Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Бүгінгі күн тәртібіне қойылған ең өзекті, тағдыр шешті мәселенің бірі – қазақ тілін латын әліпбиіне көшіру. Көкпекті ауданы мемлекеттік және басқа тілдерді оқыту орталығының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 19 ақпанындағы № 637 Жарлығына және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2018 жылғы 13 наурыздағы №27 өкімімен бекітілген «Қазақ тілі әліпбиін латын графикасына 2025 жылға дейін кезең-кезеңімен көшіру жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес республика бойынша жалпыхалықтық диктант өткізілді.

 

Ж.Шайжүнісов атындағы орта мектепте өткен бұл шарада мемлекеттік қызметкерлер, бөлім басшылары, ауыл әкімдері аудандағы білім ордаларының ұстаздары, балабақша меңгерушілері, мектеп оқушылары қатысып жалпыхалықтық диктант жазды.

- Өткізіліп отырған іс-шараның негізгі мақсаты латын әліпбиіне көз үйрету, қол жаттықтыру болып табылады. Мемлекеттік қызметкерлер халықпен тікелей жұмыс істейтін азаматтар болғандықтан латын әліпбиін олардың бірінші кезекте меңгеруі маңызды, - деді мемлекеттік және басқа тілдерді оқыту орталығының директоры Балжан Нұржанқызы Үмітқажиева.

Бүгін қолдарына қалам алып, алғаш рет латын әліпбиінде диктант жазған-дардың арасында жастар да, орта жастан асқандар да бар. Олар үшін бірден жазып кету қиын болғанымен, жаңа графиканың өзіндік жеңіл тұстары да бар, - дейді қатысушылар.

Мақпал Кушанова, Биғаш ауылдық округінің бас маманы:

- Латын әліпбиіне көшу мәселесін қолдаймын. Өйткені, бұл біз үшін жаңа бетбұрыс болғалы тұр. Бүгінгі акцияға қатысу арқылы жаңаша жазу тәсіліне өтуге алғышарт жасадық деп ойлаймын.

Қазбек Қасымов Қ.Аухадиев атын-дағы округтің, бас маманы және Асылбек Сақышев, Теректі ауылдық округінің жастар саясатының маманы:

- Біз осы арқылы дамыған отыз елдің қатарына қосылып, технология тілінде сөйлейтін боламыз. Сонымен қатар, латын ғарпі бауырлас түркі тілдес халықтарды да өзара жақындастырады.

Латын графикасына негізделген қазақ әліпбиін жұртшылыққа насихаттау мақсатындағы жиындар алдағы уақытта да жалғасын табады. Түйіндей айтсақ, мемлекеттік және басқа тілдерді оқыту орталығының алдында бірігіп еңсеруді қажет ететін жоспарлы жұмыстар бар. Іске сәт дейміз!

КЛАРА ҚАЙЫПЖАНҚЫЗЫ

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Қараша 2018 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30    

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз