Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Қазақстан республикасының Жоғарғы соты, сот жүйесіне деген қолжетімділікті және сот жүйесінде ашықтыққа қол жеткізу мақсатында, заманауи технологияларды қолдану арқылы «сот кабинеті сервисі» атты жаңашылдықты енгізген болатын. Бұл жобамен қолдану үшін, азаматтар электронды қолтаңба арқылы Қазақстан Республикасының Жоғарғы сотының сайты қолдана отырып жұмыс істей алады. Бұл қызметті пайдаланудағы ең басты ерекшелігі бұл сотқа шағым, талап, арыз, өтініштерді, апелляциялық, жеке, кассациялық шағымдарды және бақылау тәртібінде істі қайта қарау туралы өтініштерді жазып оны тіркеуде уақытты үнемдеудің мүмкіншілігі өте жоғары. «Сот кабинеті» — бұл сот органдарының онлайн сервистері мен қызметтерін қолдануға мүмкіндік беретін біртұтас терезе.


Сервисті қолданушылар үйде немесе жұмыс орнында отырып интернет желісі арқылы сотқа талап арызды бере алады, сот отырысы хаттамасын алу, азаматтық іспен танысу туралы арыздарын жолдай алады, тағы да қос кететін жайт, жоғарыда айтылған жобаның мобильдік қосымшасы да жұмыс атқарады, «Сот кабинеті» сервисі арқылы сот органдарына жолданған барлық электрондық құжаттарды мобильдік қондырғыға жүктеу мүмкіндігімен көруге, сот органына берілген құжаттардың қозғалыс статусын қадағалауға мүмкіндік алады. Сонымен бірге, мемлекеттік бажды онлайн режимінде төлеу мүмкіндігі де қарастырылған.
Жаңадан енгізілген аталған қызмет түрлері мүдделі тұлғаларға істің қаралу мерзімдерін бақылап отыруға мүмкіндік береді. Электронды құжаттарды беру сервисін пайдаланушылар сотқа «Қосымша құжаттарды жіберу» бөлімін пайдалану арқылы құжаттарды қосымша жібере алады. «Кассациялық шағым» сервисін жүзеге асыруда шағым беруші «Сот актілерін» қайта қарау» бөлімі арқылы өз таңдауын жүзеге асырады. Жіберу туралы талон беріледі. Содан соң «Іс бойынша құжаттар» бөлімін пайдаланып өздерінің пікір, талап, арыз, ескертулерін жібере алады. Құжат беруші әрі қарай электрондық арыз толтырады. «Өтініштер» бөлімін таңдауды жүзеге асырады. Ол үшін электрондық өтініш нысанын толтырады. Толтырып болған соң дұрыстығын тексеруді жүзеге асырады. Электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылады. Содан соң жіберу туралы талон қалыптастырылады. Жіберілген құжаттар «Берілген құжаттар» қосымша бетінде көрсетіледі. Электрондық құжаттарды беру жүйесін пайдаланушы істі қарау барысының динамикасымен танысуына болады. Осының барлығы заманның талабына орай орындалып жатқан жаңалықтар лебі десе болады. Сондықтан жаңалықтарды пайдалана отырып, уақытты тиімді пайдаланып, әрі нақты жауаптарға дер кезінде қол жеткізуге болады. «Сот кабинеті» электронды ақпараттық сервисі арқылы сотқа электронды құжаттар беру тәртібі туралы нұсқаулық ҚР-ның Қылмыстық процессуалдық кодексіне «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы», «Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы» ҚР-ның заңдарына сәйкес әзірленді. «Сот кабинеті» сервисі арқылы мемлекеттік органдардан электрондық түрде талап арыздарды қабылдау жұмыстарының ұйымдастыру нәтижесінде қағаз құжат айналымы азайып, оның орнына заман талабына сай электронды құжат айналымы жұмыстарын күшейту күтілуде.
Қазіргі таңда әлемде замануи техноло-гиялардың дамуына байланысты, қоғамда болып жатқан өзгерістерге сәйкес, сот жүйесінің қызметіне және де басқа мемлекеттік жүйелерге, құқық қорғау органдарында жаңа ақпараттық технологияларды енгізудің қажеттілігі туындады. Қазіргі таңда сот жүйесінде «сот кабинеті» жобасынан бөлек басқа да жобалар жүзеге асырылған,атап айтсақ, барлық сот процестері бейне бақылауға алынып отырады, сот отырысының болатын уақыты мен мекен-жайы телефоныңызға хат арқылы хабарлама ретінде жіберіледі, болашақта әрине басқа жобалардың қосылатынын айта кетсек қателеспейміз. Технологияларды енгізу және қолдану сот ісін жүргізуді оңайлатады, бюрократиялық кедергілерді жояды. Ал бұл азаматтардың уақыты мен қаражатын үнемдеуге септігін тигізеді, сот жүйесінің тұрғындар үшін барынша айқын және қолжетімді болуына мүмкіндік береді. Мемлекетімізде жасалып жатқан ізгі бастамалардың барлығы қарапайым халықтың қамы үшін қолға алынған шаралар. Заманауи электрондық қызмет сот төрелігінің ашықтығы мен қолжетімділігіне бағытталған.


Көкпекті аудандық сотының
бас маманы И.Құсманқызы

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Тамыз 2019 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 31  

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз