Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Ағымдағы жылдың 2 наурызында биыл мектеп бітіретін түлектер тапсыратын Ұлттық бірыңғай тестілеуге байланыс-ты білім бөлімінде Көкпекті ауданының мектеп мұғалімдері қатысқан семинар өтті.

Семинар барысында ҰБТ өткізу орталығының директоры Дина Ибраимова ҰБТ-да былтырғы жылмен салыстырғанда ешқандай айырмашылық жоқ екенін айтты. Сонымен қатар, тестілеудің мақсаттары мен міндеттері және тестілеуді өткізу технологиясымен таныстырды. - Тестілеуге жалпы 3,5 сағат немесе 210 минут беріледі. Ұлттық бірыңғай тестілеуге міндетті 4 пән: математика, қазақ немесе орыс тілі, қазақстан тарихы, орыс (қазақ) тілінде оқытатын мектептердегі қазақ (орыс) тілі және таңдау бойынша (бір) бейімдік пәндер: әдебиет, дүниежүзі тарихы, биология, химия, физика, шет тілі, география. Әрбір пән бойынша сұрақтар саны – 25. Білім беру гранттарын тағайындау конкурсына қатысу үшін балалардың ең төменгі деңгейі - 50 балл,  ұлттық жоғары оқу орындарына түсушілер үшін - 70 балл, «Білім», «Ауылшаруашылық ғылымдары», «Ветеринария» бағыттарының мамандықтары тобына - 60 балл, «Жалпы медицина» мамандығы бойынша - 65 балл, соның ішінде бейіндік пәннен 7 балдан, ал қалған пәндерден 4 балдан кем болмауы керек. Бір пәннен 4 балдан кем алған жағдайда талапкер білім беру гранттарын тағайындау конкурсына қатыса алмайды.

Тестілеу өткізу барысында тест тапсырмасын бағалау кезінде туындаған даулы мәселелерді шешу және тест тапсырмаларын бағалау кезінде бірыңғай талаптарды сақтауды қамтамасыз ету, ҰБТ, ТКТ қатысушыларының құқықтарын қорғау мақсатында апелляцияны қарастыру бойынша республикалық комиссия және әрбір ҰБТӨП-те апелляциялық комиссия құрылады.

Бітірушілерден апелляцияға өтініштер белгіленген нысанда тестілеу нәтижелері хабарланғаннан кейін келесі күнгі сағат 14-00-ге дейін қабылданады.

Тестіленуші өтінішті апелляциялық комиссия төрағасының атына береді және өтініш апелляциялық комиссиямен бір күн ішінде қарастырылады, – дейді Дина Кәлімбекқызы. Сонымен бірге, тестілеу кезіндегі негізгі ереже бұзушылықтарға ерекше назар аудару керектігін қадап айтты. Олар: тестілеу өткізуде қажетті санитарлық-тұрмыстық жағдайлардың болмауы, жергілікті жерлердегі тестілеуді ұйымдастырушылар тарапынан тестілеу өткізу ережесін бұзу немесе бұзуға жол беру, медицина қызметкерлері тарапынан ереже бұзу (тыйым салынған заттарды тасу), тестілеуді тыйым салынған заттарды пайдалану арқылы немесе басқа да заңсыз әдістердің көмегімен тапсыруға әрекет ету, аудиторияда тәртіп сақтау ережесін бұзу.

2014 жылы ҰБТ-ны өткізу кезінде республика бойынша 29 мектеп бітіруші телефонды пайдалану арқылы немесе орнына басқа адамды кіргізу арқылы тест тапсыруға тырысқандары үшін аудиториядан шығарылды. Соның ішінде: Алматы облысы – 1 адам;      Жамбыл облысы – 2 адам; Қарағанды облысы – 1 адам; Қызылорда  облысы – 4 адам; Солтүстік Қазақстан облысы – 1 адам; Оңтүстік Қазақстан облысы – 4 адам, Атырау облысы – 16 адам. Сондықтан талапкерлерге өз білімдеріңізге сеніп әрекет етсеңіздер абзал болар дейміз.

Көкпекті ауданының талапкерлеріне алдағы келе жатқан мемлекеттік емтиханнан сүрінбей өтіп, үміт артып отырған аудан жұртшылығының көз қуанышы атансын дегіміз келеді.

Жанерке АБЫЛХАН

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Наурыз 2015 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
            1
2 3 4 5 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз