Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Биыл Көкпекті ауданындағы білім ордаларынан 195 түлек қанат қақса, оның 151-і ұлттық бірыңғай тест тапсыруға ниет білдірген болатын. Ауданымыз бойынша жоғары оқу орындарына грантқа түскен түлектер саны 84 болса, бұл ҰБТ-ға қатысушылардың 55 пайызы өзі таңдаған мамандық бойынша тегін білім алады деген сөз. Ал жоғары оқу орнында ақылы негізде білім алу мүмкіндігіне 50 түлек ие болды.

Аудандағы мектеп түлектері оқуға түсуі бойынша білім беру бөлімінің бас маманы Гаухар Кәрібаева ақпарат берді:
- Жалпы 11 сынып түлектерінен колледждердің грантына 39 түлек құжат тапсырды, ал ақылы негізінде 19 түлек оқуға түсті. Мүмкіндігі шектеулі екі оқушы, ал бір түлек жұмысқа орналасты. 2019 жылы 9 сыныпты 332 оқушы құрады. 88 түлек колледждердің грантына оқуға түсті, ал 45 түлек ақылы негізде оқуға құжат тапсырды. Қалған 199 түлек мектептегі білімін жалғастыруды шешті.


2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» өнімді жұмыспен қамту және бұқаралық кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасын жүзеге асыру аясында Көкпекті білім бөліміне 41 колледж ұсынылды.
Оның ішінде: Өскемен медициналық колледжіне - 1 түлек, Д.Қалматаев атындағы мемлекеттік медициналық колледжіне – 2, Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжіне – 7, М.Әуезов атындағы педагогикалық колледжі – 1, Электротехникалық колледж – 3, «Семей» медициналық колледжі – 2, Өскемен сервистік қызмет көрсету колледжі – 3, Өскемен политехникалық колледжі – 1, «Қайнар» колледжі – 4, Өскемен көпсалалы технологиялық колледжі – 4, Шығыс Қазақстан ауыл шаруашылығы колледжі – 1, "Қазтұтынуодағы агробизнес және экономика колледжі" – 5, Индустриалды-технологиялық колледжі – 1, «Бизнес және сервис колледжі» КМҚК – 1 түлек оқуға түсті.
2019 жылдың 19 тамызға дейін осы бағдарлама бойынша 36 түлек оқуға түсті, оның тоғызы 11 сынып түлектері, ал қалған 27 оқушы 9 сынып түлектері. Келешекте олар тәуелсіз еліміздің нығаюына өз үлестерін қосады деп сенеміз, – деді Гаухар Жұматайқызы.

Клара ҚАЙЫПЖАНҚЫЗЫ 

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Тамыз 2019 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
27 28 29 30 31  

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз