Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Самар ауылдық округінің жастары бастамасымен ауылдағы білім беру мекемелері арасындағы «Біз ЖҚБТ-ға, нашақорлыққа, маскүнемдікке қарсымыз» атты сурет салу байқауы өтті. Байқаудың басты мақсаты нашақорлықтың - ғасыр дерті екендігін, нашалық заттардың адам өміріне аса қауіптілігін ұғындыра отырып алдын алу, саналы да салауатты өмір сүруге тәрбиелеу болып табылады.


Ауылымыздағы білім ордаларының оқушыларынан осы тақырыпта салынған барлығы 45 сурет, 29 желтоқсан күні «Самар агро-техникалық» колледжінде өткен көрмеге қойылды. Осы көрмедегі суреттерге баға беру үшін арнайы құрылған әділқазылар алқасы үздік деп танылған суреттерге өз бағаларын берді. Суреттердің ішінен үздік шыққан туындылар : «Дәншік» балабақшасынан Ксения Гельмерт, Мадина Дузбаева, «Ромашка», «Айгөлек», «Құлыншақ», «Қарлығаш» топтарының бүлдіршіндері салған суреттер, №1 Самар орта мектебінен Александра Колесникова 8 «а» сынып, Виктория Филатова, 9 «б» сынып, Юлия Болде, 8 «б» сынып Кристина Прокопьева, Антанида Дуборина 5 «б» сынып, Виталина Степанова 5 «а» сынып және 11 сынып оқушыларының суреттері, «Самар бастауыш мектебінің» 4 «в» сынып оқушылары Ислана Сармурзакова, Карина Ермаленко, Марина Ермаленко, Дилназ Оразумбетова салған туындылар үздік деп танылды.
Орын алған қатысушыларға ауылдық округі әкімінің атынан арнайы алғыс хаттармен мадақтау қағаздары табыс етілді.


Самар балалар өнер мектебінің ақпараты

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Желтоқсан 2018 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30
31            

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз