Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Жұмыс барысында ізденіс жолы қашанда шексіз. Оған шын ниетімен берілгендер ғана қол жеткізбек. Сондай тұлғаның бірегейі Маяковский атындағы негізгі мектептің ұстазы Ермекбаева Бахтыгүл Құнанбасқызы.
Ол кісі 1964 жылы, 14 мамырда бұрынғы Семей облысы, Ақсуат ауданы, Ақсуат ауы-лында қарапайым отбасында дүниеге келген. Ауылдағы 10 жылдық орта мектепті бітірген соң, Семей қаласындағы Н.К.Крупская атындағы педагогикалық институттың математика пәнінің мұғалімі мамандығына түседі де аталған оқу орнын 1992 жылы жақсы деген бағамен тәмамдайды. Ұзақ жылдар Егінбұлақ ауылындағы Ш.Құдайбердиев атындағы негізгі мектепте жас ұрпақты тәрбиелеп, сапалы білім беріп, аудан, облыс көлемінде әріптестері арасында өз іс тәжірибесін таратқан. Ш.Құдайбердиев атындағы негізгі мектепте 13 жыл тәлімгер және тәрбие ісінің меңгерушісі болып жұмыс атқара жүріп, облыстық «Ұстаз. Білім. Шәкірт» газетіне «Менің Отаным - Қазақстан» атты тақырыптағы модульдік технология бойынша жасаған тәрбие сағатын жариялайды. Дарабоз ұстаз қашан да жаңалыққа жаны құмар және өзінің сабақ берудегі әдіс-тәсілін жаңа технология элементтерімен ұштастырып, үнемі озат тәжірибемен жетілдіруде, оқушыларға тиянақты білім беру жолдарын үздіксіз іздестіруде. Оқушыларды білім нәрімен сусындатып қана қоймай, өз білімін жаңа оқу үрдісіне сай жетілдіріп отырады. Көп ізденетін жаңашыл, өз пәнін жетік, терең білетін ұстаз әріптестерімен педагогикалық оқуларда, бірлестік отырыстарында ой бөлісіп, тәжірибе алмастырып отырады. Өзінің қажымай жинақтаған мол тәжірибесін жас мамандарға үйретуден бір сәт те жалыққан емес, керісінше олардың көздерінен білімге деген ұшқын көрсе қолдап, көмек қолын созуға даяр тұрады.

Толығырақ...

Білім күні - бұл алғашқы қоңырау мен толқуларға толы күн. Бұл мектеп табалдырығын алғаш рет аттағандар үшін көптен күткен күн. Бірінші сынып оқушылары, олардың ата-аналары, әжелері мен аталары осы бір қуанышты әрі жарқын мерекені асыға күтті.

Бірінші қыркүйек - бұл 1 сынып оқушылары үшін үлкен мектеп жолының басы, 5 сынып оқушылары мен 10 сынып оқушылары үшін жаңа саты болса 11 сынып оқушылары үшін соңғы оқу жылының басталуы болды. Соңғы рет 11 сынып алғашқы қоңырау мерекесіне қатысады.
1 қыркүйек күні "Самар бастауыш мектебінде алғашқы қоңырау соғылды. «Саналы ұрпақ - жарқын болашақ" атты салтанатты жиынға педагогикалық еңбек ардагерлері, ата-аналар қатысты.

Толығырақ...

Биыл Көкпекті ауданындағы білім ордаларынан 195 түлек қанат қақса, оның 151-і ұлттық бірыңғай тест тапсыруға ниет білдірген болатын. Ауданымыз бойынша жоғары оқу орындарына грантқа түскен түлектер саны 84 болса, бұл ҰБТ-ға қатысушылардың 55 пайызы өзі таңдаған мамандық бойынша тегін білім алады деген сөз. Ал жоғары оқу орнында ақылы негізде білім алу мүмкіндігіне 50 түлек ие болды.

Аудандағы мектеп түлектері оқуға түсуі бойынша білім беру бөлімінің бас маманы Гаухар Кәрібаева ақпарат берді:
- Жалпы 11 сынып түлектерінен колледждердің грантына 39 түлек құжат тапсырды, ал ақылы негізінде 19 түлек оқуға түсті. Мүмкіндігі шектеулі екі оқушы, ал бір түлек жұмысқа орналасты. 2019 жылы 9 сыныпты 332 оқушы құрады. 88 түлек колледждердің грантына оқуға түсті, ал 45 түлек ақылы негізде оқуға құжат тапсырды. Қалған 199 түлек мектептегі білімін жалғастыруды шешті.

Толығырақ...

«Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпы еңбек қоғамына қарай жиырма қадам мақаласында Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев: "... мемлекеттік емес сектордың елді жаңғыртуға, ең алдымен әлеуметтік салада белсенді қатысуы маңызды…» деген болатын. 

Осы тапсырманы іске асыру жолдарының бірі мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу саласында мемлекеттік-жеке меншік әріптестікті дамыту болып табылады. Бұл бала тұлғасының үйлесімді қалыптасуы мен дамуы үшін жағдай жасайтын Қазақстан Республикасының Білім беру жүйесінің бірінші деңгейі.
Білім беру жүйесін жаңғыртудың негізгі бағыты білім беру мекемелерін оңтайландыру болып табылады: мектепке дейінгі, бастауыш, орта білім берудің тұтас лифтін құру.

Толығырақ...

Аудандық ардагерлер кеңесін Сләмбек Насырбайұлы Мұқашев басқарғалы бірталай жылдың жүзі болды. Ардақты атамыз ауыл қарттары мен ақсақалдарын біріктіріп ауданымызда болып жатқан мемлекеттік шаралардың бәріне қатысады. Ағалық ақылдарын айтып, жастарға бас-көз болады. Аудан әкімі Асхат Смаилов ардагерлер жиналып отыратын, келелі кеңес құратын Аудандық ардагерлер үйін, Самар және басқа ауылдарда ардагерлер бөлмесін ашуға бастамашы болды. Көкпекті аудандық ардагерлер үйі ашылғанда қарттардың қуанышында шек болмады.

Толығырақ...

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Мамыр 2024 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз