Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Самарлықтардың назарына ұсынылған баяндаманы жиналған қауым ынта қоя тыңдады. Өйткені, барлығы да өздері ауасымен тыныс алып, жер қойнауы мен табиғат байлығын пайдаланып отырған ауылдың болашағына бей-жай қарай алмайды.

Жаңа жылдағы жұмыс жоспары Елбасының «Нұрлы жол-болашаққа бастар жол» атты жаңа экономикалық саясатты қарастыратын Жолдауын жүзеге асырумен ұштасады. Негізгі мәселе әлеуметтік инфрақұрылымды дамытуға бағытталғандықтан, ауыл тұрғындары алдағы болар жаңалықтарды жылы қабылдады. Олар бұл жобалардың жүзеге асатынына сенімділік білдірді. Олардың ішіндегі маңыздылары Ж.Болғанбаев атындағы орта мектепке автобус алу, Первомайский көлденең көшесіне жарық орнату, Фонов көшесін жөндеу.

 Бүгінгі күннің басты тақырыбы - елімізде Ұлы Жеңістің 70 жылдық мерейтойын атап өту. Оны лайықты қарсы алу ауыл тұрғындарының барлығына ортақ іс. Сондықтан да осы мінбеден ауылдықтарға әркімнің ауылды абаттандыру жұмысына белсене қатысуы туралы үндеу тас-талды. Тағы бір назар аудара кететін жағдай - облыс әкімі Д.Ахметовтің тапсырмасы бойынша сүт өндіру, оны тұрғындардан жинау мәселесі. Бұл орайда округте жұмыстар жүргізілуде. Шаруа қожалықтары арқылы сүтті салқындатқыш сатып алуға және округте бір тауарлы – сүт фермасын құруға жоба жасалған. Сонымен бірге, ауыл тұрғындарынан сүт жинау мәселесі де қарастырылуда. Жиын барысында тиісті қаулы  қабылданып, ауыл тұрғындары Самар ауылдық округінің әкімі С.Дүсіпов пен оның аппаратының атқарып отырған жұмысына қанағаттанарлық баға берді.

К.Сембинова, зейнеткер: 

- Қазақстан Республикасының Президенті өзінің Қазақстан халқына арнаған «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» Жолдауында: «Жол – шын мәнінде өмірдің өзегі, бақуатты тірліктің қайнар көзі»,-деп атап көрсетті. Біздің Самар   ауылында екі бірдей жол-құрылыс мекемесі бар. Олар ел экономикасының өрлеуіне зор үлес қосып отыр деп білемін. ЖПБ-6 облыс, аудан орталығымен байланыстыратын жолдарды қыс, жаз айларында күтіп, оларды абаттандыруды жақсы атқарып жүр. Ал биыл ауыл ішін ЖҚБ-14 мекемесі тазалауда. Қар түсе сала ауылдың көшелері қардан лезде тазартылады.

Ауыл тұрғындарының жүріп-тұруына ың-ғайлы. Ауыл ішіндегі жолдар да жөнделіп жатыр. Биылғы жылы мен тұратын Фонов көшесі жөндеуден өткізілмекші. Мен осы игілікті істердің барлығы Елбасының Жолдауын жүзеге асыру  барысында атқарылуда деп білемін.

Т.Нечаева, мәдениет үйінің қызметкері:

- «Алдағы жылы біз Конституцияны қабыл-даудың және Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылуының 20 жылдығын салтанатты түрде атап өтеміз. Осы даталарды атап өте отырып, бізге қазақстандықтарды рухани тұрғыда бұрынғыдан да гөрі күштірек, топтасқан және бұрынғыдан да бетер тағатты ету маңызды». Бұл Елбасының  «Нұрлы жол» Жолдауында айтылды. Біздің еліміз, оның ішінде біздің аудан да көпұлтты. Біз мәдениет саласының қызметкерлері осы ұлттар арасындағы та-тулықты сақтауда маңызды рөл атқарамыз деп білемін. Өйткені, әр ұлт өзара өнерімен жақындаса түседі. Сондықтан да алдағы атау-лы мерекелерге біздің дайындығымыз әлден басталып кеткен. Осы шаралар арқылы біз ұлттар достығын одан әрі нығайта түсеміз. Біздің тілегіміз – бейбітшілік. Бейбіт елде шырқалар ән де, биленетін би де көңілді болады. Сондықтан татулығымыз нығая түссін деймін.

 Клара НҰРПЕЙІСОВА

28 қаңтар күні аудан әкімінің м.а. Р.Сағындықов кезекті аудан әкімшілігінің мәжілісін өткізді, мұнда жақындағы және орташа уақыттағы алға қойылған жұмыстардың басымдығын анықтады.

Рамил Нығметжанұлы ауданның 2014 жылғы әлеуметтік –экономиканың дамуының қорытындысы туралы, экономика және бюджетті жоспарлау бөлімінің басшысы А.Тасқайратованың баяндамасын тыңдай келе, мұнда шешімі қиын мәселелердің сараптамасының жоқтығын және тек сандық деректер келтірілгенін

ескертті. Аталмыш сандар бойынша - 277 жұмысқа жарамды азаматтар әлеуметтік көмек алуда. Бұл аудан көлемінде алғанда аз немесе көп екенін бірден айту қиын. Алайда, Рамил Нығметжанұлы 277 адам саны бойынша бір ауыл тұрғындарын құрайтынын және бұлардың барлығы мемлекет қамқорлығында болуы ақылға сыймайтынын айтты. - Әлеуметтік көмек алатындардың деңгейіне қарап округ әкімінің жұмысын бағалауға болады.Тұтынушылық талаптан арылуымыз керек. Жұмысқа қабілетті әр азамат, өз отбасын және өзін қамтамасыз етуге міндетті, - деді ол.Сонымен қатар, аудан әкімінің м.а алға қойылған міндеттердің экономикалық көрсеткіштерінің есептемелері қажет, әсіресе бұл жеке кірістердің, инвестициялар және басқаладың ауқымды алгоритмдері үшін маңызды екенін көрсетті.

Ол 5 күннің ішінде аталған ескертулердің жауаптары көрсетілген экономикалық көрсеткіштерді өсіруді қамтамасыз ету бойынша іс-әрекет Жоспарын әзірлеуді тапсырды.Күн тәртібінен бюджеттік қаражатты тиімді пайдалану мәселесі түспейді. Бұған қаржы бөлімінің басшысы Г.Смағұлова былтырғы жылдың бюджет қаражатының игерілуі туралы ақпаратында осыған мән берді. Сондай-ақ, ағымдағы жағдайға тоқтала келе, 27 қаңтарға алғанда бөлген қаражаттың игерілуі 22% құрайды. Осыған байланысты, Рамил Нығметжанұлы

бюджеттік бағдарламалар администраторларын ақшаның толықтай игерілуіне жеке жауапкершілікпен қарау туралы ескертті

Сүт өндірісін дамыту мәселесі аудан әкімінің м.а. тұрақты бақылауында. ШҚО әкімінің тапсырмасы бойынша, ауданымызда пилоттық жоба іске асырылуда.Ауыл шаруашылық және ветеринар бөлімінің басшысы М.Теміржановты тыңдай келе Рамил Нығметжанұлы: «шынынна келгенде барлығы сіз баяндағандай  жып-жылмағай емес» деп қадап айтты. – Ұйымдастыру жұмыстарында олқылықтар бар, құрал-жабдықтар бойынша мәселелер бар. Аудандық жоспардың орындалуы 70%, оны өзектендіру қажет және алға ұмтылу керек. Бүгінде ауданда жұмысты үйлестіру үшін, сүтті мал шаруашылығын дамытудың тұтас концепциясын әзірлеу қажет.

 Аудан әкімінің м.а. әкімдік отырысын қорытындылай келе, білім беру және денсаулық сақтау мекемелеріндегі жылыту тәртібінің сақталуына, Көкпекті ауылын абаттандыру жоспарын дайындауға,төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында бақылауды күшейтуге назар аударып, шешілетін мәселелерге тоқталды.

Надежда ШАРОВА

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Д.Ахметовтың аграрлық саланың алдына қойып отырған міндетінің бірі – сүт өндірісін жолға қою болып табылады. Бұл міндетті біздің ауданда жүзеге асыру үшін қажетті факторлардың барлығы бар. Қазірдің өзінде ауыл тұрғындарының арасында сүтті бағыттағы мал басын өсіру жұмысы қолға алынған.

Самар ауылдық округіне қарастыПантелеймоновка ауылының тұрғыны Ержан Қылышбаев 2013 жылы сауынды сиыр сатып алу үшін «Жұмыспен қамтудың жол картасы – 2020» бағдарламасы негізінде 2 млн. теңге несие алды. Сол кезде алған 10 бас сиыр қазір 18 бас сауынды сиырға жетті. Олардан осынша төл алып өсіріп отыр. Қазіргі күні мұнда екі сауыншы, екі малшы жұмыс істеуде.

-Өз күшімізбен мал қорасын салдық. Сиыр сауатын аппарат та бар. Самар май зауытымен келісімшартқа отырып, мамыр айынан бастап сүтті сонда тапсыра бастадық,-дейді Ержан Шынтайұлы. Сүт өндірудің тиімділігіне жыл қорытындысын шығарғанда көз жеткізді. –Менің есептеулерім бойынша, жаздай өткізген сүттен тапқан табыс, бір бұзауды екі жасқа дейін жеткізгенше шығатын шығынмен тең екен,-дейді ол.

Отбасымен мал шаруашылығын дамытуға бет бұрған Ержан ауыл ортасынан дүкен де ашып қойды. Енді ауылдық округ әкімінің ұйғаруымен тұрғындардан сүт қабылдауды ұйымдастыруды қолға алмақшы. Сүт-тауарлы фермасын ашуға талпыныс та бар. Ол үшін кәсібін кеңейтуге қаржы керек. Сауынды сиырдың басын 60-қа жеткізсе, тағы да жұмыс орнын ашады. –«Сиырдың сүті-тілінде»,-деген. Мен үшін қиналатын тұс – мал азығы. Сиыр сүті құнарлы, майлылығы жоғары болуы үшін азығы да құнарлы болуы керек. Ол үшін сүрлем даярлау аса маңызды. Шабындық пен егістік жер көлемін ұлғайтсам жақсы-ақ болар еді. Облыс әкімінің сүт өндірісін дамыту бойынша тапсырмасы негізінде біз сияқтыларға ол жағынан көмек болар деп үміттенемін,-дейді Е.Қылышбаев. Ержан табында асыл тұқымды бұқа жоқтығын да айтып өтті.

Мемлекеттік бағдарламалар негізінде асыл тұқымды бұқа алатын болса, субсидия төленетінін және де басқа да мал өсіруге қаржыландыру мен жеңілдіктер қарастырылатын «Жайлау», «Құлан», «Сыбаға», «Алтын асық» сияқты бағдарламалар барын жас кәсіпкер әлі жете біліңкіремесе керек. Сондықтан да ауылдық округ әкімшілігі мен ауылшаруашылығы бөлімінің мамандары осындай талабы бар адамдарға кеңес беріп, қолдау көрсетсе болар еді. Аудан әкімінің міндетін атқарушы Р.Сағындықов өзінің сүт бағытындағы мал басын көбейту тақырыбына берген сұхбатында да, аудандық әкімшіліктің жиындарында да тиісті салаларға берген тапсырмасында осы жағын баса айтқан болатын. Ендеше Е.Қылышбаевтың ойға алған ісіне даңғыл жол ашылады деп үміттенеміз. Облыс әкімінің тапсырмасын орындау барысында бұл істен ауданға да бір ұпай келері анық.

Клара НҰРПЕЙІСОВА

Құрметті, көкпектіліктер!

Биылғы есепті кездесулер Елбасының «Қазақстан-2050» Стратегиясы мен «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты Жолдауында қойылған міндеттер аясында өтіп жатыр.

Ел Президенті, Н.Ә.Назарбаев айтқандай, таяудағы жылдар жаһандық сынақтардың уақыты болады. Әлемнің бүкіл архитектурасы өзгереді. Барлық елдер осы күрделі кезеңнен лайықты өте алмайды. Бұл шептен тек мықты мемлекеттер, жұдырықтай жұмылған халықтар ғана өтетін болады. Жаңа Жолдауда халықты біріктіретін осындай идея жатыр. Қазақстанның стратегиялық артықшылығы дағдарысқа қарсы шаралардың шабуылдық сипаты болып табылады, бұл әлемдік экономикадағы ауыр жағдайға қатысты экономикалық серпіліс үшін тұғырнама даярлауға қатысты. «Нұрлы Жол» атты жаңа экономикалық саясаттың мультипликативті әсер беретін тұғыры да осында. «Нұрлы Жол» бағдарламасы - әрбір азаматтың, яғни, ол басшы болсын, мұғалім немесе қандай да бір сала маманы әлде қарапайым тұрғын болсын, барлығының басшылыққа алатын құжаты болуы тиіс. 

Толығырақ...

Облыс әкімі Д.Ахметовтың тапсырмасы бойынша Шығыс Қазақстан облысының қалалары мен аудандарында сүтті мал шаруашылығын ауқымды дамыту жоспарланып отыр. Бұл тек өзін ғана қамтамасыз етпей, өнімді экспортқа шығаруды да көздейді. Осыған орай аймақта 40-қа жуық кәсіпорын іріктеліп алынды. Оларды дамыту үшін жеке қаражаттар мен инвестициялар ғана іске қосылып қоймай, сонымен қатар салалық бағдарламалардың қорлары да жұмсалады. Солардың қатарына Қ.Аухадиев атындағы ауылдық округтегі «Өрнек» ЖШС 400 басқа арналған сүтті-тауарлы фермасын қайта құру, әрі қарай ірі қара санын 600 басқа дейін арттыру жобасымен кірді. Ферманы әрі қарай дамыту жоспары қалай құрылып жатқаны жөнінде округ әкімі Дәурен Қойгелдин бізге әңгімелеп берді.

- Өңір басшысының облыстағы, соның ішінде  біздің ауданымыздың ауыл шаруашылық бөлімдерінің алдына қойып отырған басты міндеттерінің бірі - сүт өндірісін дамыту болып табылады. «Өрнек» ЖШС-де 400 басқа арналған сүтті-тауарлы фермасын қайта құру, әрі қарай ірі қара санын 600 басқа дейін арттыру жобасын жүзеге асыру  жоспары әлден-ақ әзірленіп қойылды. Онда тиімді түрдегі құқықтық-ұйымдастыру мәселелері мен шаруашылық жүргізу механизмдерін анықтау, өнімдерді өндірістен бастап саудаға шығаруға дейінгі технологиялық үрдістерді жетілдіру, басқарудың заманауи жүйесін және инновациялық технологияларды енгізу мәселелері қарастырылған. Осының барлығы кәсіпорынның инновациялық-инвестициялық бағыттағы іс-әрекетін және сүтті мал шаруашылығы саласының тиімділігін қамтамасыз етуі тиіс. Алайда, жалпы өндірістің істі табысты  бастауы үшін округтің жергілікті тұрғындарын жа жұмылдыру қажет. 

Бүгінгі күнге Қ.Аухадиев атындағы округтегі  жекеменшіктің иелігінде  барлығы 1227 бас мүйізді ірі қара мал болса, соның 590 басы сиырлар. Соның ішінде Преображенкада – 227 бас, Воздвиженкада – 62 бас, Чернояркада – 46 бас және Кішібөкенде – 17 бас сауын сиырлар бар.

Қазіргі таңда орташа есеппен бір сиырдан тәулігіне 7 л/т сүт сауылатыны белгілі болып отыр. Бұл округтің сүт бағытындағы жұмысын әрі қарай  дамытуға қолайлы жағдай туғызатын болады.

- Сіздің жоспарыңызда округ тұрғындарынан сүт қабылдау пунктін ашу бар екенін білеміз. Оның дамуы үшін не қажет және онда кімдер жұмыс атқарады?

- Біз осы бастан ауылдардан сүт жинаушыларды анықтап қойғанбыз. Үстеме шығындар мен сүттің сапасы, қосымша құн салығын (НДС) ескере отырып жүргізілген есептеулер бойынша сүттің орташа бағасы 40-50 теңге болады. Ауылдардағы сауын сиыр иелері - тұрақты сүт өткізушілер де анықталды. Мәселен, Преображенка ауылы бойынша 13 адам,  Черноярка ауылынан 2 адам және Воздвиженка ауылынан 5, Кішібөкеннен 1 адам. Оларға жеңілдікпен малға беретін жем, құнарландырылған жем-шөп сатып алу,   жасанды ұрықтандыру үшін ұрық бөлінеді, ветеринар дәрігердің көмегімен түрлі аурулардың алдын алу және сауу аппараттарын алу мүмкіндіктері беріледі.

- Сүт қабылдаушының шығыс және кіріс табысы анықталды ма?

- Сүт қабылдаушының шығындарына жүргізілген есептеулер бойынша, 3 жұмысшының еңбекақысы 21450 теңге болу үшін, 2 - ат арбалары керек және 1 - ГАЗ-53 автокөлігі күніне 584 теңгеге жанармай жұмсайды. Қабылдаушының шығындарын жабу үшін күніне 306 литр сүт қажет. Осыған байланысты барлық есептеулер № 1 диаграммада көрсетілген.  

-Алға қойылған жоспарлардың жүзеге асуына кедергі келтіретін мәселелер бар ма?

Мәселелер, сөзсіз, бар. Біріншіден, сүт өңдеу мәселесі. Біздің есептеулер бойынша орташа есеппен 1 литр қаймақ 600 теңге және бір келі май бағасы 1500 теңге болу үшін сүттің орташа құны 72 теңгені құрауы тиіс. (есептеулер қосымшада бар).

Екіншіден, мал жаю үшін жер телімдері жеткіліксіз. Әлеуетті сүт өткізушілерді тарту үшін сүттің литрін 60-65 теңгеден қабылдауды арттыру қажет.

Округ әкімінің алға қойған жоспарлары жуық арада жүзеге асады деп үміттенеміз. Әзірге біз бұл жобаны іске асыру бойынша ауыл тұрғындарының пікірін білуді жөн көрдік.

Светлана Котлярова, Воздвиженка ауылы:

-Әрине, біздер, ауылдың барлық тұрғындары ауылда сүт тапсыру пунктінің ашылатынына аса қуаныштымыз. Қорасында мал ұстап отырған әр тұрғын өзінен артылған өнімдерін өткізіп, сол үшін ақша алатын болады. Бұл дегеніңіз округте сүт өндірісін кеңейту үшін әр үйде сүтті мал басын арттыруға мүмкіндік беретін жақсы бастама. Сүт қабылдау пунктінің ашылу идеясын ауыл тұрғындары қызу қолдап, оның дамуына өз үлестерін қосады деген ойдамын.

Әлмира Махмұтова, Преображенка ауылы:

-Өз басым ауылымызда  сүт қабылдау пунктінің ашылатынын қуана қолдаймын. Біздің округ сүт өндірісімен әйгілі екені және мұнда мал өсіруге барлық жағдай жасалғаны ешкімге құпия емес. «Өрнек» ЖШС базасында ашылған сүтті-тауарлы ферма уақыт өте келе өз қызметін кеңейте түсіп, мүмкін округте сүт өңдеу өнеркәсібі ашылар, тіпті сүт өнімдерін жеке маркамен шығаратын болармыз. Бұл жаңа жұмыс орындары ашылып, тұрғындар сиырларының сүттерін сатып, ақша жасап қана қоймай, сапалы сүт өнімдерін де ала аламыз дегенді білдіреді. Мұндай өзгерістер бізді қуантып қана қоймай, болашаққа ұмтылыс береді.

Сәуле Абулова, Черноярка ауылы:

-Қазір ауыл тұрғындарының барлығы дерлік мал асырайды. Өйткені, ауылда тұрып мал бақпау мүмкін емес. Ол біздің күнкөрісіміздің көзі. Біз бірнеше бас сауын сиыр асырайтындықтан, артылған сүтті қайда жіберерімізді білмейміз. Сақтайтын орын болмағандықтан, артық сүт өнімі тез бұзылып, жарамсыз болып қалады. Ал, егер округте сүт қабылдау пункті ашылса, біз келісімді бағамен артық өнімді өткізіп тұрар едік. Оның үстіне артылған ауылшаруашылық өнімдерін өңдейтін сүт фермасы болғаны тіптен жақсы болды. Сонымен қатар, қандай да бір іспен шұғылданып, отбасымызға да кіріс кіргізіп,  ауылымызға пайдамызды тигізсек деймін. Сондықтан, ауыл тұрғындары округімізде осындай өзгерістер жоспарланып жатқанына қуанышымыз шексіз.

Екатерина СКУДАРНОВА

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Сәуір 2024 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30          

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз