Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

«Көкпекті-Толағайы» балабақшасының «Ягодка» тобында тәрбиешілердің ұйымдастыруымен алтын күз ертеңгілігі өтті. Күз мезгілін әнге қосып, көрініске арқау еткен мектепке дейінгі тәрбие орталығының тәрбиеленушілері күзді былайша дәріптеді. Балалар күз, отан туралы ойындар ойнап, ән шырқады.
Әр үйдің дастарханын әнге, қойманы дәнге толтыратын алтын да жомарт күз мезгілі табиғаттың ең берекелі уақыты. Молшылықтың бастауы, сары ала жапырақтардың сардаланың әсем кейпін келтіретін кезі, күннің қысқарып, түннің ұзаруы осындай жарқын шақтарды балаларға үйрету тәрбиенің негізі.


Бүгінгі мерекелік шарада балақайлар жапырақтар биін билеп, алтын күзді дәріптейтін өлең тақпақтарын айтып, көрермендердің қошеметіне бөленді. Ең үлкені екіден асқан балалардың тәтті тілі мен қылықтары көрермендерді баурап алды. Ата-аналар осы топтың тәрбиешілері мен тәрбиешінің көмекшісіне алғыстарын айтып тарасты.


Ш.Нұрғалымова,

ата-аналар комитетінің мүшесі

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Қазан 2018 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
30 31        

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз