Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Қазақтың дербес елдігінің әлем тарихына өшпестей болып басылған мөрі – Астананың туған күні ауданымызда кең көлемде аталып өтті. Жаңа Елорда – Президенттің қолынан шыққан өнер туындысы. Сонымен бірге, Қазақстанның тәуелсіз мемлекет болғандығын бейнелейтін оқиға. Ерекше көңіл, шаттыққа толы қуаныш сыйлаған үлкен мерекеге аудан жұртшылығы көптеп жиналды.

Аудан халқы бейбітшілік пен келісім ордасы Астананың туған күнін, Елорданың 17 жылдық мерекесін ерекше көтеріңкі көңіл-күймен қарсы алды. Аудан көлемінде түрлі шаралар ұйымдастырылды. Сонымен қатар, бұл күні аудандағы демалыс орындарының қатары артып, жаңадан салынған «Жастар саябағының» ашылу салтанаты өтті.

 

Мереке әсем безендірілген жастар саябағында аудан жұртшылығының қатысуымен «Астана – мәңгі қала» атты концерттік бағдарламамен басталды. Әсерлі кеште түрлі-түсті ілінген шарлар мен айшықты жазулар, бас қаланың әсем суреттері жастар саябағының сәнін аша түсті. Жаздың жарқын күнінде, жиылған көпшілікті Көкпекті ауылдық округінің әкімі Қ.Жадрин Астана күнімен құттықтады.

- Елбасы мен Елорда егіз ұғым. Тәуелсіздік алған жылдардан бастап қазақтың мерейі үстем, мәртебесі қашанда жоғары. Астанамызды бүкіл әлем мойындап, қызыға да қызғана қарайтын әсем шаһарға айналды. Өткен уақыт ішінде ауылымыздың да әлеуметтік-экономикалық ахуа-лы, мәдениетіміз бен руханиятымыз жақсара түсті. Алдағы уақытта да біз жарқын болашаққа бірге қадам басамыз, - деген рухты сөздері қалың жұртшылықты бір серпілтіп тастады. Келесі құттықтау сөз аймақтық басқарма басшысы С.Мұқышевқа берілді. - Болашаққа бет бұрған егеменді еліміздің айшықты көрінісіне айналған жарқын қала – Астанамыз өсiп, гүлдене берсiн! Сіздерді әлемдік өркениетке бой созған Астана күнімен құттықтаймын! Тәуелсіздігіміздің тірегі, елдігіміздің жүрегі - Астанамыз асқақтай берсін! Бас қаламыз, жас қаламыздың мерейі үстем болып, еліміздің абыройы арта берсін! Тәуелсіздігіміз тұғырлы, Мемлекеттігіміз ғұмырлы болсын! Мереке құтты болсын! – деп жүрекжарды лебізін білдірді Сләмбек Насырбайұлы.

Салтанатты жиын барысында патриоттық әндер шырқалып, аудан өнерпаздары көрер-мендерді өнерлерімен тәнті етті. Әсіресе, аудан жастарының атын облысқа танытып жүрген «Көкжайық» КТК командасының қойылымдары көпшіліктің көңілінен шығып, айтулы мерекенің жоғары деңгейде өтуіне септігін тигізді. Сондай-ақ, көрермендер арасында ойындар ұйымдастырылып, жеңімпаздарға бағалы сыйлықтар үлестірілді.

Астана күні мерекесі мұнымен шектелген жоқ. Жасөспірім балалар арасында велошеру ұйымдастырылып, патриоттық сезімдерін арттыру мақсатында велошерушілер Көкпектінің орталық көшелермен жүріп өтті.

17 жасқа енді қадам басқан ару Астананың туған күнін аудан жұртшылығы осылай қарсы алды. Жылдан-жылға гүлденіп, өркендеп, өсіп келе жатқан бойжеткен арудай әсем қала Астанамыздың туған күні баршаңызға құтты болсын!

Жанерке АБЫЛХАН

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Шілде 2015 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
    1 2 3 4 5
6 7 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз