір қолымен бесік тербетсе, екінші қолымен әлемді тербетеді. Мына жарық дүниеге әкелген Ана алдында бәріміздің де бас иетініміз сондықтан десек, бүгінде ұрпақ өсірумен қатар, ел еңсесінің көтеріле түсуіне өз үлесін қосып келе жатқан қазақ әйелдері. «Қыз өссе - елдің көркі» деп ата-бабаларымыз қыздарды әрқашан гүлге теңеген. Қыздарымызға нәзіктік, сұлулық, ұяңдық, ибалылық, сыпайылық, әдемілік, іскерлік, шеберлік, рухани байлық, ақ ниет, сүйіспеншілік, намысшылдық, бәрінен де ар тазалығы тән» деп бастады мұғалім бас қосуды. Сонымен қатар, бүгінгі қыз – ертеңгі ана, сондықтан халқымыз әйел – барша тіршіліктің бастауы, өмірдің сәні деп қасиет тұтып, ардақтап аялаған дей келе, ана мен қызы арасындағы қарым-қатынас жөнінде бірнеше сауалдар қойылды. Осы сауалдар төңірегінде жауап бергендер ішінде анасына сырын ашық айтатындар да бүгіп қалатын қыздар да бар екені байқалды. Ата-аналар отырысына келген  ақылшы ана, жанашыр әже, ұлын ұяға, қызын қияға қондырып, шөбере сүйіп отырған Райхан әжей былай деді: - Қазақта «Қызға қырық үйден тыю» деген сөз бекер айтылмаған. Біздің ата-бабамыз келешек ұрпағының тазалығын қыздың тәрбиесінен бастаған. Осындай дәстүрдің бәрін жоққа шығарып, демократияны желеу етіп, өркениеттік осы екен деп, бетімен кету – ол біздің ата дәстүрімізге, жалпы ұрпағымызды тәрбиелеп – өсіруге кері әсерін тигізуде. Оң жақта отырып, қыздың пәктігін сақтай алмауы өз тағдырына жауапсыз қарағаны. Мұндай қыздарға бір әулеттің жауапкершілігін сеніп тапсыруға болмайды. Әр ана өз ұрпағының тәрбиесіне тиянақты, жауапкершілікпен қарағанда ғана, жамандықтан сақтандыра аламыз, – деп тебіренді. Осы отырысқа арнайы шақырылған ауылдық аурухананың акушер дәрігері Г.Тлебалдина жасөспірім қыз алғаш рет гинекологқа қай жастан барып қаралуы қажет, дәрігерге келген қыздар қалай тексерілетіні, ерте жыныстық қатынастың қыздар денсаулығына зияны туралы мәселелер төңірегінде, медициналық тілде өте түсінікті, тартымды жауап берді. Бас қосуға қатысқан аналар қыздардың ұстанымы - қыз деген атқа лайық болуы керек екенін баса айтысты. Мектеп психологы Г.Әзімбаева: - Ерте жастан жүкті болып қалуды кез келген қыз мақсат тұтпайтыны анық. Дегенмен, ойнақтап жүріп от басып қалған қыздардың оң босағада отырып босанған соң, жантүршігерлік әрекетке барып жатқандары жиі кездесуде. Олардың қатыгездікке баруының себебі неде? «Естіген елден ұят» деген жалған намыс па? Әлде ата-анасынан, бауырларынан қиын сәтте қолдау таба алмауынан ба? Осы сұраққа психолог тереңірек тоқталып жауап берді: «Өз анасына, әжесіне, жеңгесіне ойындағысын айтуға бата алмай (сыр айтып, ақыл-кеңес айтуға әдетке айналдырмаған отбасыларда) күйзеліске ұшырайды. Тәрбиелеу деген осы екен деп тым қаталдыққа салыну да бала жастан қызды жалтақтыққа алып келетінін ұмытамыз. Осыдан барып өз анасына сырын айтуға жасқанады. Сол үшін қызды кішкентайынан өзімізге әбден сендіріп, анадан артық жақын адам жоқ екенін ұғындырып өсіруіміз керек», деп сөзін аяқтады мектеп психологі.

Осы отырысқа келген, көпті көрген, бірнеше ұл қызды тәрбиелеп, немере қызығын көріп отырған Күміс апайдың да айтары көп болды. Немересі Толғанай екеуі сырлас, дос-құрбы сияқты екендігін айтты. Қыздарға ақыл-кеңесін берді: қыз баласы мәдениетті, әдептілікті, сыпайылықты сақтағаны жөн. Жігіттерден соны талап ету керек. Өзіңе деген сый-құрметтің бағасын түсірме. Сөйлегенде де, әдептілікті сақтай білсең, сол арқылы жігіттерді, қоғамды тәрбиелей аласың. Ата-аналар кеңесінің қорытынды сөзін мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары М.Садықова – Өкінішке орай, айтып отырған дәйектеріңізбен келіспеуге амал жоқ болып тұр. Бірақ, біз неге ерте жастан жүкті болып қалған қыздың мәселесіне ғана қараймыз? Ол қыз сол әрекетке не себепті барды? Шынымен мектеп жасынан жеңіл жүріске салынғаны ма? Немесе ерте жастан жүкті болып қалуына зорлау фактілері себепкер болды ма? Оған кінәлі кім? Міне, осы жағына да көп мән беру керек сияқты. Тәрбие мәселесінде әрине мектеп психологы, мұғалімдер және сынып жетекшілердің өзіндік рөлі бар. Дегенмен, ең алғашқы тәрбие отбасынан басталады. Осы екі тәрбиенің үйлесім тапқан кезінде ғана оның оң әсері болары сөзсіз. Бүгінде оқу ошақтарында қыздар клубы және қыздар кеңесі жұмыс істейді. Сондай-ақ, оқушылар психологтардың кеңесіне жүгінуіне толық мүмкіндіктері бар. Сондықтан ең бастысы отбасындағы тәрбиеге мән берген абзал. Отбасында ұлтымыздың атадан балаға мирас болып қалған тәрбиесін пайдалануымыз керек, - деді.

Осы отырыстың аналар үшін де, қыз балалар үшін де маңызы зор болды деген сеніммен тарқастық.

Ғ.Әзімбаева, мектеп психологі

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Наурыз 2015 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз