Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Құрметті аудан тұрғындары!

Сіздерді Ұлыстың Ұлы күні – Наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! Табиғат ананың түрленіп, қызылды - жасылды күйге еніп, күн менен түн теңесіп, еңбексүйгіш халқымыздың алдағы күндерден зор үміт күтер күні - осы Наурыз мерекесі.

Біріккен Ұлттар Ұйымының шешімімен әлемдік деңгейде аталып өтетін және ЮНЕСКО-ның мәдени мұра санатына қосылған Наурыз мейрамы салт-дәстүріміздің, тіліміз бен дініміздің, бірлігіміз бен татулығымыздың, жаңаруымыз бен жарасымды ынтымағымыздың дамуына себепші ұлы мерекеге айналды. Елбасымыз - Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстан халқына арнаған «Нұрлы жол – болашаққа жол» атты Жолдауында: «Біз 2015 жылды Қазақстан халқы Ассамблеясы жылы деп жарияладық. Елдің тұтастығы мен бірлігі, татулығы мен тыныштығы ең басты назарда. Ел бірлігі – біздің барша табыстарымыздың кілті. Тұрақты дамудың қазақстандық моделі бүгінде бүкіл әлемге үлгі», - деп атап өткен болатын. Биылғы Наурыз мерекесі айтулы күндер тоғысында аталғалы отыр, сондықтан да бұл Нау-рыз еліміздің, ауданымыздың көпұлтты халқын одан әрі ұйыстыра түсері хақ.

Қазіргі уақытта Наурыз жаңа сипатқа ие болды, ұлтына, діни сеніміне қарамастан Қазақстанды мекендейтін барлық ұлттар мен ұлыстардың ортақ мерекесіне айналды. Халықтар арасындағы достықты бекітуге, бауырластық қарым - қатынастардың нығаюына, әр ұлттың салт - дәстүрінің қайта жаңғыруына осы мейрам үлкен үлесін қосып отыр.

Наурызда айтылған барлық тілек қабыл болады деген де наным бар. Наурыз мейрамы туған жер топырағына құт - береке әкелсін. Баршаңызға амандық, саулық, дастархандарыңызға молшылық тілейміз!

Р.Сағындықов,Көкпекті ауданының әкімі м.а.

Бүгінгі күні елімізде «Қазақстанда жасалған» деген белгімен тұтынушыға жол табатын өнімдер баршылық. Соның арасында сүт және сүт өнімдері де бар. Бірақ ол өте аз мөлшерде. Еліміздің мал шаруашылығы саласындағы әлеуетін ескере отырып, кешегі күні ғана Елбасы Н.Назарбаев та, облыс әкімі Д.Ахметов та ауыл тұрғындарының алдына сүт өндірісі шаруашылығын дамытуды міндеттеп қойған болатын. Осы орайда облыстың үш ауданының қатарында біздің Көкпекті ауданында қанатқақты жоба қолға алынды.

Бұл жобаның ең басты мақсаты - өңірімізді өз өнімімен қамтамасыз ету. Ал ол дегеніңіз облыс аумағындағы денсаулық сақтау, білім беру мекемелерін сүт және сүт өнімдерімен қамтамасыз ету. Ол үшін сүт өңдеу кәсіпорындарын қажетті шикізатпен қамтамасыз ету керек. Қолында сауын сиыры бар ауылдың әр тұрғыны бұл жобаға өз үлесін қоса алады. Сонымен бірге ауқымды егістігі жоқ, бірақ өзін-өзі мал азығындық шөппен, жеммен қамтамасыз етіп отырған шағын шаруашылықтардың осы салаға бет бұрып, сауынды сиыр мал басын арттырғаны тиімді болмақ. Бұл жайында облыстың басшысы Д.Ахметов жақында ғана облыс орталығында аграршылармен өткен жиында тағы да айтып өтті. Онда облыс башысы облысымызда бар сүт өңдеу зауыттарының шикізаттың жоқтығынан толыққанды қуатпен жұмыс істемей тұрғанын да айтып өткен болатын.

Самар ауылында бұл жобаға екі шаруа қожалығы тартылығанын айтқан едік. Соның бірі – «Қалисатарұлы» шаруа қожалығы. Өткен аптаның соңында шаруашылыққа ресейлік сүт мұздатқыш танкер жеткізілді. «Енді оны орнату жұмысы күтіп тұр. Алдағы күндері Ресейден мамандар келіп, оны орнатып, іске қосып береді», - дейді шаруашылық басшысы С.Жотабаев.

Самарқан Қалисатарұлы бұл қондырғыға қажетті инфрақұрылымдық желілерді тарту үшін күннің жылығанын тосу керек дейді. Сонымен бірге бұл жұмыста жергілікті биліктің сырт бақылаушы болып қалмағаны да аса маңызды екенін атап өтті өзі аудандық мәслихаттың депутаты болып табылатын басшы. Мұндай қондырғы таяу күндері М.Құмаров жетекшілік ететін «ЕңбекАгро» ЖШС-не де жеткізіледі.

Әрине, жақсы бастаманы іліп әкету үшін пікірлестер, ойлары бір жерден шығатын, мақсаттары ортақ адамдардың шоғырланғаны да істі ілгерілетеді. Ал ауылшаруашылығының бұл саласын қаржыландыру, субсидиялау мәселелері бойынша аудандық ауылшаруашылығы мен басқа да тиісті мекемелер мұқият болып, қаржының мақсатты игерілгеніне мүдделі болып, қатаң бақылау жасаса. Ел Президентінің өзі дағдарыс кезеңінде әр тиын есепсіз жұмсалмасын деп тапсырғаны барлығының есінде болар. Ал біздің ауданның аграрлық саласында еселі еңбек етіп, талай жобаларды жүзеге асыруда тәжірибелері бар басшылар қолдан келгенді аянбас, тек қана оларға жан-жақты қолдау қажет.

Клара НҰРПЕЙІСОВА

24 ақпанда аудан әкі-мінің міндетін атқарушы Р.Сағындықов Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне дабыл түймесі бар арнайы телефондар табыстады. Бүгінгі күні ауданымызда 14 соғыс ардагері Жеңістің 70 жылдық мерейтойын қарсы алуға дайындық үстінде. Олар: Федосова Валентина Степановна, Кинбаев Елеусіз, Цепков Петр Иванович, Тваровский Эдуард Юльевич, Бирюков Илья Иванович, Ықыласов Мүтәләп, Винников Семен Михайлович, Түсіпбеков Аркадий, Чумаков  Николай Иванович, Гарганов Федор Кузьмич, Балаханов Павел Яковлевич, Ақшалов Нұрмұхамбет, Қожаев Құсман, Халлиулин Мұстафа ТемІрбайұлы.

1945 жылдың 9 мамыры – бұл күн қаншама қасірет пен қуанышқа толы. Бұл сандардың артында қатал соғыстың қор-қынышы мен Ұлы Жеңістің қуанышы қатар тұр. «Өмір жолы» телефондары – бұл Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің жасаған ерлігіне құрмет көрсету белгісі ретіндегі Елбасының сыйлығы екендігін Р.Нығметжанұлы ардагерлерге жеткізді.

- Бұл мерекені жан жүрегіңмен есейген шағыңда жете түсінесің. Зымырап 70 жылдың өтіп кеткеніне қарамастан, сіздердің ұлы ерліктеріңіз ешқашан өл-мейді және біздің Отанымызда тұрып жатқан әрбір отбасында өз батырлары мен өз естеліктері бар. Тіпті, ғасырға жуық уақыт өтсе де ардагерлерге деген құрмет пен алғыс сөздеріміз біздің жүрегімізде сақталатыны анық. Сіздердің ортамызда жүргендеріңізге қуанамыз және қолдан келген қамқорлығымызды аямаймыз. Сіздер баға жетпес ерлік жасадыңыздар, себебі, еркіндікте өмір сүру бақытын бүгінгі ұрпаққа сыйлап, болашаққа жоспар құруға, таңдау жасауға мүмкіндік сый-ладыңыздар. Сол үшін жас ұрпақ сіздерге мәңгі қарыздар. Фашистердің жауыздығынан елімізді, жерімізді қорғау мақ-сатында аянбай күресіп, боз-балалық шақта сайран құрмай, мылтық асынып жауға қарсы аттандыңдар. Балалардың ба-лалығын ұрлаған сұм соғыс-ты мәңгіге жойдыңыздар. Бұл ерліктеріңізді жас ұрпақ еш-қашан ұмытпайды. Ендігі ғұ-мырларыңызды қуанышты күн-дермен өткізіп, біздің шексіз сүйіспеншілігіміз бен шексіз құр-метімізді қабыл алыңыздар, - деді Рамил Нығметжанұлы.

Аудан әкімінің міндетін ат-қарушымен сөйлесу барысында ардагерлер ұзақ әңгіме дүкен құрып, шер тарқатқандай болды. Бірақ ардагерлер тарапынан ешқандай шағым реніштер байқалмады. Олар бір бірімен әзіл-қалжыңы жарасып, 100 жыл ғұмыр кешуге уәделесті.самайларын ақ қырау шалған майдангерлер ел Президенті Н.Ә.Назарбаевқа жасап отыр-ған қамқорлығы, балалары мен немерелерінің айқын бола-шағы және бейбітшілік пен тұрақтылық үшін алғыс айтты. Олар бірауыздан ҚХА бастамасымен кезектен тыс Президент сайлауын өткізуді қолдап, өз таңдауларын жасап та қойғандарын жеткізді.

Жұмыспан қамту және әлеу-меттік бағдарламалар бөлімінің басшысы Б.Оразғалиеваның айтуынша, 2015 жылдың 21 қаңтарынан бастап Жеңістің 70 жылдығы қарсаңында маңызды әлеуметтік акцияларды жүзеге асыруға жол ашатын «Жеңіс» жобасы бастау алды. Солардың  бірі ретінде «Өмір жолы» акциясын атауға болады. Акция барысында Ұлы Отан соғысының барлық қатысушыларына дабыл түймесі бар арнайы телефондар аталмыш акцияның бастамасы ретінде таратылды. SOS түймесі Астана қаласындағы «Өмір жолы» көмек көрсету орталығына тәулік бойы қосылып тұрады. «Өмір жолы» - төтенше шалынған қоңырауларға тәулік бойы қызмет көрсетеді. «Өмір тетігі» қолдануға ыңғайлы етіп жасалған. Бір қарағанда ұялы телефон сияқты көрінгенімен, артқы бетінде SOS тетігі ор-натылған. Ол тетікті басу арқылы ардагерлер көмек көрсету ор-талығына дабыл бере алады. Үш секунд ішінде абоненттің жеке картасы дабыл қағушының барлық жеке басына тән симптомды науқастары туралы ақ-паратты операторлар алдына жайып салады. Құрылғы дауыс зорайтқыш және микрофонмен жабдықталған. Оператор абонентпен сөйлесіп, анықтама сұрақтарын қоя алады. Егер дабыл қағушы адамнаң жағдайы өте нашарлап, сөйлей алмайтын жағдайда болса, оператор бірден жедел жәрдем қызметіне хабарласады. Одан кейін оператор керекті көмекті көрсете алатын жақын адамдары мен туысқандарын хабардар етеді. Аталмыш акция бүкіл еліміз бо-йынша Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, «Са-мұрық-Қазына» АҚ мен рес-публикалық «Ардагерлер ұйы-мы» қоғамдық бірлестігінің қолдауымен ұйымдастырылып отыр.

Бақыт Есімханқызы соңғы кездері тұрғындар арасынан тыл еңбеккерлеріне бөлінген мемлекеттік жәрдемақыға қалай қол жеткізуге болатындығы туралы сұрақтарымен көп жү-гінетіндерін атап өтті. Жәр-демақы алушының Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының арнайы мемлекеттік жәрдемақысы туралы» заңының 5 бабының 2-1 тармақтарына сәйкес жұ-мыс өтілін растайтын еңбек кітапшасы және 1941 жылдың 22 маусымынан 1945 жылдың 9 мамыры аралығында істеген жұмысының жинақталған маз-мұны қажет.

Толық еңбек өтілі бол-мағандар немесе құжаттары толық емес азаматтардың еңбек өтілі арнаулы комиссиялармен жергілікті атқарушы органдарда қарастырылып, бекітіледі.

Арнайы комиссияның құзы-рына құжаттардың құқықтық бағалауы бойынша 1941 жыл-дың 22 маусымынан 1945 жыл-дың 9 мамыры аралығында еңбек өтілін растайтын және соғыс уақытындағы тылдағы ең-бегі үшін алған жалақы туралы және жұмыс күнінің ұзақтығы, орындаған жұмысына мінездеме (немесе колхоздардан бөлінген еңбеккүндері) сияқты фактілер жинақталады. Сонымен бірге, арнайы комиссиямен буыны қатпаған баланың шама-шар-қынша атқарған жұмыстары да ескерілетін болады.

Арнайы комиссияның оң шешімі тек барлық көрсетілген жағдайлардың сараптамасынан кейін ғана, соның өзінде жасөспірім балаға берілген жұмыстардың өтініш берушінің тілегі орындалуы мүмкін жағ-дайда комиссия мүшелері қорытынды шығарады.

 Надежда ШАРОВА

13 ақпан күні Көкпекті ауданы әкімінің м.а Р.Н.Сағындықовтың Көкпекті ауылдық округі тұрғындарының кезекті есеп беру жиналысы аудандық мәдениет үйінде өтті. Жиналысқа ауылдық округ әкімдері, шаруа қожалық басшылары, ардагерлер ұйымы мүшелері қатысты.

Сонымен бірге, жиынға Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Д.А.Гариков мырза да қатысты. Аудан әкімінің м.а Р.Сағындықов өзінің есепті баяндамасын толық аудандық газетте екі тілде жарияласа да, жиында жан-жақты ауданның өсіп-өркендеу саласына, экономикалық бағыты, халықтың әлеуметтік жағдайына, шаруашылық, өндірістік салаларға талдау жасады. Елбасының «Мәңгілік ел» және «Нұрлы жол» стратегиялық жоспарларының орындау барысы және шынайылығына тоқталды. Халық алдында дүние жүзінде басталған дағдарыс жағдайы біздің елді деайналып өтпейтіндігін , сондықтан береке бірлікті сақтай отыраөтпелі кезеңде, шыдамдылық танытып,түсіністік жағдайда болуды ескертті. Өткен жылғы, ауданның облыс алдында өсіп-өркендеу салаларын талдай келе, Көкпекті ауданы аграрлы елді аймақ болған соң, ауыл шаруашылық өнімдерін молайтып, әсіресе халықтан сүт өндіру саласы қолға алынатынын жария етті. Осы салаға әр отбасы ат салысып, сүт өнімі арқылы қаржылық мәселерді шешуге болатынын түсіндіріп өтті. Аудан әкімінің есебін тыңдап талқылауға бірнеше адамдар шығып, өз пікірлерін ортаға салды. Көпшілігі ауданда атқарылып жатқан істерге оң бағасын беріп, пікірлерін білдірді. Жиында отырғандардан сұрақтар қойылып, көпшілігінің айтқаны ауыз су мәселесін шешуге көңіл бөлу керектігін , әр түрлі мәселер төңірегінде айтылды. Халық тарапынан қойылған сұрақтардың аздығы, бұл олардың қазіргі тұрмыс –тіршіліктерінің жақсы жағдайда екендігін білдіреді. Жиын соңында аудан әкімі м.а Р.Сағындықов қойылған сұрақтарға жауап беріп,алдағы жоспарларымен бөлісті. Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Д.А.Гариков Көкпекті ауданының өркендеуіне оң бағасын беріп, әр сала бойынша талдау жасады. Халық жаңа әкім, жас әкім Р.Сағындықовтың алғашқы қызметіне жақсылық тілеп, ризашылықпен тарасты.

Клара Қайыпжанқызы

 

«Бізтұрақтылықтыбағалайбілгеніміздіңарқасындабүгінгітабыстарғажеттік. Ешкімдікемсітпей, ешкімніңтілі мен ділінмансұқтамай, барлықазаматтарғатеңмүмкіндік беру арқылытұрақтылықтынығайтыпкелеміз. Біздіңкейінгіұрпаққааманаттареңбастыбайлығымыз – Ел бірлігіболуыкерек. Осынаужалпыұлттыққұндылықтыбізәрбіржастыңбойынасіңіребілугетиіспіз»

ҚазақстанРеспубликасыныңПрезидентіН.Назарбаевтың, «Нұрлыжол - болашаққабастаржол» Жолдауынан «Мәңгілік ел» идеясынқолдаушыәрбірқазақстандықтыңжүрегінежолтапқан «Нұрлыжол - болашаққабастаржол» Жолдауынжүзегеасырудыңтүпкінегізі – ұлтаралықтатулыққа, толеранттылыққа, бірліккенегізделген. ҚаншамаұлттыңқабағынжарастырыпотырғанеліміздіңҚазақстанхалқыАссамблеясының 20 жылдығынатапөтудіңбастауыналған 6 ақпандағыбүкілқазақстандық акция Самарауылдықокругіндезорөрлеуүстіндеаталыпөтті.

ӘрұлттыңөкілдеріҚазақстантуынкөтеріп, ел Әнұраныасқақтаташырқалғансоң «Түрібөлек - жүрегібір, тілібөлек – тілегібір» көпұлттыСамархалқынбұлайтулыкүнменаудандықмәслихаттыңхатшысыР.Беспаев, зейнеткерұстазР.Қапшықова, «Хофнунг» немісбірлестігініңжетекшісіЕ.Сихварт, №1 Самар орта мектебініңоқушысыА.Долопчеқұттықтады. Бүгінгішырқаларән де, биленерби дебөлек, ерекшеболды. Жиналғанжұртқазақтіліндеорындалған «Туған ел» («Асылқазына» әжелер этно-фольклорлық клубы), «Ехали казаченки» («Забава» казак ансамблі), «Русская плясовая» («Руский сувенир»ансамблі), «Туғаняқ» (татар тіліндеорындаған «Атамекен» ансамблі) әндерінбіргешырқап, зорқошеметкөрсетті. Қызуқанды грузин биі деешкімдібейжайқалдырмады.

«Бірлігіміз арта берсін! БізҚазақстанхалқымыз!», - дегенұранменаяқталған шара әркімніңкөңіліненжолтауыпжатты.

Клара НҰРПЕЙІСОВА

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Сәуір 2024 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30          

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз