Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

«Әдебиет – ұлт жаны» атты көптеген оқулықтардың авторымен кездесу кеші өтті. Кешіміздің қонақтары Айман Советқызы Ақтанова Шәкәрім университетінің қазақ әдебиеті кафедрасының профессоры, филология ғылымдарының кандидаты,Д.Бабатайұлы атындағы ақындар мектебінің директоры және майор Қуаныш Екібасов М.Әуезов атындағы педагогикалық колледжінің алғашқы әскери дайындық мұғалімі.

Кездесу барысында жаңартылған білім беру мазмұны аясында оқу бағдарламасының ерекшеліктері, оқулықтардың тұжырымдамасы және олардың құрылымы мен мазмұны, оқу-әдістемелік кешендер бойынша ұйымдастырылған талдау жұмыстарын көрсетті. Кештің шымылдығын «Тәуелсіздік жолында» атты желтоқсанның қанды оқиғасы Қайрат Рысқұлбековтың ақтық сөзімен басталды. Сондай-ақ мектеп оқушыларының орындауында «Атамекен» патриоттық әні, мектебіміздің түлегі Дулат Манарбековтың орындауында «Айттым сәлем Қаламқас», «Город мой» әні, Рая Насивханның «Ғасыр әлдиі» термесімен жалғасты. Кездесу кешіміздің соңында ұстаздар қауымы сертификаттармен марапатталды. Мектеп кітапханасына 4 томдық «Алаш» кітаптары сыйға тартылды.

А.Нұрғазина, Р.Көбелдесова
Үлкенбөкен мектеп – балабақша кешені
Қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімдері

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Желтоқсан 2018 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 27 28 29 30
31            

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз