Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Тамыз айының 7 күні Көкпекті ауданында 36 пәтерлі үйдің жанындағы футбол алаңының маңынан бой көтерген саябақтың ашылу салтанаты өтті. Қоршауға алынып, іші-сырты әсемделген саябақта субұрқақ та орнатылған. Жастардың серуен құрып, тынығуына таптырмас орын болып табылатын саябақтың лентасын қиюға біршама халық жиналды.

Салтанатты іс-шара Қ.Алтынбаев атындағы мәдениет үйі әртістерінің қонақтарға тамаша шаттық сыйлап, сұлу ырғаққа құрылып, жүрекке жылы тиер ән шашуын арнауымен басталды. Келесі кезекте қуанышты оқиғамен құттықтау үшін аудан әкімінің орынбасары Марат Қапарұлына, аудандық маслихат хатшысы Талғат Сарманов, ауылдық округтің әкімі Қайрат Алғазинов, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Слямбек Насырбайұлы мен ауылдық ақсақалдар кеңесінің белсенді мүшесі Тілеухан Қайырхановқа сөз кезегі берілді.


Салтанатты түрде лента қию аудан әкімінің орынбасары Марат Қапарұлына және ауылдық ақсақалдар кеңесінің төрағасы Сайдрахим Файзуллинге бұйырды.
- Қайырлы күн, құрметті ақ сақалды аталар, ақ жаулықты әжелер! Сіздерді бүгінгі ел игілігі үшін, жастар үшін және әрбір тұрғын үшін салынып отырған осындай әдемі саябақтың ашылу рәсімімен аудан әкімінің атынан және өз атымнан шын жүректен құттықтаймын! Жастарға арналып салынып отырған демалыс орнының әрдайым осылай гүлдеп, әсемделіп тұруына барлықтарыңызды атсалысуға шақырамын. Қазіргі таңда ауданымызда аудан әкімінің бас-тамасымен біршама іс-шаралар жасалып жатыр. Аудан орталығында үлкен алаң ашылғалы отыр. Ол алаңның ашылу салтанатын 15 тамыз күні облыс басшысының келуіне орай белгілеп отырмыз. Бүгінгі мерекемен барлықтарыңызды құт-тықтаймын, қуанышты жаңалықтарымыз, игі бас-тамаларымыз көп болғай! - деді Марат Қапарұлы.
Лента қиылғаннан кейін жұрт субұрқақтың жанына суретке түсіп, мәз-мейрам болып тарқасты.
Алғазинов Қайрат, ауылдық округ әкімі:
- Құрметті жерлестер, құрметті ауылдас-тар! Бүгін міне ауылымызда бір таза орын, демалыс орны жастарға, үлкендерге жалпы баршамызға арналып салынып отыр. Көп жылдан бері осы жерді қалай қалпына келтіреміз, қалай гүлдендіреміз деген ой көкейімізден кетпей жүрген болатын. Енді бүгін «Ерғали» ЖШС компаниясымен, ауыл халқымен бірлесіп салынған осындай тамаша саябақтың ашылуына куә болып отырмыз. Бұл саябақтың келешектегі тазалығы, гүлдеп тұруы тек біздің ғана емес әрбір тұрғынның міндеті деп есептеймін. Өйткені ауыл тазалығы бірінші кезекте тұрғылықты халықтың қолында. Барлықтарыңызды бүгінгі қуанышпен құттықтаймын, Көкпектіміз көркейе берсін!
Қайырханов Тілеухан, ауылдық ақсақалдар кеңесінің белсенді мүшесі:
- Менің Көкпектіде тұрып жатқаныма 75 жыл болды. Сол 75 жылдың ішінде осындай көркем алаңды алғаш рет көріп отырмын. Өздеріңізге белгілі бұрындары бұл жердегі қоқыстан аяқ алып жүру мүмкін емес болатын. Қазір қарасақ ауасы тазарған керемет демалыс орнына айналды. Осындай игі іске бастаушы болып отырған аудан әкімі Асхат Сайдахметұлына осы орайда үлкен алғысымды айта кеткім келеді. Сол кісінің арақасында 75 жылдан бері жасалынбаған жұмыстар жасалып, Көкпектіміз адам танымастай өзгеріп келе жатыр. Орталықтан бой көтерген алаңға барсаңыздар музыкалық субұрқақ орнатылған, ол жерден сіздер міндетті түрде ерекше әсерлі көңіл-күй алып қайтасыздар. Осындай ауданның келбетіне көрік беріп тұратын орындар көп болсын дегім келеді. Көкпектіміз гүлдене берсін!

Айдын Тоқсанов

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Тамыз 2019 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 31  

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз