Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

«Көкпекті ауданының арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі 2009 жылдың қараша айында құрылды.
Қазіргі уақытта мекемеде 216 қызмет алушыға үйде әлеуметтік көмек көрсетіледі, оның ішінде жалғызбасты қарттарға және мүгедектерге әлеуметтік көмек көрсету бөлімшесімен 145 жалғызбасты қарттар мен мүгедектерге, мүмкіншіліктері шектеулі балаларға және 18 жастан асқан тұлғаларға үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшесімен 65 қызмет алушыға үйде әлеуметтік көмек көрсетіледі. Күндізге келу бөлімшесінде мүмкіншіліктері шектеулі 16 бала бар. Оңалту шаралары бекітілген кестеге сәйкес сағат 09.00-дан 13.00 дейін жүргізіледі. Қызмет алушыларды Орталыққа және үйлеріне жеткізу мейіргер және тәрбиешінің қарауында «Газель» автокөлігімен жүзеге асырылады.


Мекеменің қызметкерлерімен және қызмет алушыларымен бірлесе отырып, мерекелік іс-шаралар, концерттік бағдарламалар ұйым-дастырылып отырады.
Біз барғанда мекемедегі балалар сыртқа шығып қармен алысып ойнай алматын болған соң. Қыс келбетін қолдарымен рәсімдеп жатыр екен. Суретшілер қыс суретін бояумен салса, кейбір балалар ақшақарды ақ мамықтан тігіп жасап отыр екен. Балалардың қысты бейнелеуге ынталары зор. Тіпті қыс туралы тақпақ айтып, ән де салып қояды.
Мекеме басшысы Райхангүл Баймолдинаның айтуынша «Ағымдағы жылда күндізге келу бөлімшесінің қызмет алушыларын тамақ-тандыруды ұйымдастыру жоспарлануда. Сонымен қатар, бюджеттік мекеменің қауқарына қарай жөндеу жұмыстарын жүргізсек те, біз ауданымыздың кәсіпкерлеріне ғимаратты қоршауға, аула ішіндегі соқпақтарға тас төсеуге, жолдың ғимаратқа апаратын бөлшегін жөндеуге демеушілік көмек көрсету жөнінде хат жолданған екен».
Ауданымыздың кәсіпкерлері аталған игі істерде шетте қалмай мүмкіндігінше көмек көрсетеді деп үміттенеміз.

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Қаңтар 2019 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
29 30 31      

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз