Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Мемлекет басшысы ұсынған «100 нақты қадам» атты жоспары бүгінгі қоғамда үлкен талқылаудың туындауына себеп болып отыр. Ел дамуында үлкен серпіліс жасаудың алғышарты ретінде қабылдануда. Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, осы Палатаның аграрлық мәселелер комитетінің мүшесі Төлеген Тоқтасынұлы Ибраев Елбасы ұсынған бес институционалдық реформаны іске асыруға байланысты әкімшіліктің мәжіліс залында аудан автивімен кездесті. Аудан басшылығы, округ әкімдері, қызмет өкілдері және жер игерушілер қатысқан алқалы жиын барысында  ұлт жоспарын жүзеге асыру жолдары талқыға санылып, оны орындау басымдықтары тілге тиек етілді.

- Елбасы әрдайым көлемді, жан-жақты терең зерделеуден өткен, келешекті болжайтын, бүгінгі қоғамды алға бастыруға бағытталған келелі жоспарларды, кешенді бағдарламаларды ұсынып келе жатыр. Оған тәуелсіздік алған кезден бері куәміз.

Президент өзінің Жолдауларында мемлекет пен халықтың алдына жаңа міндеттер қойып келеді. Ал енді «100 нақты қадам» тәуелсіздік жылдары ішінде қабылданған саяси мәні зор, шоқтығы биік, өзіміздің халқымызға, мемлекетімізге, жерімізге игі әсер ететін елеулі шешімдердің бірі деп ойлаймын, - деп бастады сөзін Мәжіліс депутаты.

Төлеген Тоқтасынұлы «100 қадамның» ішіндегі 34 және 35 қадамдарда  қамтылған жер мәселесін кеңінен тарқатты. – Бұл қадамдарда ауылшаруашылық жерлерін тиімді пайдалану мақсатымен оларды нарықтық айналымға енгізу, Жер кодексіне және басқа да заң актілеріне өзгерістер енгізу көзделген. Ендігі мәселе бес институционалдық реформаны жүзеге асыру үшін қабылданған шешімдерді оны іске асыратын азаматтарға жеткізуіміз керек. Мысалы, жермен айналысатындар жерге байланысты жаңалықтарды білуі тиіс. Барлық саланың мамандары қандай шешім қабылданғанын білуі қажет. «100 қадамнан» туындайтын жұмыстарды қалай орындау керек екенін халыққа жеткізу алда тұрған жұмыстардың бірі болады деген ойдамын. Өйткені, терең ұғына білген жерде, оның орындалуы да әрі тиімді, әрі оңай болмақ.

Сонымен бірге, Мәжіліс депутаты «Нұр Отан» партиясы Көкпекті аудандық филиалында қоғамдық қабылдау жүргізді. Қабылдау барысында жер телімін алу, ауылға келген жастарды қолдау жолдарын қарастыру, жаңа қазақстандық патриотизмды дамыту сұрақтары қозғалды. Жұмыс сапарының соңында Төлеген Тоқтасынұлы - Жерді жекешелендіру туралы үлкен жұмыс атқарылуда. Қазір оның барлығы Үкіметтің қарауында. Жуық арада тиісті заң жобалары, кейбір өзгерістер Мәжілісте талқыланады. Сондықтан да, барлық деңгейдегі әкімдер, орынбасарлары, жер қатынасын реттейтін басшылар осы мәселенің төңірегіндегі түйінді сұрақтарды зерделеп, осы бастан дайындыққа кірісіп кеткені абзал. Басты мақсат - Елбасының Қазақстанды дамыған 30 елдің қатарына енгізу туралы тапсырмасын орындауға бағытталған ұйымдастыру жұмыстарын жоғарғы деңгейде өткізу.

Дархан БЕРДІБЕК

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Шілде 2015 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
28 29 30 31    

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз