Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

12 Желтоқсан 2018

ӨСКЕМЕН ТҰРҒЫНДАРЫН МОЛ ӘРІ АРЗАН ӨНІММЕН ҚУАНТТЫ

Тұңғыш Президент күні мерекесінде Көкпекті ауданы облыс орталығында ауыл шаруашылық өнімдері жәрмең-кесін өткізді. Бұл күні Көкпекті ауданының жәрмеңкесінде саудаланған өнімдердің бағасы базарға қарағанда біршама арзан әрі қолжетімді бағада болды.
Мерекелік жәрмеңкеге 17 ауылдық округ өкілдерімен бірге кәсіпкерлер де белсенді атсалысты. Ауа-райының қолайсыздығына қарамастан қалалықтар жәрмеңкеге ерте ағылды. Көкпектіден табиғи таза әрі арзан бағамен өнім келеді деп естіген өскемендіктер әдеттегідей «Fresh Market» сауда кешенінің аумағына көптеп келіп жатты.

Read more

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Желтоқсан 2018 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30
31            

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз