Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

«Болмасаң да ұқсап бақ, бір ғалымды көрсеңіз» - деп, Абай атамыз өсиет еткендей, жуырда ауданымызға келген ғалым Қорабай Серікқазы Сыбанбайұлымен кездесудің сәті түсті. Республикамызға танымал ғалымды қысқаша таныстыра кету үшін, өмірі мен қызметі жайлы қысқаша мағлұмат бере кетуді жөн көрдік.

Қорабай Серікқазы Сыбанбайұлы – Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым академиясының Мұхтар Әуезов атындағы әдебиет және өнер институтының «Абайтану және жаңа дәуір әдебиеті» бөлімінің меңгерушісі. Аягөз ауданының құрметті азаматы. "Абай", "М.Әуезов" энциклопедияларының, "ХІХ ғасырдағы қазақ ақындары", "ХҮ-ХҮІІІ ғасырлардағы қазақ әдебиеті", "ХХ ғасырдың бас кезіндегі қазақ әдебиеті" ұжымдық монографиялардың, он томдық "Қазақ әдебиеті тарихының" жауапты шығарушыларының  бірі. Төрт томдық "Қазақ ССР-і" қысқаша энциклопедиясы, "Қазақстан" ұлттық энциклопедиясы, Ақмола, Түркістан, Қазақ әдебиеті, Қазақ өнері, Қазақ мәдениеті энциклопедияларының белді авторларының бірі. Жүз томдық  "Бабалар сөзі" сериясының 56-60 - томдарының жауапты редакторы, 20 томдық "Әдеби жәдігерлер" сериясының жауапты редакторы. "Қазақстан" ұлттық энциклопедиясы Әдебиет редакциясының кеңесшісі. "Мәдени мұра" Ұлттық стратегиялық жобасы фольклортану, әдебиеттану және өнертану секциясы төрағасының орынбасары. 2010 жылы орыс тілінде басылып шығарылған 12 жылдық білім беретін мектептің 8 сыныбына арналған

оқулық пен хрестоматиясын шығарысуға ат салысқан.

Кездесу барысында құрметті қонағымыз Көкпекті, Биғаш ауылдық округтерінің тарихи жерлерін аралады. Толағай тауына тігілген Абылай ордасы, Қаракезеңдегі Дарабоздың әскер қосының орналасуы, осы атырапқа жерленген халық батырлары туралы сөз болды. Ғалым ағамыз Биғаш ауылдық округі аумағындағы Бармақ батырдың кесенесіне барып, жай-күйімен танысты. Жиналғандарға Бармақ батырдың ұлт азаттығы үшін сіңірген еңбегі жайында айта келіп: «Ер елдікі, батыр баршамызға ортақ. Сол жаугершілік заманда осы батырлар бір ғана қазақ үшін, халық үшін қасық қанын аямай, мына байтақ жерді жаудан аман алып қалды. Бүгінде олардың есімін мәңгілікке есте қалдыру біздің қарызымыз да, парызымызда. Көкпектіліктер Бармақ бабаларын мақтан ету керек. ХVIII ғасырдағы азаттық үшін күрескен ардақты бабамыздың ерлігі халық жадында «Бармақ батыр» атты қиса, жорық жолдарын әңгімелейтін аңыздарда қалған», - деді. Бұдан соң кездесу Комсомол ауылында тұратын белгілі атбегі, аңшы Әсет Таныспаевтың отбасында жалғасын тапты. Әсет Балабекұлының туған жер табиғаты мен аң-құсы жайлы әңгімесі ғалым үшін аса қызықты болды. Қазақы дәстүрмен мал сойылып, ата-баба аруақтарына, Бармақ батыр рухына құран бағышталып, дұға оқылды. Сонымен қатар Серікққазы  Сыбанбайұлы атақты жерлесіміз, Қалихан Алтынбаевтың да ұрпақтарымен кездесіп, Қалыбай Қалиханұлымен таяу жылдары аталып өтетін ақынның мерей тойы туралы кеңесті. Әңгімеге арқау болғаны ақын мұрасын жинау, бастырып шығару болды. Сонымен қатар, сол мерей тойға қандай дайындық жасау керек, Қалихан Алтынбаев атындағы аудандық ақындар мектебін қалай ұйымдастыру қажеттілігі сөз болды. Ең бастысы: «Көкпекті» десе, «Қалихан Алтынбаев елі» - деп қарайтын былайғы жұртқа ақын есімінің аудан бойынша ардақталуы,  ақын атын мәңгілік есте қалдыру үшін ескерткіш қойылса, мектеп, көше, кітапхана атаулары берілсе, ешқайда кетпей бар өмірін осы Көкпектісіне арнаған ақын үшін лайықты болар еді деген тілек те айтылды.

Ғалым ағаның тағылымын алып, оқымыстының зиялы тәрбиесіне тұшынған ауған соғысы ардагері Мұрат Рахымбеков, өлкетанушы Қайрат Бесба-йыс, дәрігер Әділбек Сыбанбай, әскери қызметші Самат Қалдыбай «көріскенше күн жақсы» - деп, зиялы топпен қимай қоштастық.

 Қайрат Мәлікаждар, Комсомол ауылы

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Шілде 2015 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 30 31    

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз