Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Ағымдағы жылдың 1 шілде күні Самар ауылында өткен аудан әкімінің қабылдауындағы сұрақтардың көбі жер қатынастары (Б.Бахтинов) және құрылыс бөліміне (Б.Бекенов) қатысты болды. Соның ішінде, жер телімдерінің мал жайылымына, ара өсіру шаруашылығына, қоян өсіру және бау-бақшаны жаңартуға, шөп шабуға арналған жерлер туралы сұрақтар талқыланды.

Рамиль Нығметжанұлы азаматтар тарапынан қойылған сұрақтарды, тиісті бөлімдерге жеткізіп көтерген мәселерлері тұрғысында жауап беруін талап етті.  Пионер көшесіндегі көп қабатты үйде тұратын бір топ зейнеткерлерді толғандырған мәселесі, жаз айларында пәтерлеріндегі судың жетіспеуі немесе мүлдем болмауы. Осы мәселенің анық-қанығын білу үшін Самар ауылдық коммуналдық қызмет бөлімінің жетекшісі С.Мадияров арнайы шақырылған болатын. Оның айтуынша, кейбір азаматтар ауыз суды үнемдемей ысырапсыз қолданудың салдарыннан, көп қабатты үйлердегі тұрғындар қолайсыз жағдайда қалып отыр.

Аудан әкімі осы мәселені тез шешімін табуға міндеттеді және тұрғындарға ауыз су үшін есептегіш құралын орнатуды талап етті.

Әубәкіров көшесінің үш тұрғыны көршілерінің арық сағасын жауып тастауының нәтижесінен зардап шегуде. Олардың бау-бақшаларын су басып жарамсыз болып қалды. Ауылдық округтің әкімі С.Дүсіпов және округтің бас маманы К.Теринге осы мәселенің шешімін табу тапсырылды.

Қанат АПСАДЫҚОВА

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Шілде 2015 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
    1 2 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз