Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Газет – қаншама жылдар көшінен кейін де кез-келген ақпаратты тауып алуға мүмкіндік беретін, ең сенімді мұрағат. Сол себепті, өмірлерін газет бетіне жарияланатын материал-дар үшін тынбай  еңбектенуге арнайтын журналистерді туған өлкенің шежірешілері деп айтуға толықтай негіз бар.

Аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газеті – игі дәстүрлерді сақтай отырып, бірнеше буын өкілдерінің еңбегінің арқасында уақыт ағымына сай жұмыс істеп, сұранысын жоғалтпаған басылым.

1932 жылы мамыр айында Көкпекті ауданындағы алғашқы саны «Үлгілі малшы» орысшасы «Красный скотовод» деген атпен жарық көріп, кейіннен 1948 жылы «Болшевистское слово», 1953 жылы «За коммунизм», 1956 жылы «Ленин Туы» болған газет. Бүгінгі күнге дейін ауданымыздағы неше ұрпақ өкілдерінің айнымас серігі болып келе жатқан «Жұлдыз»-(Звезда) газеті, бүгінгі таңда екі ауданның біріктірілуіне байланысты «Жұлдыз»-«Новая жизнь» газетіне мерейлі 80 жыл толып отыр.

Толығырақ...

Құрметті әріптестер! Сіз-дерді төл басылымның мерейтойымен құттықтаймын!

Тарихқа назар аударсақ, газет өз оқырманына рухани азық бола бiлдi, ал оның журналистерi қоғам өмiрiнiң өзектi мәселелерiн үнемi қозғап келдi. Басылым 80 жылдың iшiнде маңызды әлеуметтiк-экономикалық проблемаларды көтерiп, жедел жаңалықтар жариялап, кәсiби және тәжiрибелi журналистика мамандарын дайындады. Газет беттерінде жарияланған мазмұнды материалдар арқылы қазақ жастарының әлденеше ұрпағы тәрбиеленiп шықты. Қазiргi тәуелсiздiк кезеңiнде де газет өзiнiң осы игi дәстүрлерiне берiк болады деп сенемiн.

Сiздерге шығармашылық табыс, оқырманға қызықты мате-риалдар, ал «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетiне жарқын болашақ тiлеймiн!

Марат Нұрғазыұлы Манасбаев,

«Казахстанская правда» газеті

ғаламтор редакциясының жауапты редакторы

 

Көкпекті аудандық «Жұл-дыз» - «Новая жизнь» газеті 80-ге толып отыр!

Сексен жылдық тарихы бар аудандық газеттің мазмұны бай, өрісі кең. Ауданда атқарылып жатқан игі істерді, соңғы жаңа-лықтарды, жалпы тың деректерді осы газеттен табасыз. Тарихына үңілсек, бұл басылым ХХ ғасырдың 30 жылдары  «Красный скотовод», «Үлгілімалшы» атауымен шыға бастады. Содан бері газеттің атауы да, мазмұны да, безендірілуі де өзгерді. Жыл са-йын оқырмандар саны да артып келеді, бүгінде бес мың данамен тарайды.

Газет ұжымы 2013 жылы облыс әкімінің жүлдесіне арналған конкурсқа қатысып, «Тірек ауылы - мемлекет тірегі» номинациясын жеңіп алғаны да белгілі. Сонымен қатар, газеттің жаңалығы жаңарып отыратын жеке сайты да бар. Көкпекті аудандық газетінің осы жетістіктері шығармашылық ұжымның қажырлы еңбегінің арқасы. Газеттің шығармашыл ұжымына шығармашылық табыс тілеймін! Қаламдарыңыз ешқашан мұқалмасын!

Ізгі ниетпен: Уәлихан Тоқпатаев,

 облыстық «Дидар» газетінің редакторы

 

Сіздерді қазақ баспасөзінде алар орны бар, тамырын те-реңнен тартқан, тарихы тұнық – «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің 80 жылдық мерейтойымен шын жүректен құттықтаймын!

Ақпарат ағыны толас таппайтын заманда бәсекелестіктің бәсін жеңіп, өзінің сындарлы қалпын сақтап, биік белестерден көрініп, Көкпекті ауданының қоғамдық үніне айналған қазақ басылымдардың бірі де бірегейі - «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газеті.

Халық шынайы тілекші болған, руханияттың тірегі – «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газеті аға ұрпақтың жарқын дәстүрін жалғастырып, бұқара игілігі үшін қызмет істеп, жаңалық пен жақсылықтың жаршысы, үлгілі істердің ұйымдастырушысы, ертеңгі күнге зор үмітпен қарайтын барша оқырмандардың рухани жан азығы болып келеді.

Бұл күнде «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газеттерінің озық ойлы оқырмандары қалыптасқан бағыт – бағдары айқын беделі биік басылым. Қалың бұқараның жоғын жоқтап, мұңын мұңдаумен қатар, Көкпекті ауданының саяси, экономикалық, әлеуметтік, мәдени һәм рухани әлемінің, бұрынғы мен бүгінгінің келбетінің айнасы, жарқын болашағының бағдаршамы іспетті.

Толығырақ...

Өткен ғасыр басындағы тарихымыздың алмағайып кезеңінде негізі қаланып, замананың тулаған толқынында желкенін жықпаған «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газеті - әрқашан халықтың жоғын жоқтап, мұңын мұңдап келе жатқан іргелі басылым. Қалың оқырман арасында құрметке бөленіп, таралымын көбейтіп, журналистердің бірнеше   буынын тәрбиелеген қара шаңыраққа, міне, 80 жыл толды.

Қауіп-қатері көп болған өткен ғасырдың отызыншы, елуінші жылдарында да бұл басылым батыл қадамдар жасап, түрлі мәселелер көтере білді. Заман тынысын дөп басып, еңбекші қауымның өмірі мен еңбегін көрсете білді. Ұлы Отан соғысы жылдарында елдің мұқалмаған жігерін танытып, қуаттандырды, халықтың жұдырықтай жұмыла білетін бірлігін паш етті.

Уақыт керуені газетті сексен дейтін сеңгірге алып шықты.

Бүгінгі тәуелсіз елдің төл басылымы - «Жұлдыз» - «Новая жизнь» уақыт талабына сай қызмет етуде.

Басылымның әрбір нөмірі оқырмандарды рухани байлыққа, адамгершілікке, имандылыққа, отансүйгіштікке тәрбиелеуімен жұртшылық қа-уымның көңілінен шығып келеді. Әсіресе, қа-сиетті қазақ тілінің еліміз егемен ел болғаннан бері мемлекеттік тіл дәрежесіне ие болуы мен абыройының асқақтауына да «Жұлдыздың» еңбегі ерен екендігіне ешкімнің де күмәні жоқ деуге болады. Өңіріміздің атпал азаматтары басшылық еткен газетіміздің тарих толқынында аты өзгерсе де, заты өзгермегендігін әр нөмірді оқырмандардың асығыспен күтетіндігінен-ақ түсінуге болады. Бүгінгі күнде де осынау басылымның сапалылығы мен оқырманның көңілінен шығып отырғандығы – газеттің бас редакторы Дархан Бердібек пен өткір ойлы ұжымының арқасы.

Бүгінде газетте заманауи ақпараттық технологияларды меңгерген кәсіби мамандар қызмет етіп, алдыңғы толқын ағалар қалыптастырған дәстүрді жалғастыруда.

«Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің заман талабына, уақыт лебіне сай жылдан жылға жасап келе жатқан жарқын жаңалықтары, өсу мен өзгеру үдерісі күні бүгінге дейін біздің көз алдымыздан өтіп келеді. Сондай-ақ, бүгінгі ғаламтор дамыған кезеңге сай газеттің жеке сайты мен әлеуметтік желілердегі ақпараттар легінің болуы оқырманның қызығушылығын арттыра түсуде.

Құрметті «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің ұжымы мен оқырмандары!

Аудан жаңалықтарының жаршысына айналған Көкпектінің ертеңі мен бүгінін баяндайтын аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің 80 жылдық мерейлі де мәртебелі мерекесі баршаңызға құтты болсын!

Шығармашылықтың шыңынан көрініп, оқыр-мандарды қуантатын жағымды жаңалықтарыңыз көп болып, басылымның мәртебесі арта берсін!

Р.Сағандыков, Көкпекті ауданының әкімі

Дәметкен Захарина

1954 жылы Дәметкен Захарина отбасымен Көкпектіге көшіп келеді. 1958 жылы газет редакторы журналист Қайдар Қыдырханов болған кезеңде «Ленин туы» аталатын аудандық газетке машинисткалық жұмысқа қабылданып, өзінің өміріндегі 40 жылын ол сүйікті жұмысына арнады. Журналистердің мақа-лаларын басатын бұл жұмысты ол үзіліссіз 1991 жылға дейін атқарған. Аудан айнасының рөлінде тұрған редакторлар - С.Демченко. М.Қалматаев, М.Алмабаев, Т.Жабаев, Н.Пу-тинцев, Қ.Сатыбалдин, В.Ту-пицындермен және нағыз қыл қалам шеберлері В.Пиговаев, Қ.Алтынбаев, М.Алифирова, Р.Бархатова, Е.Скопченко, М.Әңкебаев, Р.Уреспаева, Г.Ияшева, Н.Серікбаев, М.Ма-наспаевтармен қызметтес бол-ған. Редакцияда қызмет атқарған жылдарында жоғары білімді, өмірлік ұстанымы биік 9 редактор газетті басқарған. бүгінде еңбегінің зейнетін көріп отырған Дәметкен Захарина Көкпекті ауы-лында тұрады.

Нұрзада Зарықбаева

Туған ауылы Үлгілімалшыдан орта мектепті бітіре сала 1965 жылы аудан орталығындағы баспаханаға жұмысқа орналасып, сол жерден 1996 жылы зейнетке шыққан. Алғаш келгенде Нұрзада Сыдыққызына әріп терудің әдіс-тәсілін үйреткен ұстазы Клара Ағзамова болған.

Толығырақ...

- Көкпектіде тұрғындардан сүт қабылдау бекеті ашылғанын естігенде қуанышымыз бір тасыған еді. Енді міне, асырап отырған сауын сиырдың сүтін қолма-қол ақшаға өткізіп, тағы бір марқайып жатырмыз. Ауылда тұрған соң мал ұстайды көпшілік. Сол ірі қараның өнімін өткізу мәселесі өзекті. Өнімге сұраныс арта түсетінін ескеріп, болашақта мал басын көбейтуді ойланып жүрмін. Күн сайын сауылған сүтті қолма-қол ақшаға қабылдап жатқаны игілік. Біз үшін, ауыл тұрғындары үшін жасалған жақсылық, - дейді сүт қабылдау бекетінде кезіккен жерлесіміз Елдар Серікқалиев.

Толығырақ...

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Сәуір 2024 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30          

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз