Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Наурыз айының 25-28 аралығында Нұр-Сұлтан қаласында XIII Халықаралық «Ақ көгершін» атты фестиваль-конкурсы өткен болатын. Көктемгі каникуль кезінде ұйымдастырылған халықаралық конкурсқа Көкпекті ауданының атынан балалар өнер мектебінің оқушылары қатысып жүлделі орындарға ие болып қайтты. Аталмыш фестиваль-конкурс жастар жылы аясында жергілікті әкімдіктің, қалалық білім басқармасының және «Жастар» сарайының қолдауымен өтті.

Байқауға Атырау, Қостанай, Қызылорда, Шымкент, Екібастұз, Арқалық, Нұр - Сұлтан, Алматы қалаларынан, сондай-ақ Челябинск, Новосибирск, Астрахань қалаларынан жас таланттар қатысты. Шығыс Қазақстан облысынан тек Көкпекті ауданы болыпты. Халықаралық конкурсқа қатысқан би топтары бұған дейін де бірнеше аудандық, қалалық және облыстық би додаларында жеңіс тұғырынан көрініп келеді. Ал елордада өткен «Ақ көгершін» XIII Халықаралық конкурс –фестивалінде балғындар жүлделі орындардан көрініп, жетекшілерінің үмітін ақтады.


Аудандық балалар өнер мектебінің мәліметіне сәйкес хореография атылымы бойынша «Жұлдыз-ай» би тобы (жетекшісі: З.Оразаева) диплом және медальмен, «Көркем» би тобы (жетекшісі: Б.Маутбекова) III дәрежелі дипломант атанып, медаль және дипломмен марапатталды.
Вокал аталымында: Аида Жеңісова, Айбибі Фархатқызы дуэті III дәрежелі Дипломант, Аяжан Кайнуллаева III дәрежелі лауреат атанып, дипломға және кубокқа ие болды (жетекшісі: З.Тұрлыбаева).
Айзере Ізғұтты, Інжу Маутбекова, Дильназ Ахметова III дәрежелі дипломант атанып, медальмен және дипломмен марапатталды. (жетекшісі: А.Бопабаева). Ал, Арман Оразкен мен Данияр Оразханов III дәрежелі Лауреат атанып, диплом және медальмен марапатталды. (жетекшісі А.Есполова)
Би ұжымдары өзінің және балалардың ата-аналары атынан аудан әкімі Асхат Сайдахметұлы Смаиловқа және демеушілік көмек көрсеткен Р.Әмренов, Ж.Күшікпаев, Қ.Алғазин, Б.Оразғалиева, Д.Қойгельдин, Ә.Рақымбаева, А.Кагарманова, А.Мұқашева, Н.Мүрсалимова, Қ.Жүніспеков, А.Қаликов, Г.Колиловтарға үлкен алғыс білдіреді. Барлық қатысушыларға сыйлықтар берілсе, жетекшілерге «Үздік ұстаз» деген дипломдар табысталды. Жас өрендерді бас-тап апарған топ жетекшілеріне түрлі биік белес-тер мен асуларды бағындырып ауданымыздың абыройын асқақтатып, елдің мақтанышына айналуларына тілектеспіз.
Динара Қизатова, Айбибі Фархатқызының анасы: - Айбибі кішкентай кезінен әнге әуес, өлең шығаруға қабілеті де бар. Өнерге деген қабілеті нағашы жұртынан дарыған. Нағашы апайы ән айтуға көп баулып, тәрбиелеген. Бүгінде Айбибиге вокал жағынан балалар өнер мектебінің мұғалімі Зүлфия Сәкенқызы жетекшілік етіп жүр. Айбибінің арманы биік, ол болашақта өнердің үлкен сахнасынан көрінгісі келеді. Қазақ әндерімен бірге ағылшын, орыс тілдерінде ән айтуға дағдыланып жүр. Ол өнерді биік қояды, өнерге уақытын көп бөледі. Қазіргі күнде хореограф Нарқыз Оспанованың жетекшілімен би үйірмесіне қатысып жүр. Ауданның атынан бірнеше рет аудандық, облыстық ән байқауларына қатысып жүлделі орындар алып жүр. Алдағы уақытта да Шығыс Қазақстан облысының ауданымыздың намысын қорғайды деп сенемін.

Шолпан АСЫЛБЕКҚЫЗЫ

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Сәуір 2019 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
1 2 3 4 5 6 7
9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30          

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз