Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

09 Шілде 2019

КӨКЖАЙЫҚТЫҢ КЕЛЕШЕГІ КЕМЕЛ

Аудан әкімі Асхат Смаилов ауданның ең шалғайында орналасқан  Үлгілімалшы ауылдық округінде болды.  Округтегі 4 елдімекенде 1174 адам тұрып жатыр. Олардың ішінде 29 жасқа дейінгі 180 жастың, тек қана 4 жұмыссыз екен. 12 көпбалалы  ананың біреуі ғана жұмысқа шығуға қолы тиеді екен. Округ бойынша санитарлық-фельшерлік пункт,  2 орта мектеп жұмыс істеп тұр. Үлгілімашылықтардың әл ауқатының күннен-күнге өсуі қорасындағы  сиырдың өрісіндегі  қойбасының, жайылымдағы жылқысының ен жайлауда, еркін мамырлап қорлануда емес пе. 

Аудан әкімі А.С.Смаилов округтегі байырғы оқу орын-дарының бірі Абай атындағы орта мектептің жөндеу жұмыс-тарымен танысты. Мектеп ғимараты ХХ-шы ғасырдың 70-ші жылдары салынған екен. 90 жылдардың тоқырауы мен ыдырауынан аман калса да, қазіргі күні білімі мен біліктілігі асып тұрса да, ғимарат күннен күнге тозып бара жатқан соң, 2018 жылы 86 миллион теңге қаржыға төбесі жөнделді. Бүгінгі күні мектептің сынып бөлмелерінің қабырғалары мен төбелері әрленіп ақталуда екен. Сонымен қатар мектептің терезесінің орнасы ауыстылып, қайтадан пластик терезелер қойылады екен. Білім ошағының келіскен келбеті ауыл сәнін де кіргізері анық.

Read more

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Шілде 2019 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
1 2 3 4 5 6 7
8 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31        

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз