Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

«Көкпекті ауданының арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі 2009 жылдың қараша айында құрылды.
Қазіргі уақытта мекемеде 216 қызмет алушыға үйде әлеуметтік көмек көрсетіледі, оның ішінде жалғызбасты қарттарға және мүгедектерге әлеуметтік көмек көрсету бөлімшесімен 145 жалғызбасты қарттар мен мүгедектерге, мүмкіншіліктері шектеулі балаларға және 18 жастан асқан тұлғаларға үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшесімен 65 қызмет алушыға үйде әлеуметтік көмек көрсетіледі. Күндізге келу бөлімшесінде мүмкіншіліктері шектеулі 16 бала бар. Оңалту шаралары бекітілген кестеге сәйкес сағат 09.00-дан 13.00 дейін жүргізіледі. Қызмет алушыларды Орталыққа және үйлеріне жеткізу мейіргер және тәрбиешінің қарауында «Газель» автокөлігімен жүзеге асырылады.

Толығырақ...

Кітапты іздеп жүріп оқитын кездер тарихта қалып, орнын ғаламтор билеген заманда, халықтың кітап оқуға ынтасын арттыруға жаңа әдіс – тәсілдер мен заманауи көзқарас қажет.
Аудандық кітапхана қызметкерлері нағыз білім қайнарының мәртебесін қайтару мақсатында жылжымалы кітапхана қызметін қарқынды түрде жүргізіп отыр. Кітапханашылар әр мекемелерге, зейнеткерлер мен Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің үйлеріне барып, жаңадан түскен кітаптармен таныстырып, өзіне ұнаған кітаптарын жаздыртып алуға мүмкіндік береді. Жылжымалы кітапхана кітапханаға келуге мүмкіндігі жоқ оқырмандарды сұранысы бойынша кітаппен қамтамасыз етеді. Кітапханашылар оқырмандарымен тығыз қарым – қатынаста жұмыс жасайды, әр айда уақытылы кітаптарды апарып алмастырады.

Толығырақ...

Самар ауылдық округінің жастары бастамасымен ауылдағы білім беру мекемелері арасындағы «Біз ЖҚБТ-ға, нашақорлыққа, маскүнемдікке қарсымыз» атты сурет салу байқауы өтті. Байқаудың басты мақсаты нашақорлықтың - ғасыр дерті екендігін, нашалық заттардың адам өміріне аса қауіптілігін ұғындыра отырып алдын алу, саналы да салауатты өмір сүруге тәрбиелеу болып табылады.

Толығырақ...

«Әдебиет – ұлт жаны» атты көптеген оқулықтардың авторымен кездесу кеші өтті. Кешіміздің қонақтары Айман Советқызы Ақтанова Шәкәрім университетінің қазақ әдебиеті кафедрасының профессоры, филология ғылымдарының кандидаты,Д.Бабатайұлы атындағы ақындар мектебінің директоры және майор Қуаныш Екібасов М.Әуезов атындағы педагогикалық колледжінің алғашқы әскери дайындық мұғалімі.

Толығырақ...

Ағымдағы жылдың 16 қараша күні аудандық білім беру бөлімінің бастамасымен «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру шеңберінде «Табиғат әлемі балалар көзімен» атты қашықтықтан сурет байқауы Балалар өнер мектебінің ұйымдастыруымен өткізілді. Аталмыш байқаудың мақсаты, шығармашылық жұмыстар арқылы оқушыларды қоршаған ортаны қорғауға, аялауға, сүйіспеншілік қабілеттерін қалыптастыру болды.
Осы байқауға ауданымыздағы Көкпекті орта мектебі, Ж.Болғанбаев атындағы Самар орта мектеп-лицейі, Преображенка орта мектебі, Үлкенбөкен мектеп-балабақша кешені, Қараөткел негізгі мектебі, Абай атындағы орта мектебі, Көкжайық орта мектебі, №1 Самар орта мектебі, Қ.Аухадиев атындағы орта мектебі, Көкжота орта мектебі, Раздольное негізгі мектебі, Шәріптоғай негізгі мектебі, Ж.Шайжүнісов атындағы орта мектебі, Балалар өнер мектебі (Көкпекті ауылы) мектептері қатысып, белсенділік танытты. Байқау 7-9 жас, 10-12 жас және 13-16 жас ерекшелік арасында өтті. Сурет байқауы төмендегідей нәтиже көрсетті.
Байқауға қатысқан оқушылардың суреттерін тарзылап, ой елегінен өткізген әділқазылар құрамында Ж.Шайжүнісов атындағы орта мектептің бейнелеу пәні мұғалімі Берік Тусупов және аудандық білім бөлімінің әдіскері Гүлшат Бақытбек болды.

Толығырақ...

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Мамыр 2024 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз