Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Жақында аудандық Жастар орталығында өткен жас-тар арасындағы жиында «Көкпекті жастары» жастардың патроиоттық қоғамдық бірлестігінің жаңа төрағасы тағайындалды.

Осы уақытқа дейін бірлестікке бас болып, аудан жастарының белсенділігін арттыруға ықпал еткен Аслан Танысбаев еліміздің болашағы жастардың қолында екенін айта келіп, бірлестіктің тізгінін ауданның белсенді жастарының қолына тапсыратындығын баян етті.

Аудан жастарының патриоттық сезімін ояту және салауатты өмір салтын сақтау, сонымен қатар, олардың белсенділігін арттыру мақсатында 2011 жылы құрылған бұл бірлестік осы күнге дейін ауданда өткен спорттық жарыстарды, іс-шараларды өткізуге белсене араласып келеді.

«Көкпекті жастары» патриоттық қоғамдық бірлестігінің төрағасы болып Көкпекті орта мектебінің педагог-психологы Жарбол Алпысбаев, ал жауапты хатшылыққа Балалар өнер мектебінің қызметкері Айжан Айыпқазиева тағайындалды. – Біздің бірлестік жастарының болашақтағы жұмыстары Елбасы ұсынған «100 нақты қадамды» жүзеге асыруға бар күш-жігерін салатын болады. Алдағы уақытта жастар арасында өтетін іс-шаралардың жоспарын нақтылаудамыз. Бізге артқан сенімдеріңізді ақтаймыз! Бүгінгі белсенді жастар – ауданымыздың тірегі, – деді өз сөзінде Жарбол Алматайұлы.

Жаңа заман, тәуелсiз ел мұраты — жастардың бiлiмi мен бiлiктiлiкке талпынып әрекеттенуiн, еңбектенiп өсуiн талап етеді.

Жанерке АБЫЛХАН

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Шілде 2015 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
28 29 30 31    

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз