Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Бүгінгі талапқа сай әсем жабдықталған мектеп ауласында көңілді күлкі, әдемі әуен бір сәт толастар емес. Жаздың жайдары кешінде шараға жиналған ауыл тұрғындары мен қонақтарда есеп жоқ.

Мемлекеттік Әнұран орындалып, кеш басталып та кетті. Кештің басталу салтанатын  жүргізуші жас ұстаздар А.Слямханқызы мен  М.Ғалиқызы түлектерді ортаға шақырған кезде әр түлекпен бірге қол ұстаса жас жеткіншек - ұландар ортаға шыққан сәті ерекше көз қуантты.

Толығырақ...

 

Жыл бойы «Білім» теңізінде жүзген оқушылар демалыс аралына жетті. Белгілі бір міндеттен босап, арқаны кеңге салатын көңілді шақты әр бала асыға күтеді. Жазғы демалыс – мектеп оқушыларының жалпы физиологиялық, сана–сезімдік, дүниетанымдық тұрғыда даму, жетілу кезеңі екенін ескерген аудандық білім беру бөлімі биыл да жаз лебі біліне салысымен жылдағы дәстүр бойынша жазғы балажайларды ұйымдастыруды қолға алды.

Адам жанының табиғатпен ерекше үндестік тауып, дүниетаным аясы кеңейе түсетін, жеке көзқарас қалыптасатынтамаша кезеңді тиімді өткізу үлкен міндет. Бұл тұрғыда ауданымыз көшті бастап тұрғаны мәлім. Сарыбел ауылында орналасқан «Жас толқын» балажайы оқушылардың сүйікті демалыс орнына айналды. Таулары тарихтың тамырындай толғанып тұрған, суы қазақтың дархан көңіліндей асып-тасып жатқан дария-даланы бір көрген соң кеткің келмейді. Биыл аталған балажайда 60 бала демалады. Екі ауысымда жұмыс істейтін балажайға өз қалауларымен сұранып келгендердің көпшілігі жылда барып, сол жерді өздерінің өмірінің бір бөлшегіне айналдырған балалар. Әбден танып, достасып алған тәлімгерлер оларға «Балажайдың ардагерлері» деген лақап ат қойып алыпты. Әртүрлі көңілді іс шаралар мен спорттық сайыстар өткізілетін орынға келгеніне демалушылар дән риза.

Облыс әкімі Д.К.Ахметовтың бос қалған мектеп ғимараттарын тиімді пайдалану жөніндегі тапсырмасын ауданымыз сәтті жүзеге асырды. Оған дәлел, Новостойка ауылындағы «Балауса» спорттық-сауықтыру кешені 200 баланы қуанышқа бөлейді. Аудан әкімінің бастамасымен, аталмыш балажайда демалуға әлеуметтік жағдайы төмен, аз қамтылған, көп балалы отбасынан шыққан және ата-ана қамқорлығынан айырылған балалар толықтай тартылды. Жолдамалар жаппай оқу қорының есебінен төленеді. Бес ауысымда жұмыс жасайтын балажай демалушыларына пайдасы мол интеллектуалды ойындар мен топтық іс шаралар жүргізіп, балаң көңілдерді жадыратуға бар ынталарын салуда.

 - Жаз айлары келе салысымен мен балажайға асығамын. Міне, биыл бесінші жыл қатарынан келіп отырмын. Бұл жердің тартымды табиғаты тылсым сыр шертіп тұрғандай көрінеді. Өзімді сол әсем бейненің бір бөлшегі сияқты сезінемін. Қазіргі заман жаңа технологиялар заманы болғандықтан, барлығымыз ұялы телефонның тәуелділігінен оңайлықпен шыға алмай жүрміз. Ал, балажай маңында телефон байланысы жоқ болғанының өзі өте тиімді. Бір уақ экранмен емес, Жер-Әлеммен байланыста болып асыр саламыз. Барлық достарымды балажайға шақырамын, - деп шынайы көңілін білдірді Ж.Шайжүнісов атындағы орта мектеп оқушысы Ерасыл Әшімтаев.

Баланың жан-жақты қалыптасқан тұлға болып өсуіне тәлім мен тәрбие ғана емес, алаңсыз демалыс та үлкен үлес қосады. Демек, ұлағатты ұрпақты ел ертеңіне айналдыру жолында демалыс кешендерінің де алатын орны ерекше екенін ұмытпағанымыз жөн.

Жансая СМАҒҰЛОВА

Міне, бір жылды артқа тастап тағы да соңғы қоңырау соғылды. Жылдағы дәстүр бойынша биыл да осыдан жиырма және отыз бес жыл бұрын алтын ұя мектебімен қоштасқан түлектер өздеріне білім берген Көкжота орта мектебінің ұстаздарымен кездесуге келді.

Өмірдің өзі қоштасу мен кездесуден тұрады ғой. Сол кездесудің ішінде мектеп түлектерінің кездесуі ерекше орын алады. Бір кездегі шәкірт бұл күнде халқына қалаулы, еліне елеулі азаматтар.

Толығырақ...

Ағымдағы жылдың 20 маусымында, ауда-нымыздағы мектеп бі-тірушілер үшін толғанысқа толы түлектер балы өтті. Осы күн әр түлектің санасында ең бір ыстық сезіммен қалатыны сөзсіз. Бұл күн бақытты балалық шағының соңғы жаңғыры іспеттес. Осы әсерлі шақ енді қайталанбайтыны бел-гілі. Сол себепті, балалық өмірмен ерекше қоштасу керек.

Бұл күні Самар мектеп-терінің түлектері, ата-аналар, ұстаздар орталық мәдениет үйінің алаңына аттестатты беру рәсіміне жиналды.

Біздің еліміздегі Қазақ хандығына – 550 жыл, Ұлы Жеңіске – 70 жыл, Қазақстан халықының ассамблеясының 20 жылдығы сынды мерейтойлар қарсаңында Самар ауылында 37 түлекке мектеп бітіру аттестаттары тапсырылды. Олардың біреуі «Алтын белгіге», екеуі үздік аттестатқа ие болды.

Салтанатты кернейдің дауысы мен көрермендердің қошеметі балдың қызыл кілем жолындағы «Алтын белгі» иегері, аудандық интеллектуалды марафон жеңімпазы Балым Сейітханға арналды. Оқудағы озат үлгерімі, мектепішілік, аудандың байқауларға және мектептің қоғамдық өміріне белсене қатысқаны үшін Балым «Қазақстан үміті» кітабына енгізілген. Ал «Үздік аттестат» иегерлері Меруерт Мұқанова, Әнел Хайрулина, 100 ұпайдан жоғары нәтиже көрсеткен Жансая Файзулдинова, Санат Сарқытов, Бекзада Базарханова, Кәмила Жайлаубаева мектептерінің мақтанышы.

Олардың соңында мектепішілік пән олимпиадаларының жеңімпаз түлектері, қоғамдық шараларға белсене қатысып, аттары мектеп қабырғасында қалатын спортшылар болды. Содан кейін, аттестатты тапсыру салтанаты басталды. Аудан әкімі Р.Н.Сағандықов мектеп түлектеріне жылы лебізін білдірді.

- Ата-аналарың, ұстаздарың сендерге үлкен үмітпен қарап тұр, әр ұстаздың жүректерінен мақтаныш сезімінің сазын естуге болады. Сіздерге зор денсаулық, ересек өмірге шарықтауларыңа сәттілік тілеймін, - деді Р.Нығметжанұлы.

Мерекелік құттықтауды Самар ауылдық округінің әкімі С.Дюсупов жалғастырды. Ол түлектерге шын жүректен армандарына жетіп, өздері қалаған мамандық иесі болуларына тілектестік білдірді.

Бүгінгі салтанатты кеш барлығы үшін маңызды. Біріншіден, ата-аналарға, себебі, олар жылдар бойы балаларын жеңіске жетеледі. Екіншіден, шәкірттерін білім нәрімен сусындатқан ұстаздар үшін де ең ерекше күн.

Жүрекжарды тілектерін мектеп директоры В.Кутателадзе, ұстаздар Р.Апсадықова, А.Құрманғалиева, Л.Қожаева, ата-аналар атынан С.Хайрулина арнады. Саналы шәкірттер Балым Сейітхан, Камила Жайлаубаева, Ольга Дорожко ата-аналарына, ұстаздарына алғыстарын білдірді.

Мерекелік кеште сахна төрінде мәдениет үйінің әншілері сазды әуенмен жұртшылықтың көңілін көтерсе, бишілері мың бұралып би биледі. Туған ұяларын қимай тұрған түлектер балл кешінде «Куда уходит детство» әнін шырқап, дәстүрлі қоштасу вальсін биледі.

Қоштасу кеші жас түлектердің болашақ армандары жазылған қайықтарды, сол армандарды келешектің кемесіне алып ұшатын көк кептерлерді аспанға ұшыруымен аяқталды. М.Клейннің әдемі хориографиялық көрінісімен, режиссер Л.Гебельдің ұйымдастыруымен өткен кеш оқушылардың, көрермендердің көңілінен шықты.

Қымбатты мектеп бітіруші жас түлек!

Шақырып дала, қалаға,

Сан тарау алда тұр өмір.

Талғаммен таңдап, қала да,

Бірімен соның жүре біл!

Тұмарлық болып адамдық,

Мейірге толсын әр ізің!

Болмасаң – дағы кемеңгер,

Азамат болу – борышың!

 

Қанат АПСАДЫҚОВА

Жаздың алғашқы күні, мектеп оқушылары үшін ұзақ та қызықты каникул басталды, дәл осы күнмен Халықаралық балаларды қорғау күні мерекесі сәйкес келеді. Күн ысып, көптен бергі жаңбыр мен салқын күндерден мезі болған жұртшылық бүгін алаңға көп жиналыпты. Балаларын жетектеген жас ата-аналар, немерелерімен бірге аталар мен әжелер алаңға ерте келіп алыпты. Қолдарында қызылды – жасылды шарлар, зырылдауықтар. Таза ауа, көңілді әуен, көтеріңкі көңіл күй – бүгінгі  мерекенің шырайы.

Самар ауылындағы Мәдениет үйінің жаздық сахнасына мерекені жүргізушілер аппақ қошақандар кейпінде шықты. Олар мерекенің басталуын хабарлаған соң, кішкентайларды, олардың ата-аналары мен ата-әжелерін  Самар ауылдық округінің әкімі С.Дүсіпов құттықтады. Бүлдіршіндерге балмұздақ таратылды. Округ әкімі атынан таратылған  балмұздаққа 500-ге жуық бала ие болды. Сонымен бірге, «Жігіт сұлтаны» байқауында жеңіске жеткен кішкентай жігіттер Әлішер Жанұзақов, Нұрхат Қарақат, Тайыр Картаев, Ерасыл Дәулетқан, Ерәли Бағыбаев, Мұса Абиқанов, Мұратқан Еркебұланға ойыншықтар мен мақтау қағаздары табыс етілді.

Толығырақ...

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Сәуір 2024 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30          

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз