Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Қарағандыкөлдіктер 11 әріпті де тілдері шыға салысымен тастамай, мүдірмей ежелеп тұрып «Қарағандыкөл» деп   мақтанышпен атайды. 1967 жылы Қарағандыкөл кеңшары құрылды. Осы өткен жылдарда шаруашылықты басқарған азаматтар Зарықбай Жылқыбаев, Әбдеш      Жуасбаев,  Кенжехан Айжолов, Әйтім Доғанбеков, Қараменде Әкімжанов, Аманғали Мақұлбаев, Кәмелбек Қажыкеновтер болды. Бір өзінде үш ферма – Мамай, №2, №3 бөлімшелері, Шұбарши, Күйгенбаз қыстақтары, жайлауы сонау Тарғыбатайдың Елекесіне дейін кететін ірі шаруашылық неше мыңдаған ұрпаққа пана болып, қасиетті атамекен болған. 

Биыл 30-шы рет ұйымдастырылып отырған ауған соғысы құрбаны, жауынгерлік «Қызыл жұлдыз» орденінің иегері, жерлесіміз Разаков Нұрсұлтанды еске алу турнирі «Ауыл күні» мерекесіне ұласып, көғалды кең жазықта ұлан-асыр той болды. Еске алу мен турнирды 30 жыл бойы тоқтатпай өткізіп келе жатқан Болат Далабаев, Ерназ Исабаев, Қыдырбек Абетаев пен Қайрат Далабаев, өзі жауынгерлік «Қызыл жұлдыз» орденінің иегері, ауған соғысының батыры. Қаза тапқан жолдастарын еске алуда Аян Халиульдин мен Ерлан Жұмажанов та болды.


Той неден басталды десек, ауылға келген азаматтар зиарат басын тазартып, қисайғанын түзетіп жинаған екен. Бұдан соң Жұмагелді Бапанов деген азамат «Бапан шағырдай» тұлпармен атағы тараған Бапан атаның жомарттығындай іс жасап, қызмет атқарып «Қарағандыкөл ауылы» деп жазылған ауылға кіреберіс қақпа-дарбаза орнатты. Дарбазаны дәнекерлеген Ербол Темірбеков, Ербол Алтынбеков. Дарбазаның ашылу салтанатында үлкендер бата беріп, аналар шашу шашты. Ауылымыздың қариясы, ардақты аксакалымыз, жасы тоқсанға таяған – Айпқазы Ахметқалиұлы батасын беріп, жақсы тілектерін ұрпағына арнады. Заманында ауылымыздың атағын дүркіреткен еңбеккер ата-ағаларымыз Әзірхан Далабаев, Қайса Балшынов, Сайдақмет Сыздыков, Марат Темірбеков, ауылдық мешіт имамы Жұмабек Мейірманов, Кеңес Көшербаев пен Құмар Тогусов мереке қызығын көпшілікпен бірге тамашалады.
«Ауыл күні» мерекесіне қарағандыкөлдік ағайын елміздің түкпір-түпірінен -Талдықорғаннан Аманжол Қылыбаев бастап, Алматыдан Қайрат Матенов, Семейден Дүйсен Елюбаев, Қыдыр Абетаев, Секенай Абижанов, астанамыз Нұрсұлтан қаласынан кәсіпкер Серік Рахымжанов, Ертістің аржағындағы Предгорныйдан Альмира Құсманова, Өскеменнен Рамиль Қазақбаев, Шемонайхадан Талғат Тогусов немерелерін де ерте келген екен. «Ауылым алтын бесігім» - деп ат байлар елге келген Кұмархан Капанов, Бакытбек, Алтынбек Есенбердиндер, Нұрлан Адамовтар ел қызығын бірге бөлісіп, қисайған бір тал көдесін де түзертердей болды. Келгендердің барлығы да аңсаған ауылдарына деген сағыныштарымен бірге мешітке кілем, хатым түсіру дастарханының ыдыс-аяғы, дыбыс күшейткіш колоннасымен, шаң сорғыш әкелді. Ойындар мен бәйгенің жүлдесін, астың ауқатына дейін жеткізіпті. Алыстағы Алматыдан өзі келе алмаса да қомақты қаржы жолдап жатқан Ерлан Габбасов пен Германиядағы Эккекрт Александрдың азаматық істеріне ел риза болды. Мұнан басқа Қайырбек Жылқыбаев, Хасен Балшынов, Арқалық Матенов ауыл күні мерекесіне өз үлестерін қосып жатты.
Атақты волейболшылар Әдлет Такенов пен Досхан Мусин ала доптарын колда ойнатып, тіпті күреске де бел шешіп еніп кетіпті.
Той қызығын бастаған он және он бес шақырымдық бәйге басталған кезде көрерменнің ереуілді сүрені кең даланы жағыртты. Таңғы сағат алтылар мөлшерінде жауып өткен өткінші жаңбыр жердің шаңын әбден басыпты. 15 шақырымдық бәйгенің жүлдесін Қайрат Сарымсаковтың аты алды. Одан кейінгі жүлделер қарағандыкөлдіктер арасында бөлінді. Күрес, Волейбол мен футбол жарысы кезегімен өтіп жатты.
Ежелгі ата-баба салтымен көгалда дастархан жайылып, ас берілді. Асты басқарып жүрген Майра Қайырғазина, Әсима Қантаева, Күлтай апай мен Айман - Шолпан апайлар бір кесесін сылдырлатпай ақ пейілдерімен жұртты тәнті етті. Ас алдында ауылдың марқұмдарына арнап құран аударылып, хатым түсірілді. Кенжебек молданың қоңыр дауысы Қарағандыкөл аспанында асыл дініміздің көркем сөздерін әуелете қоңыраулатты. Ұйыған жамағат зор ықыласпен ниет қылып, бата жасасты. Ақсакалдар Жақыпжан Садуакасов, Кеңес Көшербаев пен Жұмабек Мейірманов та мереке қызығын елмен бірге бөлісті.
Осы бір ел мен жұртқа жаққан жақсы мерекенің лайықты өтуіне атсалысқан елағалары, тәжірибелі округ әкімдері Нұрбек Сулейменов, Қайрат Ахметкалиев, Ержан Мазыбаев, ауылдары аралас бір туған елдің баласы болғасын, бір кісідей бірлесе атқарып, мерекеге тігілген соңғы үйдің басқұры тарқатылғанша тік түрегеліп қызмет етті. Ұйымдастыру жұмыстарын басқарған Ермек Нұрланның командасының қызметінде ақау болмады.
Түстен кейін басталған Көкпар тартысы атқа да, атқа мінген азаматқа да сын болды. Аспан айналып жерге түсер шыжыған ыстықта көкке бұлт үйіріліп, көлеңке көпке түсіп тұрды. Аракідік ақжауын сіркіреп те тұрды. Қазақтың «Нағыз ерлер ғана көкпар тартар» деген сөзінің дәлелдемесін Көкжотадан келген Канат Биқатов бастаған бахадүрлер көрсетті. Қанат батыр мен Бейбіт бахадүр, команданың көк жасынындай Дарын Дарханұлы 60 қадақтық қара серкені қаңбақша ойнатты. Бұларға төтеп беріп, салымдарын салып-салып жіберген тассайлық Арман Ізғұтты мен жас көкжал Тассайдың Дидарына тең келер адам шамалы болды. Көкпардағы егде тартқан додашылар көкжайыктық Жұмағазы ақсақал мен қарғандыкөлдік Кайрат Кәрімбаевтар тартыс көрігін басып, басып жіберді. Мамайлық көкпаршылардың қарасы 20-30-дан асты. Іштерінде Арнұр Сләмбекұлы алтын тудай жарқылдап салмағы 4 пұттық серкені қақпақылша ойнатты. Жаппай тартыста қара серке көкпар болып Тассай ауылына кетті.
Тойы тойға ұласқан қарағандыкөлдіктер ас ішіп, аяқ босатқан жоқ. Атқарылған тағлымды істер көңіл куантады: жол бойына дарбаза – қақпа нық тұрып, ауыл атауын айғақтады. Мешіт керегіне алынған дүние уқытында жетекізілген сеп болды. Аруақтарымыз жатқан қабырстан тазаланып, жөнделді. Шалғай ауылда жатқан еліміздің еңсесі тіктеліп, азаматтарына сеніп, ұрпағының саналы тірлігіне мақтанды. Келешек жас өркеннің ата-баба ғұрпын ұмытпай, салтын сақтайтынына сенді.



Қайрат МАЛҒАЖДАРОВ

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Тамыз 2019 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 31  

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз