Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Тәуелсіздіктің ширек ғасырлық мерекесі жылы білім саласына, соның ішінде ел келешегінің негізін қалайтын ауыл мектептеріне тосын жаңалықтар енгізуімен ерекшеленуде. Мәселен, жаңа оқу жылында аудан орталығындағы іргелі білім ошағы Көкпекті орта мектебінің базасында ер балаларды әскери бағытта оқытып тәрбиелеу мақсатын көздейтін кадет сыныбы ашылғаны көкпектіліктер үшін қуанышты жаңалық. Бұл туралы анығын білу үшін аталмыш мектепте 40 жылға жуық өмірін ұрпақ тәрбиесіне арнап, ұстаздық етіп жүрген АӘД пән мұғалімі Рахимов Бекболат Ешмұхаметұлымен әңгімелескен едік.
- Бекболат Ешмұхаметұлы, осындай игі істің басталуына негіз болған не?
- Көкпекті мектебінде кадет сыныбының ашылуы бекер емес. Олай дейтінім, мектебімізде ашылғанына 15 жыл болған «Л.Фахрутдинов атындағы әскери-спорттық клуб» өз жұмысының жоғары нәтижесін көрсетті. Патриоттық клуб соңғы 8 жыл қатарынан республика, облыс көлеміндегі жарыстарда бірінші орын алуда. Ағымдағы жылдың 27 шілде – 6 тамызы аралығында Облыстық «Ұлан» әскери-патриоттық және азаматтық тәрбие орталығының ұйымдастыруымен

Толығырақ...

Алғашқы қоңырау күні оқушылар сапқа тұрғызылып, мектеп директорына дене тәрбиесі пән мұғалімі Б.Байжұманов рапорт берді. Мерекені мектеп тәлімгері Ж.Байтұнова жүргізді. Салтанатты жиынға барлық ұстаздар қауымы, ата-аналар қатысты. Білім ордасына биыл 141 оқушы қадам басты. 1 сынып оқушыларын салтанатты түрде қарсы алғаннан кейін, Мемлекеттік туды 11 сынып оқушылары Мұхамет Қизатов, Толғанай Залитанова, Зарина Бекмұхамбетова енгізіп, Мемлекеттік Әнұран айтылды.
Салтанатты жиынның ашылу рәсімін мектеп директоры құттықтау сөз арнап, оқушылардың, ұстаздардың жетістіктеріне тоқтала келе, мектептің жаңа оқу жылына толықтай дайын екенін айтты. Ал, оқу ісінің меңгерушісі Г.Смағұлова мектеп бұйрығымен таныстырып, «Мектепке жол» жалпы республикалық қайырымдылық акциясы да тілге тиек етті. Аталмыш акция аясында аз қамтылған, көп балалы және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға қолдау көрсету және оларға толықтай білім алуға жағдай жасау үшін жалпы оқыту қоры есебінен 13 оқушыға 100 000 теңгенің материалдық көмегі берілді.

Толығырақ...

Бастаушы ауылында ақылман қария-лардың бағасы өте жоғары. Ауылдың қариялары өз тентектерін тезге салып, бұрысы болса түзеп, жағдайы болмаса қол ұшын беріп, демеп жіберуге әзір тұрады. Сондықтан да жастары ибалы, қарттарын қашанда сыйлап тұрады. Осы ауылдың келіндеріне де қызығамыз. Әрине, бүкіл ауыл сын көзбен қарап отырса, қандай асау келін болса да, маңайына қарап түзеледі. Ал сол келіндерді, болашақ бір шаңыраққа баратын өз қыздарын ауыл болып тәрбиелейді. Олай деуге себеп те бар. Бұл ауылда әжелер, келіндер және қыздар клубы жұмыс істейді. Бұл клубтар мектеппен тығыз байланыс орнатқан. Ал барлығының басында осы ауылда, тіпті аудан көлемінде ең алғашқы әжелер клубын құрған, «Асыл мұраның» жетекшісі Жәнипа Сләмбайқызы Қожамбетова тұр. Тамылжыған та-мыздың алғашқы күн-дерінде білімімен ғана емес, өнегелі өмірімен де үйретері көп байырғы ұстаз сексен жасқа толады.

Толығырақ...

Әне, міне дегенше үш ай жаздың қалай өткенін де байқамай қалыппыз. Енді аз күнде мұғалімдердің дәстүрлі Тамыз мәслихаты өтеді. Оның ар жағында жаңа оқу жылы да босағадан сығалап тұр. Қазірдің өзінде республикадағы барлық білім ошақтарында жаңа оқу жылына дайындық қызу жүріп жатқаны айтпаса да түсінікті. Осы орайда, Көкпекті ауданының білім беру және денешықтыру, спорт бөлімінен ақпарат алған едік.

Толығырақ...

«Туған жерге туың тік» дейді халық даналығы. Осы сөзді құп алған Преображенка орта мектебінің 2014 жылғы түлегі Назерке Үсенғазина дипломын алып, туған ауылына жас маман болып оралды. Ол М.Әуезов атындағы педагогикалық колледжінде «Кітапхана ісі» мамандығы бойынша білім алып, биылғы жылы оқуын тәмамдап, Қ.Аухадиев атындағы ауылдық округ кітапханасына жұмысқа орналасты. Өз ісіне кірісіп кеткен Назерке қызмет жолын алтын бесік - туған жерінен бастағанына дән риза екенін жеткізді.

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Сәуір 2024 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30          

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз