Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Жұмыс барысында ізденіс жолы қашанда шексіз. Оған шын ниетімен берілгендер ғана қол жеткізбек. Сондай тұлғаның бірегейі Маяковский атындағы негізгі мектептің ұстазы Ермекбаева Бахтыгүл Құнанбасқызы.
Ол кісі 1964 жылы, 14 мамырда бұрынғы Семей облысы, Ақсуат ауданы, Ақсуат ауы-лында қарапайым отбасында дүниеге келген. Ауылдағы 10 жылдық орта мектепті бітірген соң, Семей қаласындағы Н.К.Крупская атындағы педагогикалық институттың математика пәнінің мұғалімі мамандығына түседі де аталған оқу орнын 1992 жылы жақсы деген бағамен тәмамдайды. Ұзақ жылдар Егінбұлақ ауылындағы Ш.Құдайбердиев атындағы негізгі мектепте жас ұрпақты тәрбиелеп, сапалы білім беріп, аудан, облыс көлемінде әріптестері арасында өз іс тәжірибесін таратқан. Ш.Құдайбердиев атындағы негізгі мектепте 13 жыл тәлімгер және тәрбие ісінің меңгерушісі болып жұмыс атқара жүріп, облыстық «Ұстаз. Білім. Шәкірт» газетіне «Менің Отаным - Қазақстан» атты тақырыптағы модульдік технология бойынша жасаған тәрбие сағатын жариялайды. Дарабоз ұстаз қашан да жаңалыққа жаны құмар және өзінің сабақ берудегі әдіс-тәсілін жаңа технология элементтерімен ұштастырып, үнемі озат тәжірибемен жетілдіруде, оқушыларға тиянақты білім беру жолдарын үздіксіз іздестіруде. Оқушыларды білім нәрімен сусындатып қана қоймай, өз білімін жаңа оқу үрдісіне сай жетілдіріп отырады. Көп ізденетін жаңашыл, өз пәнін жетік, терең білетін ұстаз әріптестерімен педагогикалық оқуларда, бірлестік отырыстарында ой бөлісіп, тәжірибе алмастырып отырады. Өзінің қажымай жинақтаған мол тәжірибесін жас мамандарға үйретуден бір сәт те жалыққан емес, керісінше олардың көздерінен білімге деген ұшқын көрсе қолдап, көмек қолын созуға даяр тұрады.

Сыныбындағы дарынды, талапты оқушылармен жұмысты жетілдіріп, алға қойған шебер ұстаз шәкірт қабілетін ұштау арқылы, шығармашылық әлеуетін дамыта түсуде. Бахтыгуль Құнанбасқызы В.Маяковский атындағы негізгі мектебінде 5 жылға жуық жұмыс істейді. Өз ісіне тиянақты, жан-жақты ұстаз. Өзі және 3 оқушысы республикалық «Дарын» олимпиадасына қатысып, белсенділіктерімен үздік танылып сертификат алды. Сабақ беретін сыныбындағы оқушылары жыл сайынғы облыстық «Асыл тас», «Малахит» конкурстарына қатысып, жүлделі ІІ және ІІІ орындарды иеленуде. Ауданда пәндер арасында өткен олимпиадаға математика пәнінен бір оқушысы қатысып, ІІІ орын алса, республикалық қашықтықтан өткізілетін олимпиадаға дарынды оқушысы 8 сынып оқушысы Досмұхаметов Жалғаспен бірге қатысқан ұстаз І орын алды. Білім мен өнерді қатар алып жүрген ұстаз қолөнер сайысына жетекшілік етіп 9 сынып оқушылары Мұхамадиева Аяулым мен Қадыр Мерхатты республикалық қолөнер сайысына қатыстырып, «Шебер қолдар» номинациясы бойынша І орынды алса, өзі бірінші дәрежелі алғыс хатпен марапатталды. Өзінің отыз жылдан астам қызметін ұрпақ тәрбиесіне арнап, тәлім-тәрбиені тоғыстырған жанға бұл жылдар айтарға ғана жеңіл, талай қиындықтарды бастан өткеріп, талай тер төгіп, мол табыстарға қол жеткізген уақыт. Дарабоз ұстаз мектептегі, ауылдағы қоғамдық жұмыстарға белсене араласады. Терең білімділігімен, ізденімпаздығымен, кішпейілділігімен ауылдастары арасында зор беделге ие. Жанұяда Әділбек ағамен алты бала өсіріп, жеткізген аяулы ана. Білім саласына елеулі үлес қосып, өмірін арнаған ұлағатты ұстаз – бәрімізге мақтаныш.

С.Әлімбаева, Маяковский атындағы
негізгі мектептің қазақ тілі
мен әдебиеті пәні мұғалімі

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Қыркүйек 2019 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30            

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз