Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Кітапты іздеп жүріп оқитын кездер тарихта қалып, орнын ғаламтор билеген заманда, халықтың кітап оқуға ынтасын арттыруға жаңа әдіс – тәсілдер мен заманауи көзқарас қажет.
Аудандық кітапхана қызметкерлері нағыз білім қайнарының мәртебесін қайтару мақсатында жылжымалы кітапхана қызметін қарқынды түрде жүргізіп отыр. Кітапханашылар әр мекемелерге, зейнеткерлер мен Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің үйлеріне барып, жаңадан түскен кітаптармен таныстырып, өзіне ұнаған кітаптарын жаздыртып алуға мүмкіндік береді. Жылжымалы кітапхана кітапханаға келуге мүмкіндігі жоқ оқырмандарды сұранысы бойынша кітаппен қамтамасыз етеді. Кітапханашылар оқырмандарымен тығыз қарым – қатынаста жұмыс жасайды, әр айда уақытылы кітаптарды апарып алмастырады.


Егер де сіз кітапханаға келмесеңіз, онда кітапхана сізге барады деген мақсатта бүгін Ұлы Отан соғысының ардагері Петр Цепковтың шаңырағына барып ардагердің қалауы бойынша Қасым Аманжоловтың өлеңдер жинағын, Әбдіжәміл Нүрпейісовтың «Қан мен тер» романының орысша аудармаларын апардық. Зейнеткер 100 жасқа таяған Бағила Тыныбаева апамызға да республикалық журналдар мен «Абай жолы» роман-эпопеясын сұранысы бойынша апарып бердік. Бұл іс-шара кітапханаға оқырман тартудың ең тиімді әдісі болады. Кітапханашылар жаз кезінде саябақтар мен гүлзарларды, әрбір үйді аралап оқырмандарға кітап таратты.
Отбасындағы оқырмандарды аралау барысында «Нұр Отан» партиясының мүшесі Қайрат Малғаждаров, Көкпекті аудандық кітапханасының оқырмандар залының кітапханашысы Светлана Чернова және аудандағы тәжірибелі кітапханашы, аудандық кітапхананың директоры Айтжамал Ибраева болды.

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Қаңтар 2019 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
  1 2 3 4 5 6
7 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31      

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз