Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Балалар үшін жазғы демалысты көңілді өткізудің бір түрі - лагерьге бару. Бұл жай ғана демалыс орны емес, нағыз шытырман оқиғаларға толы қызықты мекен. Лагерьдегі жазғы демалыс жаңа достарға, спорттық жарыстарға және көңілді ойындарға толы болады. Сонымен қатар, лагерьде балалар өз бетінше әрекет жасауға икемделеді. Бұл өмірдің өзіндік мектебі, онда балалар жаңа қоғамға бейімделуге дағдыланады, қарым-қатынас жасауға үйренеді және белгілі бір тәжірибе жинақтайды. 

 

Жазғы демалыста уақыт өткізу үшін лагерь таңдау жыл сайын күрделі болып келеді және бұл үшін маңызды себептер де бар. Біріншіден, басшылар лагерьлердің үй-жайларын және оларға іргелес жатқан аумақтарды жайғастыруға жауапкершілікпен қарайды, балалардың жас ерешеліктерімен мен қажеттіліктерін ескере отырып, жағдай жасайды, балалардың қызықты әрі жан-жақты демалысын дайындауға көңіл бөледі. Екіншіден, жаз айларында балалар демалысын ұйымдастыру аудан әкімдігінің ерекше бақылауында. Ай сайын лагерьлерде белгіленген талаптарға сәйкес еместерді және жұмыстағы құқық бұзушылықтарды анықтау мақсатында облыстық және аудандық деңгейдегі арнайы комиссияларға қатысады. Өткен жылы жазғы маусым басталғанға дейін аудан әкімі Асхат Сайдахметұлы арнайы балалар демалыс орындарына барып, олардың басшыларына бірқатар тапсырмалар берді. Биылғы маусымға берілген тапсырмалардың барлығы орындалып, жүзеге асқан.
Аудандық білім бөлімінің әдіскері Дулат Тұрлыбековтың басшылығымен біз ауданда жұмыс істейтін екі спорттық-сауықтыру лагеріне бардық. Сапардың мақсаты - аталмыш демалыс орындарын, демалушы балаларға жасалған дағдайды өз көзімізбен көріп қайту.
Лагерь құрылымы, ұйымдастыру және тәрбие штабы бойынша бірдей деңгейде, оларда әр түрлі жастағы балалардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру қамтамасыз етіледі. Ең алдымен 2012 жылдан бастап қызмет ететін "Балауса – Көкпекті 2" ойын-сауық лагеріне ат басын тіредік. Өткен жылдан бастап оны Гаухар Жолдыбайқызы Бектасынова басқарады. Қазіргі уақытта 40 баланың жазғы демалысын қамтамасыз еткен үшінші маусым аяқталыпты.
Лагерь ішіндегі өмір нақты белгіленген тәртіпке бағынады: таңғы сегізде ояну, он жарымда ұйықтау. Таң күні бойы сергектік сезімін беретін жаттығудан басталады. Лагерьде бес уақыт тамақтандыру тәртібі енгізілген. Ас мәзіріне күн сайын көкөніс салаттары, жемістер, ыстық тамақтар, сүт және айран кіреді. Күндізгі және кешкі іс-шаралар маусымның тақырыптық бағдарламалық қамтамасыз етуіне сәйкес өткізіледі, ал әр мерекелік кеш би кешімен аяқталады.
Лагерьдегі балалардың айналысатын сүйікті істерінің бірі - суға шомылу. Өйткені, ыстық күні сергіткіш, салқын суға шомылып, жүзу өте жақсы әсер қалдырады. Ертіс жағасына шығу кезінде балаларды қадағалау үшін жүзу бойынша тәжірибелі нұсқаушылар тағайындалған. Лагерь аумағында шомылуға арналған қоршаулар терең және қауіпті орындарда жүзуге жол бермеу үшін жасалған.

Наргиз Закирова, Преображенка орта мектебі:
- Мен бұл лагерьде алғаш рет емеспін. Мұнда уақыт қызықты және көңілді өтеді. Тәлімгерлер бізге қайырымдылықпен және қамқорлықпен қарайды. Олардың арқасында біз көптеген жаңалықтарды біліп, пайдалы дағдыларды аламыз. Мұнда араласатын көптеген жаңа достар таптым. Бұрынғы бірге келген балалармен әлі де сөйлесіп тұрамыз. Тіпті бірге келуге де тырысамыз. Ұялы байланыс желісінің болмауы бізді алаңдатпайды,өйткені біз мұнда телефон туралы мүлде ұмытып та кетеміз.

Амангелді Қапез, Үлкенбөкен мектеп-балабақша кешені:
- Мұнда менің үшінші жыл келуім. Балалар көңілді, белсенді, олармен бірге ішім пыспайды. Мұнда өте жағымды атмосфера, бұл үшін біздің тәлімгеріміз Фархат ағаға үлкен алғыс білдіремін. Шомылуға мүмкіндігінше жиі барамыз. Ауа-райы қолайсыз жаңбыр жауып, жел соғып тұрса да, бұл жерде күн сайын қызықты іс-шаралар өтеді. Оларға қатысып тұруға тырысамын, ал кешкі уақытта біз үшін би кештері ұйымдастырылады.
Барлық тәлімгерлерде үлкен жұмыс тәжірибесі мен шеберлік бар. Олар балалар үшін спорттық, мәдени ойын-сауық және зияткерлік іс-шараларды үйлестіретін қызықты бағдарлама ойлап табады. Балалардың тілектері де назардан тыс қалмайды. Мысалы, бүгін лагерьде "Экология күні" атты тақырыптық шара өтті.
"Балауса – Көкпекті 3" атты лагерьді Алмагүл Айтанқызы Айдарғазина бас-қарады. Мұнда аула гүлдермен және жасыл желектермен көмкерілген. Онда спорт ойындары үшін де, күркелер үшін де, кішігірім сахна үшін де орын қарастырылған.
- Бізде тәжірибелі қызметкерлер штаты бар,- дейді аға тәлімгер Самал Мырзабаева. Оған үш тәлімгер, екі тәрбиеші, музыкалық жетекші, жүзу бойынша нұсқаушы, дене шынықтыру жетекшісі және міндетті түрде білікті медицина қызметкері кіреді. Сонымен қатар, кәсіби аспаздар, ыдыс жуушы, қызмет көрсетушілер мен күзетшілер жұмыс істейді. Бұл лагерь бұрынғы мектеп ғимараты, мектеп жабылғаннан кейін бөлме қайта жабдықталып, 2012 жылдан бастап спорттық-сауықтыру лагері ретінде жұмыс істей бастады.
Дәліз бойынша ішке өтіп, таза және жайлы ғимаратта біз балаларға арналған бөлмелерге кіріп көрдік. Лагерьде ұлдар және қыздар бөлмесі, әр бөлмеде он бала ұйықтайтын орын бар. Балаларға ыңғайлы болу үшін киімдерді сақтауға арналған шкафтар мен жеке керек-жарақтарға арналған тартпалар қойылған. Ал бөлмелерге балалардың тыныштығыы мен тәртібін қадағалайтын командир тағайындайылып, кезекшілік кестесі жасалған. Лагерьде спорттық құрал-жабдықтары, үлкен спорт залы, жазғы күркелер, ойын алаңы бар. Балалар көңілді уақыт өткізу үшін ойын бөлмесі жұмыс істейді, онда әр бала өзіне жан-тәні қалаған іспен айналыса алады. Бала-лардың ой-өрісін кеңейту және білім қорын толықтыру үшін әрдайым ноу-тбуктерге және арнайы таңдалған екі тілде жазылған әдебиетке қол жет-кізе алады. Қонақ бөлмесінде үстел теннисіне арналған үстел қойылған, ол жерде балалар күнде шеберлік сынасады.
Тәлімгерлер балалар үшін киелі және тарихи орындар бойынша экскурсиялар ұйымдастырылатынын айтты. Мысалы, балалар Маяк жартасына, Московка жартасына, Фаргеров баққа және т.б. барды. Балалардың да, тәлімгерлердің де көңілінен шықпайтын жалғыз жағдай - лагерьдің жанында өзеннің болмауы. Бұл мәселені ішінара шешу үшін, бір маусымда 4 рет тәлімгерлер өз қамқорлығындағыларымен бірге "Көкпекті-Балауса 2" аумағындағы жабдықталған жағажайға аттанады.

Гүлназ Айдынова, Көкпекті орта мектебі:
- Маған бұл жерде уақыт өткізген өте ұнайды, екінші рет келіп отырмын. Менде көңілді және бірге ойнайтын жаңа дос-тар пайда болды. Бұл жердің тамақтары өте дәмді, маған барлығы ұнады. Біз суға түсіп, тауларға саяхат жасаймыз.
Балалардың сөздерінің шынайылығына көз жеткізу үшін олардың жанып тұрған отты көзіне қарап немесе лагерьге қоңырау шалып, күлімдеген дауыстарын тыңдау жеткілікті. 5 маусым бойы мұнда барлық ауданнан, облыстан, тіпті рес-публикадан балалар демалуға келеді. Толық емес, аз қамтылған отбасыларынан шыққан балалар мен жетім балалар жыл сайын жазғы демалыстардың бір бөлігін лагерьде өткізуге және көптеген жаңа әсерлер мен жағымды эмоциялар алуға мүмкіндік алады. Жас құрамы үшінші сынып оқушыларынан бастап, оныншы сынып оқушыларына дейін қамтылған. Балалар демалысын қаржыландыруды "Жаппай оқыту" қоры қамтамасыз етеді. Сондай-ақ ата-аналардың материалдық қаражаты есебінен ақылы негізде де демалыс қарастырылған. Басшылардың айтуынша, әр маусымда көптеген өтініштер келіп түседі, олардың бір бөлігі қайталанады. Бұл балалардың мұнда демалуды ұнататынын және олар қайтадан оралғысы келетінін көрсетеді.
Сондай-ақ, Көкпекті ауданында мектеп жанындағы лагерьлер жұмыс істейді. Аудандық білім бөлімінің әдіскерінің айтуынша, 28 мамыр мен 25 маусым аралығында аудан бойынша 30 мектеп жанындағы лагерьлерде 1635 бала демалды. Олардың барлығы ыстық тамақпен қамтамасыз етілді. Катонқарағай ауданында орналасқан "Арайлы Шығыс" сауықтыру лагерінде 10 бала демалды. Тағы 15 бала ағымдағы жылдың соңына дейін барады. Қасиетті орындарға аудан бойынша 1261оқушы сапар шекті. 933 бала облыстық маңызы бар қасиетті мекендерге барды.

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Шілде 2019 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
30 31        

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз