12 Тамыз 2019

НОВЫЙ ПАРК НА МЕСТЕ свалки

7 августа в селе Кокпекты состоялась церемония открытия парка возле 36-квартирного дома. Внутри парка установлен фонтан. Местные жители собрались, чтобы воочию увидеть новое место отдыха, по праву претендующее на получение статусанашей очередной достопримечательности. 

Церемония открытия началась с музыкального подарка артистов Дома культуры имени Калихана Алтынбаева.С поздравительной речью к присутствующим обратился заместитель акима района Марат Темиржанов.
- От имени главы района и от себя лично поздравляю всех с открытием такого замечательного парка! Это отличное место для отдыха людей разных возрастов и семейных прогулок. Я приглашаю всех жителей посетить его и лично убедиться в этом. В настоящее время по инициативе акима района проводится ряд мероприятий, в числе которых и открытие этого парка. Пусть подобные инициативы на благо населения станут нашей доброй традицией! – сказал в своем выступлении Марат Капарович.

Read more

АЙТАР СӨЗІМІЗ АЛҒЫС

Аудандық ардагерлер кеңесін Сләмбек Насырбайұлы Мұқашев басқарғалы бірталай жылдың жүзі болды. Ардақты атамыз ауыл қарттары мен ақсақалдарын біріктіріп ауданымызда болып жатқан мемлекеттік шаралардың бәріне қатысады. Ағалық ақылдарын айтып, жастарға бас-көз болады. Аудан әкімі Асхат Смаилов ардагерлер жиналып отыратын, келелі кеңес құратын Аудандық ардагерлер үйін, Самар және басқа ауылдарда ардагерлер бөлмесін ашуға бастамашы болды. Көкпекті аудандық ардагерлер үйі ашылғанда қарттардың қуанышында шек болмады.

Read more

ШАҒЫН АУЫЛДАҒЫ ШАЛҚАР ТОЙ

Өткен демалыс күндері шалғайдағы шағын ауыл Егінбұлақта шалқар той өтті. Егінбұлақтағы «Ауыл күні» мерекесінің даңқы бүкіл өңірді шарлағаны мерекеге әзірлік барысынан анық байқалатын. «Тойдың болғанынан боладысы қызық» демекші, ауылдың топырағында өскен, қазір еліміздің әр түкпірінде қызмет етіп жүрген түлектердің туған жердің төсінде өтетін басқосуға өз үлестерін қосқанына жұртшылық «бәрекелді» десті.

Дәстүрлі «Ауыл күні» мерекесі биыл түбегейлі жөндеуден өткен екі бірдей әлеуметтік нысанның ашылуымен тұспа-тұс келгендіктен бағасы арта түсті. Ауыл орталығына қазақы киіз үй тігіліп, қайта жөндеуден өтіп, құлпыра бой түзеген клуб үйі жарқырап тұр. Жергілікті халықтың қуанышын ортақтаса келген аудан тұрғындарынан бөлек көршілес Жарма, Тарбағатай аудандарынан келген қонақтардың қарасы қалың.

Read more

«СОТ КАБИНЕТІ» - БІРТҰТАС ТЕРЕЗЕ

Қазақстан республикасының Жоғарғы соты, сот жүйесіне деген қолжетімділікті және сот жүйесінде ашықтыққа қол жеткізу мақсатында, заманауи технологияларды қолдану арқылы «сот кабинеті сервисі» атты жаңашылдықты енгізген болатын. Бұл жобамен қолдану үшін, азаматтар электронды қолтаңба арқылы Қазақстан Республикасының Жоғарғы сотының сайты қолдана отырып жұмыс істей алады. Бұл қызметті пайдаланудағы ең басты ерекшелігі бұл сотқа шағым, талап, арыз, өтініштерді, апелляциялық, жеке, кассациялық шағымдарды және бақылау тәртібінде істі қайта қарау туралы өтініштерді жазып оны тіркеуде уақытты үнемдеудің мүмкіншілігі өте жоғары. «Сот кабинеті» — бұл сот органдарының онлайн сервистері мен қызметтерін қолдануға мүмкіндік беретін біртұтас терезе.

Read more

ТОЙЫ ТОЙҒА ҰЛАСҚАН – ҚАРАҒАНДЫКӨЛ АУЫЛЫ

Қарағандыкөлдіктер 11 әріпті де тілдері шыға салысымен тастамай, мүдірмей ежелеп тұрып «Қарағандыкөл» деп   мақтанышпен атайды. 1967 жылы Қарағандыкөл кеңшары құрылды. Осы өткен жылдарда шаруашылықты басқарған азаматтар Зарықбай Жылқыбаев, Әбдеш      Жуасбаев,  Кенжехан Айжолов, Әйтім Доғанбеков, Қараменде Әкімжанов, Аманғали Мақұлбаев, Кәмелбек Қажыкеновтер болды. Бір өзінде үш ферма – Мамай, №2, №3 бөлімшелері, Шұбарши, Күйгенбаз қыстақтары, жайлауы сонау Тарғыбатайдың Елекесіне дейін кететін ірі шаруашылық неше мыңдаған ұрпаққа пана болып, қасиетті атамекен болған. 

Биыл 30-шы рет ұйымдастырылып отырған ауған соғысы құрбаны, жауынгерлік «Қызыл жұлдыз» орденінің иегері, жерлесіміз Разаков Нұрсұлтанды еске алу турнирі «Ауыл күні» мерекесіне ұласып, көғалды кең жазықта ұлан-асыр той болды. Еске алу мен турнирды 30 жыл бойы тоқтатпай өткізіп келе жатқан Болат Далабаев, Ерназ Исабаев, Қыдырбек Абетаев пен Қайрат Далабаев, өзі жауынгерлік «Қызыл жұлдыз» орденінің иегері, ауған соғысының батыры. Қаза тапқан жолдастарын еске алуда Аян Халиульдин мен Ерлан Жұмажанов та болды.

Read more

ҚЫСТЫҢ ҚАМЫН ЖАЗДА ОЙЛА

«Жылыту маусымына дайындық» аудан әкімшілігінің жіті назарында. «Қыстың қамын жазда ойла» деген қағида Көкпекті ауданының ұранына айналғандай. 29 шілде күні өткен аудандық аппараттық кеңесте аталмыш мәселе қозғалып, кең көлемде талқыланды. Жалпы Көкпекті ауданы қаһарлы маусымға қаншалықты дайын?

Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің берген ақпараты бойынша, "Бос уақыт орталығы" КМҚК жанындағы барлық ауылдық клубтарды жылыту үшін жыл бойы 760 тонна көмір жұмсалады. 2019 жылдың екінші жартыжылдығына 380 тонна көмір бөлінді. "Бос уақыт орталығы" КМҚК "Бойков М. Ю" ЖК арқылы тауар биржасымен шарт жасады. 2019 жылы тамызда көмірмен қамтамасыз ету 40%, қыркүйекте 60% құрайды. 2020 жылдың бірінші жартыжылдығына 380 тонна көмір сатып алуға қаражат қажет.
Жылу беру маусымына денсаулық сақтау мекемелері да дайындалуда. Бұл туралы "Көкпекті аудандық орталық ауруханасы" ШЖҚ КМК хабарлады. Ағымдағы жылдың 29 шілдесіндегі жағдай бойынша көмірдің жалпы көлемі жылына 2600 тоннаны құрады. Қаңтар айынан сәуір айына дейін ОАА қазандығы бойынша 1250 тонна шығындалды.
Тас көмірді жеткізуге "Виничук В.В." ЖК-мен шарт жасалды.

Read more

ЖАСТАРДЫҢ КЕЛЕЛІ КЕҢЕСІ

Тамыз айының 6 жұлдызында Көкпекті ауданына облыс әкімі орынбасарының тапсырмасымен, облыстық ішкі саясат басқармасының және жастар ассамблеялық қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен «Рухани жаңғыру-жастар жолы» облыстық жастар керуені келген болатын.

Бастау алған жоба аясында жастар керуені облысымыздың 15 ауданында өз жұмысын жүргізетін болады. Ал бұл үлкен жобаның Көкпекті ауданында бастау алғаны үлкен қуаныш. «Жігерлі жастар ауылға» деген жоба аясында ауылдық жерлерде тиімді еңбек идеологиясы және жастарды әлеуметтендіруге бағытталған жобаларды іске асыру болып табылады. Осыған орай, бұл облыстық керуеннің басты міндеттерінің бірі жастарға осы жобаларды толық түсіндіру жұмыстарын жүргізу. Бұл керуеннің қатарында әр түрлі саланың мамандары, мемлекеттік бағдарламаны жүргізіп жатқан мекемелер, бағыт-бағдар бере алатын қызметкерлер бар. Яғни, ішкі саясат басқармасы, жұмыспен қамту бөлімі, спорт және дін істері басқармасынан, білім беру бөлімінен, тұрғын үй құрылыс жинақ банкінен, психолог мамандар арнайы келді. Облыстық жастар ресурстық орталығының директоры Арайлым Керімбекқызы, Жас Отан жастар қанатының төрайымы Маржан Бақыт, тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің маманы Асхат Бақытжанұлы, теолог Қанат Тұрсынғали, ШҚО техникалық және кәсіптік білім беру және кадрларын даярлау орталығының орынбасары Ләззат Тоқтарбекқызы, денсаулық сақтау басқармасынан Г.Ержанқызы, денешынықтыру және спорт басқармасынан Әділ Бағдатұлы және психолог маман Аия Байзалина. Сонымен қатар, бұл шараға ауданымыздан «Атамекен» ұлттық қауіпсіздік палатасынан Зухра Қалиева, жұмыспен қамту бөлімінің маманы Арай Қалибаева қатысты.

Read more

АУЫЛДЫҢ АЖАРЫН АШҚАН САЯБАҚ

Тамыз айының 7 күні Көкпекті ауданында 36 пәтерлі үйдің жанындағы футбол алаңының маңынан бой көтерген саябақтың ашылу салтанаты өтті. Қоршауға алынып, іші-сырты әсемделген саябақта субұрқақ та орнатылған. Жастардың серуен құрып, тынығуына таптырмас орын болып табылатын саябақтың лентасын қиюға біршама халық жиналды.

Салтанатты іс-шара Қ.Алтынбаев атындағы мәдениет үйі әртістерінің қонақтарға тамаша шаттық сыйлап, сұлу ырғаққа құрылып, жүрекке жылы тиер ән шашуын арнауымен басталды. Келесі кезекте қуанышты оқиғамен құттықтау үшін аудан әкімінің орынбасары Марат Қапарұлына, аудандық маслихат хатшысы Талғат Сарманов, ауылдық округтің әкімі Қайрат Алғазинов, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Слямбек Насырбайұлы мен ауылдық ақсақалдар кеңесінің белсенді мүшесі Тілеухан Қайырхановқа сөз кезегі берілді.

Read more

АУДАН ӘКІМІ АСХАТ СМАИЛОВ "АЛТАЙ" ТЕЛЕАРНАСЫНА СҰХБАТ БЕРДІ

Тамыз айының 5 жұлдызында аудан әкімі Асхат Смаилов «Altai» телеарнасына тікелей эфирде сұхбат берді. Сұхбатта көтерілген тақырып «Көкпекті ауданының әлеуметтік-экономикалық даму қарқынына» арналды.
Тележүргізуші Меруерт Расулова.

- Қош келдіңіз! Сұхбатымызды Көкпектінің қазіргі тынысы, келбеті жайлы сауалдарымызбен бастасақ. Бүгінгі таңда Көкпектіге қатысты өзекті мәселелердің бірі ауыз су мәселесі екенін білеміз, оларды шешу жолында ілгерілеу бар ма? Қандай жобаларыңыз, жаңалықтарыңыз бар осыдан бастай отырсаңыз. 

- Сәлеметсіз бе?! Өте орынды сұрақ. Өздеріңізге белгілі Көкпекті шығыстан батысқа 200 шақырымнан артқа созылған бұқтырманың жағалауында орналасқан үлкен іргелі ауыл, төрт құбыласы тең аудан. Халқы мәдениетті, білімді, еңбекқор. Сіздің «Қалдарыңыз қалай?» деген сұрағыңызға жауап бере кетсем, есіңізде болса былтыр осы жерде өздеріңізге сұхбат бергенмін, ол уақытта Көкпекті ауданы әлеуметтік-экономикалық даму жағынан ШҚО бойынша он тоғызыншы орында тұрғанбыз, ал бүгінгі сәтте облыс бойынша әлеуметтік даму жағынан бірінші орынға көтерілдік. Бұл жай ғана көктен алып қоя салған сандар емес, ол мына мен басқарып отырған аудан халқының еңбегінің нәтижесі, өңірдегі еңбекқор азаматтар деп айтып отырғаным да сол. Біз аз уақытта қалайша мұндай жетістікке жеттік, бірінші кезекте өнеркәсіп, ауылшаруашылық өнімдерін өндіруді малдың басын арттыруда біршама жұмыстар атқардық. Ең негізгі жетістігіміз, ірі көрсеткіштеріміздің бірі ауыз су мәселесіне инвестиция тарттық. Атап айтсақ, ауыз су мәселесіне құны 9 миллиард 200 миллионнан асатын жобаларды әкелдік. Қазір 6 ауылда құрылысы басталып, жүргізіліп жатыр. Құрылыс монтаждау жұмыстарының көлемі 3 есе артты. Инвестициямыз 4 есеге, оның ішінде жеке меншік капитал 2 есеге артып жатыр. Салық көлемі 40 %-ға артты, бұл үлкен көрсеткіш, үлкен ілгерілеу деп есептеймін. Бүгінде шағын бизнеспен айналысатын кәсіпорындардың саны артқанының есебінен олардан түсетін салық көлемі де сәйкесінше көбейіп келеді. Осының нәтижесінде біз облыс бойынша бірінші деңгейге көтеріліп отырмыз. Даму әлеуеті жоғары аудандардың көшін бастап тұрғанымызға әрине қуаныштымыз, бірақ бұл Көкпекті ауданы тұрғындарының еңбегінің нәтижесі, ортақ жетістік. Ауыз су мәселесінде соңғы орындарда тұрған едік, ал былтырдан бері 12 ауылдың ауыз су мәселесін шешу үшін 12 жоба даярладық. Бүгінгі күнде оның алтауына республикалық бюджеттен қаржы бөлініп 4,5 миллиардтың жобасы іске асырылып жатыр. Көкжайық ауылында 1 миллиард 300 миллилонды құрайтын мемлекеттік сатып алу конкурсы өтіп, жоба құрылысы басталып кетті. Сондай-ақ Үлкенбөкен ауылында 1 миллиард 30 миллион қаржы жұмылдырылған ауыз сумен қамту жобасының құрылысы басталды. Көкжота, Құлынжон, Аққала ауылдарында да мемлекеттік сатып алу процедуралары өткен болатын. Қазір ол ауылдарда да құрылыс жұмыстары атқарылып жатыр. Аудан орталығында да ауыз су мәселесі шешімін табу үшін былтырдан бері реконструкция жұмыстары жүргізіліп, біз оған қосымша екін-ші жоба жасадық та бастапқы су беретін қондырғыларын айырбастау жобасын алып шыққан болатынбыз. Оған да республикадан ақша бөлінді, жұмыстары биыл басталады деп жоспарлап отырмыз. Келешекте Миролюбовка, Маринагорка, Преобреженка, Үлгілімалшы деген еңбекқор халық тұрақтанған ауылдарға да мемлекеттік сатып алу процедурасы өтеді, оған келесі жылы қаржы бөлінеді. Бірақ біз тек қаржы бөлінуіне ғана қарап отырмай, мүмкіндігінше өзіміз әрекет жасауға тырысамыз.

Read more

Директор-редактордың блогы

Көкпекті аудандық

 «Жұлдыз - Новая жизнь» 

газетінің сайтына қош келдіңіздер!

Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр.

Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Тамыз 2019 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 31  

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз